178
179
26. ӨГДҮЛМІШТІҢ КҮНТУДЫ ЕЛІККЕ ҚЫЗМЕТКЕ КІРУІ
АЙТЫЛАДЫ
Елік айтты: Бұдан былай, ей, балам,
Көңілің жықпа, қызметке кел маған.
Атаң артық еңбек етті, білемін,
Маңдай терін өтей алмай жүр едім.
Əке ақысын енді саған өтейін,
Ел аузында қаңқу сөзден кетейін.
Не дегенін тыңда Үш Орда бегінің,
Білгір сөзге ақылы сай өзінің:
1595 «Кісі еңбегі өтсе саған, құнтта —
Өлік құсап ол еңбекті ұмытпа!
(Біреу саған етсе зиян, қиянат,
Түй ішіңе, ойға сабыр ұялат.)
Кісі екенсің, тінің сенің — кісілік,
Кісілерге адамдық ет кішіріп.
Кімге кімнің сіңсе еңбегі молырақ,
Еселеп бер есесін де соңыра!
Кісі еңбегін білмесе егер кісілер,
Түгел сиыр болғандығы, түсін, ер!
(Кісілікпен танытасың затыңды,
Кісілікпен шығарасың атыңды.)
Мал атанба, кісілікпен ісің оң,
Кісілерге кісілікпен кісі бол.
(Жаны ашып, ұқпаса ойын адамның,
Малдан несі артық ондай наданның.)
1600 Кісілерді кісі еткен — кісілік!
Кісілікпен аты шығар кісінің!»
Достарыңызбен бөлісу: