қылды. Иіліп-бүгіліп бастарын үш рет жерге тигізіп тағзым етіп, орындарына кеп
отырды [Ә.Кекілбаев. Үркер,144-б.]. Әрі сәлем беру, әрі аяғына бас ұру, әрі құрметтеу
мәні қабаттасып келген көпмағыналы ишарат. Бұл мінәжатқа келесі мысалда айтылатын
тәжім ету ұқсас. Өйткені сыйлап, құрметтеп бас ию, амандық тілеу бұл арада тәжім ету арқылы берілген:
– Қайынатаң осы!.. Бұл атыраптың үлкені осы. Үстіне баса кірме!.. Кірсең, тәжім ет, –деп тәлкек қыла беретін [М.Әуезов. Абай жолы.107-б.].
Тәжім ету, тағзым ету ишараттарын қолдану қазақ тіліндегі көркем шығармаларда
көп кездеседі, кейбір авторлар ишараттарды сипаттап, барынша толық түсіндіріп береді,
кейде тек тағзым етті я болмаса тәжім етті деп қысқа қайырады. Бұл жазушының
көпке таныс, жиі қолданылатын ұлттық сипатты ишараттарды қайта-қайта түсіндіруді
қолайсыз көруі, оның жалпыға түсінікті сипатын мойындау деп түсінген жөн. Келтіріліп
отырған мысалдан бұл жай анық байқалады:
– Әссәламүғалейкүм, Абай аға! – деп, оң қолын төсіне қойып, мұсылманша тағзым білдірді[М.Әуезов. Абай жолы. Роман-эпопея. 2-кітап. 349-б.]. Алдыңғы келтірілген
мысалдардан үш рет иіліп-бүгіліп тағзым ету бар екені белгілі болса, екінші мысалдан
оң қолды төске қойып (және басты иіңкіреп) тағзым ету орындалатыны көрінеді. Мағына-
лары жақын, екі ишарат та амандық тілеу мен адамды сыйлайтынын білдіру, жөнді, ретті
білетінін, салтты сақтайтынын көрсету үлгісі саналады.
– Құнанбай молдаға тағзым еткендей бас иіп: «Дұрыс айтасыз, молда, мен өзіміздің
тілімізде айтып жатырмын»,– деді [М.Әуезов. Абай жолы. Роман-эпопея. 2-кітап. 130-б.].
– Сіз кім едіңіз? Білуге рұқсат етіңіз! – деді.
Абай бұл кісінің сыпайы жүзіне өз тарапынан лайықтытағзым көрсетіп, тымағын