96
97
түркі халықтарының ішінде төрт таңбаны да әліпби
құрамында қалдырған қазақ графикасы болып табылады.
ал түрік, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, татар жазуларында бұл
дыбыстарға әліпбиде екі таңба арналған: фонемалардың жуан,
жіңішкелігі іргелес келген дауыстының
әуеніне байланысты
ажыратылады.
Қазақ әліпбиінде
қ-ғ, к-г таңбаларының сақталуы
а.Байтұрсынұлының төте жазуынан басталады. Ғалым “қ, к, ғ,
г дыбыстары ауыздан шығу орны бір-бірінен алыстап кеткен,
бұларды бір-бірінің жіңішке түрі деу қисынсыз”,
сондықтан
төрт дыбысқа төрт түрлі әріп арналсын деген. ал Қ.Кемеңгерұлы
аталған фонемалардың өзіндік жуан-жіңішке варианттары
қалыптасып келе жатқанын айтқан.
Қырғыз тілінің әліпбиін түзген К. Юдахин: “к-қ, ғ-г ды-
быстарының айырмашылығы басқа дауыссыздардың айырма-
шылығынан ерекше емес. егер бұларға жеке таңба берсек, басқа
дауыссыздарға да жеке таңба беруіміз керек” деп, 4
дыбыс-
ты 2 таңбамен беруге болатын тілдерге қазақ, қырғыз, ноғай,
қарашай, балқар тілдерін жатқызады да, өзбек, әзірбайжан,
ұйғыр әліпбиінде 4 таңба арналу керек.
Өйткені соңғы тілдер
тобында сингармонизм заңы бұзылған дейді. Бірақ іс жүзінде
керісінше болды: өзбек, қырғыз, әзірбайжан, татар, түрік тілдері
әліпбиінде екі таңба (
к, г) алынды да, қазақ графикасында төрт
әріп төрт дыбыс-фонемаға арналды.
Дыбыс-фонема инварианты немесе варианты екенін
анықтауда сол тілдің вокализм жүйесімен тіркестіріп көру әдісі
қолданылады. Бұл тәсілді ең алғаш ұсынған К.Юдахин мен
а.Сухотин қа, қо, қы, құ, ға, ғо, ғы, ғұ тіркесімі ғана бар, бірақ
қе, қө, қі, қү, ғе, ғө, ғі, ғү тіркесімі болмайтын және керісінше
болмайтын барлық тілдерден қ және ғ әріптерін алып тастау ке-
рек, бұл дыбыстар фонемалық тұрғыда үндесім заңы бұзылған
тілдерде және қ, ғ жіңішке дауыстылармен, к, g жуан дауыс-
тылармен (
қәбір, лұғәт, қәйри, katib) тіркесе алатын тілдерде
таңбалана алады деген.
і.Кеңесбаев “[қ] мен [к] бір фонеманың екі түрлі айтылуы (не-
месе жуанды, жіңішкелі варианты) деп қарау дұрыс емес: жуан
дауыстылардың [қ] мен жапсарласып, жіңішке дауыстылардың
[к] мен жапсарласып келуі де, жасалу (артикуляциялық) орны
жағынан бұл екеуі әр қилы болып келуі де ([қ] тіл арты арқылы
жасалады да, [к] тіл ортасы арқылы жасалады) бұлардың екі
түрлі фонема екенін дәлелдейді; [ғ], [г]-нің де бір-біріне қарым-
қатынасы осы тәрізді. Қазақ тіліндегі дауыссыздардың жуан-
ды-жіңішкелі болып келудің фонематикалық мағынамен байла-
нысуы тек [қ] – [к], [ғ] – [г] тобында бар деп түсінуіміз керек;
[қ] – [ғ]-ның жасалу орны бір бөлек, [к] – [г]-нің жасалу орны
екінші бөлек болып келуі тәрізді қасиет өзге дауыссыздарда тіп-
ті байқалмайды. Өзге дауыссыздардың (мәселен, [т], [з], [р] т.б.)
әрқайсысының жуан-жіңішкелі болып келуінің фонематикалық
мағынаға әсері жоқ;
от, оз, ар дегендегі
т, з, р жуан айтыла-
ды да,
өт, өз, өр дегенде бұл дауыссыздар жіңішке айтылады.
Солай бола тұрса да, бұл жуан-жіңішкелік өздігінен тұрып сөзге
мағыналық ұйытқы бола алмайды. арнаулы бір өзге дауыссыздың
жуан-жіңішкелігінің бір-бірінен
қ-к, ғ-г тәрізді артикуляциялық
үлкен айырма болмайды” деп анықтайды. Сөйтіп,
ғалымның
пікірі а.Байтұрсынұлының пікірімен үндес келеді.
ал проф. Ә.Жүнісбек: “екі жұптың айырмасы тілдің
қалпы мен ерін конфигурациясында ғана, әйтпесе [к] мен [қ]
фонемаларының реңктерін (9 түрлі) біріктіретін болсақ, онда да-
уыссыз фонема реңктерінің толық қатарын көре аламыз” дейді.
ары қарай [г], [ғ] туралы: “Что касается фонем [g] и [g], то мы
сомневаемся что они исконно казахские, скорее всего они были
позиционно-комбинаторными (в зависимости от фонетической
ситуации то смычными, то щелевыми) оттенками глухой смыч-
ной средноязычно-увулярной фонемы [к] [қ]. Однако интенсив-
ное вторжение арабо-персидских слов с их гортанными звуками
и русские заимствования с их самостоятельной фонемой [g] пос-
лужили причиной появления этих фонем на непривичных для
них местах” деп қорытады.
Сондықтан ғалым: қазақ тілінде 17
дауыссыз, 19 дауыс-
сыз дыбыс әрпі бар дейді. Сонымен, қазақ тіліндегі дауыссыз
дыбыстардың фонемалық статусын анықтауда дыбыстың тоғыз
түрлі сингармовариантта айтылуын ескердік. Сонда қазақ тілінің
төл фонемалары тоғыз дауыстымен тіркес құрап,
морфема
құрамында кездесе береді. Ол тіркесім, байқап отырсақ, жазуда
да көрініс табатын позициялар болып табылады. алайда дыбыс-
тар сөйлеу тіліндегі үздіксіз (линейный) құбылыс болғандықтан,
олардың түбір ішінде, буын, сөз, сөз тіркесі жігіндегі тіркесімі
шарт емес. Сондықтан <қ>, <к>, <ғ>, <г> фонемаларының жеке-
жеке тоғыз түрлі сингармоварианттары сөз тіркесі шенінде кез-
десетінін оңай тауып алуға болады. мысалы: /екі ай/ – [екай],
98
99
/екі орын/ – [ек
о
орұн], /екі өлең/ – [ек
Оі
өлөң], /қырық өтірік/
– [қырығ
Оі
өтүрүк], /екі ұры/ – [ек
о
ұрұ], /екі лақ/ – [ек ылақ], /
қырық ән/ – [қырығән], /қырық екі/ – [қырығекі], /қырық үш/
– [қарағүш], /қырық ішік/ – [қырығішік], /көк ала/ – [көгала],
/көк орай/ – [көгорай], /көк ұрсын/ – [көг
о
ұрсұн], /көк лақ/ –
[көгылақ].
ендеше <қ>, <к>, <ғ>, <г> фонемаларының әрқайсысы ды-
быс парадигмасындағы басқа дауыссыз сияқты жуан-жіңішке,
еріндік-езулік варианттармен түрлене алады екен. Осыған орай
н.уәлиұлы “тіл үндестігіне ілікпей жүрген” “шәлкес тіркес-
тер” (
құрмет, құдірет, қошемет, мәслихат, рақмет, қабілет,
Достарыңызбен бөлісу: