6. Халқына деген махаббат білдіріліп, ұлағатты ой айтылған бӛлім
A) 4
B) 2
C) 3
D) 1
7. Мәтін мазмұны бойынша «Қазақ ӛнегесіне» жатпайтын нұсқа
A) отбасылық мәдениет
B) кейінгіге үлгі болу
C) ержүрек болып есею
D) қалыптасу тарихы
8. 1-азатжолдың мазмұнына сәйкес нұсқа
A) Археологиялық қазбалар
B) Азық-түлік ӛнімдерін ӛндірудің тарихы
C) Жылқы малы қазақ ұлты үшін қадірлі
D) Халқымыздың рухани құндылықтары
9. Автордың ойынша бала толыққанды тұлға болып қалыптасуы үшін қандай
тәрбие алуы қажет?
A) Заманауи тәрбие
B) Тек мектеп тәрбиесі
C) Әлеуметтік тәрбие
D) Ұлттық тәрбие
10. Mәтін мазмұны бойынша ой реттілігі
1. Кӛне дәуір жәдігерлері
2. Ұлағатты ойларды дәріптеу
3. «Қазақ ӛнегесі» ұғымы
4. Тұлғаның құндылықтарды игеруі
5. Толыққанды тұлғаға айналдыру жолы
A) 5.2.4.3.1
B) 3.1.4.2.5
C) 1.2.3.4.5
D) 4.1.3.2.5
3-мəтін
I. Тұз – ағзаның дұрыс және толассыз түрде қызмет етіп отыруына
арналған қажетті компонент. Тұзды ӛндіру жұмысы күрделі, ал оны
тұрмыста ӛте кӛп қолданамыз. Ол жерасты шахтасынан немесе тұзды кӛлдің
түбінен ӛндіріледі. Еліміздегі «Аралтұз» кәсіпорыны тұтынылатын тұздың
барлық түрін ӛндіреді. Ал йодталған тұз бізге Ресей мен Белорусьтен келеді.
Қазіргі таңда экологияның бұзылуына байланысты табиғи тұздың сапасы
тӛмен. Сондықтан біз жасанды тұзды пайдалануға мәжбүрміз.
IІ. Тұздың құрамында ағзадан калийдің, яғни ӛте зиянды ӛнімнің
шығуына ықпал тудыратын натрий бар. Натрий мен кальцийдің ағзада тең
дәрежеде жұмыс істеуі бойымыздағы су мӛлшерін реттеп, қан тамырларының
тұрақтылығын сақтайды. Ең бастысы, асқазан сӛліндегі тұз қышқылының
түзілуіне жағдай жасайды. Бұл алмасу процесінің адам үшін ӛмірлік маңызы
бар. Дәл сол себептен де тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс
істеуі үшін қажет. Қазір дәрігерлер науқастарға тұз бен қантқа шектеу
қойғанымен, оларға тұзды мүлдем қолданбауға кеңес бермейді.
IІІ. Тұзды қажетті мӛлшерден артық пайдаланса, ағзада тұз-су
айналымы бұзылады, сұйықтық мӛлшері артады, нәтижесінде жүрекке
салмақ түседі, қан қысымы кӛтеріледі, бас ауырады, соңында гипертонияның
немесе басқа жүрек-қан тамырлар ауруларын тудыруы ықтимал.Тұтынған
тұздың кӛп мӛлшері несеп арқылы бӛлініп шығады. Егер тұздың ағзадағы
мӛлшері артса, қан тамырларының қабырғаларына жиналып, оларды нәзік
және үзілгіш етеді. Сонымен қатар, тұз ағзада зәр шығару жүйесінде, әсіресе,
бүйректе тас түрінде жинақталып, несеп қышқылының бӛлініп шығуына
кедергі келтіреді. Әрі тұз тәбетті арттыратындықтан, семіздікке де
ұшыратады. Сондықтан артық салмақтан арылғысы келетін адамдарға тұзды
тұтынуды азайтқан жӛн. Тұздың әсерінен ағзада сұйықтық кӛбейіп, артық
салмақ қосылады. Тұз ағзадан кальцийді шайып, кальций жетіспеушіліктен
адамның сүйектері зардап шегіп, сүйек жұмсара бастайды.
IV. Тұздың бірнеше түрлері бар: тасты тұз – табиғи жолмен алынатын
таза табиғи ӛнім, тамақ ӛнеркәсібінде жиі қолданылады. Тұнба тұз – тұзды
суларды қайнатып буландыру арқылы алады, құрамында әртүрлі қоспалар
кӛп болады, сондықтан ағзаға ӛте зиян. Шӛгетін тұз – кӛбінесе тұзды
кӛлдердің астынан алынады. Бұл тұз кӛлдердің түбінде ӛздігінен тұнады.
Қазақ халқы мұндай кӛлдерді «шипалы су» деп атаған. Ваккумда
буландырылған тұз – тереңде жатып қалған тұзды еріту арқылы
шығарылады. Бұл ең таза тұздардың қатарына жатады.
11. Tұздың адам ағзасына пайдасы
A) Адамдар артық салмақтан арылады.
B) Адам ағзасындағы кальций азаяды.
C) Ішкі ағзалар дұрыс жұмыс жасайды.
D) Ағзадағы сұйықтық мӛлшері артады.
12. Mәтін мазмұны бойынша жауабы бар сұрақ
A) Тұзды қандай ыдыстарда сақтайды?
B) Тұзды қанша мерзім сақтау керек?
C) Тұздың бір күндік мӛлшері қандай болады?
D) Тұзды кӛп пайдаланудың салдары қандай?
13. Aғзаға ӛте зиян тұз
A) тұнба тұз
B) йодталған тұз
C) тасты тұз
D) шӛгетін тұз
14. Mәтіндегі ІІ азатжолға қатысты автордың ойы
A) тұздың ағзаға зиянын дәлелдеу
B) тұздың ағза үшін маңызын түсіндіру
C) тұз ӛндірушілер туралы ақпарат беру
D) тұзды пайдалануды мүлдем шектеу
15. «Қорықшылар жануарларға тұз қойып, оларды қосымша қоректендіріп
отырады. Жануарлар тұз қойған жерді үнемі тауып келіп, жалап
тұрады. Үй жануарларына да тұз беріледі».
Берілген мәлімет пен мәтін мазмұнына ортақ ақпарат
A) Тұз – табиғи ӛнім
B) Тұз – қорек
C) Тұздың ағзаға зияны
D) Табиғи тұз пайдасы
Достарыңызбен бөлісу: |