Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет13/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Дыбысжазу қалай пайда болды деген сауалға көптеген 
болжамдар мен көзқарастар бар. Олардың ішіндегі ортақ пікір 
логографиялық жазудағы абстракті таңбалар деректі зат сурет-
терінен шықты дегенге саяды. Бұған жазу тарихына қатысты 
еңбектерде келтірілген түрлі деректер айғақ бола алады. 
Дегенмен бүгінгі эпиграфикада суреттен графикалық бірлік-
терге қарай даму сатысын көрсететін бірде-бір еңбек жоқ екені 
өкінішті.
Ғалымдарды дыбысжазу неге ең алғаш батыс семит 
халықтарында пайда болды; жазудың арғы негізі қайсы – ас-
сир-вавилон ба, әлде египет, әлде крит-микен бе деген сауалдар 
ойландырады. егер бұл жазуға ассир-вавилон, не шумер жазуы 
түпнегіз десек, ол жазу – буынжазу, яғни дауысты таңбалары ло-
гограммалармен берілген жазу. Және тарихта буынжазудан кон-
сонантты жазуға өту жүйесі болмаған. 
Финикий жазуын египет жазуына байланыстыратын 
көзқарастар олардың
а) таңба ұқсастығын, 
ә) әріп атауына сөз денотатының сәйкесуін
б) египеттіктермен мәдени қатынасты алға тартады. 
енді бір басым гипотеза финикий жазуының өздігінен шығу 
мүмкіндігін болжайды. Бірақ әріп аттары финикий халқының 
экономикасынан хабар бермейтіні ойлантқан в.истрин оны 
египет жазуынан шығарады: египет – ежелгі ханаан – финикий 
– оңтүстік семит – арамей.


22
23
Бір ғалымдар (ленорман де руже) бұны египет жазуынан 
бөлінген дауыссыз дыбыстардың таңбасы десе, енді біреулері 
(в.в.Струве) әр графема финикий тіліндегі сөздің басқы дыбы-
сын белгілейді деді. 
Болгар ғалымы Б.Георгиев финикий жазуы криттің буынжа-
зуынан шыққан деген. и.Гельб финикий жазуы нағыз әліпби 
жазуға қарағанда буынжазудың жетілген түрі деді. 
Олар әліпби жазу египет тілінде жасалып, арада бірнеше 
ғасыр өткен соң қайтадан египеттіктердің жетілдіруіне тап бол-
ды дегенді айтады: “Грек әріптерінің атауы арамей тіліне тіре-
леді деген болжам жалпы жазудың арамей тілінен шыққанына 
нақты дәлел бола алмайды ” деген Д.Дирингер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет