128
—
Мен саған бөгет болдым ба, сонда?
—
Осындай жағдайда не сұрайсың, Федор Дмитриевич?
—
Дұрыс айтасың, ештеңе сұрама. Бізді мұнда жалғыз тастау генералға да оңай тиіп
отыр дейсің бе!
...Хаби Рахимов, Бозжанов, Борисов, Степановтар келді. Олар түнде істелетін шаруаларын
жайғастырып болғандықтарын айтты.
—
Байқаңдар, жігіттер, — деді Толстунов
даусын қатаңырақ шығарып, —
жауынгерлер ұйықтап қалып жүрмесін. Күні бойы әбден қалжырады ғой олар.
—
Барлығы да ескерілді, жолдас аға политрук, — деді Бозжанов. — Мысалы менің
ротамда бес адамнан бір топ құрылды. Яғни бір адам бес адам үшін жауап береді. Ал, бес
адам бір адам үшін жауап береді. Біреуі тік түрегеп, айналаға қарап тұрса, екіншісі жерде
отырып оны қарап отырады. Қалғаны бір - екі сағат ұйықтайды да, одан кейін түрегеп
тұрады. Оның орнына екіншісі тынығады.
Рахимовты Синченко мен Курбатовтың олжа дүниелерді реттеуі қанағаттандырмады. Ол
өзіне тән ұқыптылықпен барлық
документтерді алды да, әдемілеп қаттады. Документтер
мен олжа дүниелер дивизия штабына жіберілді.
Түн ортасында мені Рахимов оятты. I — Сізге полковник Серебряковтан хат келді, — деді
ол. Ұмарланған дәптер бетінде қызыл қарындашпен жазылған біздің дивизияның штаб
бастығы полковник Серебряковтың мынадай сездерін оқыды:
«Жолдас Момышұлы! Генерал да, біздің барлығымыз да сіздің жұмыстарыңызға
ризамыз...»
Осы бір хаттың алғашқы жолдары әлі күнге дейін есімде. Одан әрі полковник қай полктың
қай жерде екенін, не істеп жатқанын жазыпты. Генерал қолбасшыға кетіпті. Бізге рахмет
айтып, алдағы уақытта абыройлы бола беруге тілек білдірген көрінеді.
Майдан өмірінен осы бір әңгімені жазып отырған сәтте
қазір қаза болған Иван
Ивановичтің — қарт орыс полковнигінің, ұстазымның сол хатының қолымда жоқтығына
қатты өкінем. Бұл хат бізге берілген тұңғыш награда еді. Сондықтан да аса ыстық
көрінеді. Хат жүрегіңді жылытып жіберетін шын ықыласты хат еді. Әкімдіктің ешбір
нышаны жоқ, бұйрық сипатты ресми де жазылмаған. Қарапайым дос жүрегінен шыққан
ыстық сөзі еді. Бұл хатты әскери билетіммен бірге сақтап, 1942
жылдың июль айының
аяғына дейін ұстадым. Москва түбінде болған талай ұрыстарда өзіммен бірге алып
жүрдім. Холм ауданындағы Васильево деревнясында Талғар полкының бір жылдығын
тойлағанда ол хатты автордың өзіне, полктың «көгілдір» клубында салтанатты
жиналысында тапсырған едім. Онда менің әскери атағым майор болатын.
1942 жылдың 31 июлінде біз полктың құрылғандығына
жылға толуына арналған
салтанатты жиналыс өткіздік. Жиналысты қысқаша сөз сөйлеп, мен аштым. Осы жиында
полковник Серебряковтың хатын түңғыш рет көпшілік алдында оқып, өзіне тапсырдым.
«Қорыққан да, қуанған да бірдей» деген емес пе, алғашқыда Иван Иванович біраз
абыржып қалды да, хатты ұзақ сақтап қайта өзіне тапсырғаныма қатты қуанды. Кейіннен
бұл хат дивизия штабының оперативті бөлімінің ісіне тігіліп қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: