«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет56/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Еліктің Өгдүлмішке сауалы
1655 Бірде Елік Өгдүлмішті шақырып,
Күллі іс жайлы сөз қозғады ақырын.
Елік айтты: — Құлағың сал, ей, ұлым!
Мен айтайын, болсын таза бейілің.
Не пайдалы? Не пайдасыз еліңе?
Игіліктің жөні неде, желіле?..
Өгдүлміштің Елікке жауабы
— 
Елік-бегім! — деп Өгдүлміш жүгінді,
Кісілердің көсемі сен, білімді!
Екі əлемде кісілерге, керегің — 
Ізгі қылық, түзу құлық, — дер едім.
1660 Екінші — ұят, үшіншісі — əділдік,
Осы үшеуі бақ-дəулетің бəріңнің.
Құлқы түзу болса елі сенеді,
Қылығы түзу төрден орын тебеді.
Ұят, намыс — абыройын сақтайды,
Ұятсыздық ердің басын таптайды.
Тағы бірі — түзу қылық қарымды,
Қос жалғанда сындырмайды сағыңды!
Ұят, шындық, ізгі құлық — үшеуі,
Қосылғанда құбылаң тең түседі.
Еліктің Өгдүлмішке сауалы
1665 Ал жаман не? Жауыздық не? Бағалап,
Айтқын, — деді — жаңағыңа қанағат!
Өгдүлміштің Елікке жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Тыңдап, сынап көріңіз,
Мен айтайын, көңілді, бек, бөліңіз.
Үш нəрсе бар жер қылатын адамды,
Үш күнə бар оттай қарыр табанды.
Біріншіден — арсыз, мақтан, жамандық,
Екіншіден — алдау-арбау, арамдық.
Үшіншісі — алып сатар, сараңдық,
Ақымақ қылар осы үш түрлі надандық!
1670 Пейілі — тар, жаман адам жұғысса,
Қырсық шалып, кері кетер жұмыс та!
Аты шықса кімнің өтірік, өсекпен,
Төмен болар қадірі елге есектен.
(Аты шықса кімнің өсек, жалғанмен,
Құтыла алмас ел ішінде танғанмен! )
Боқты терген сасық қоңыз сияқты,
Сараңдықтан асқан не бар ұятты.
Сараң жайлы не дейді ілім біліп ал:
«Ей, аш көзді, қолы жұмық, іші тар!


 184
185
Алтын жидың, бірақ жеуді білмедің,
Алтын жиып елге неге бермедің?
1675 Дүние жиып, жемейтұғын жарандар,
Жейтіндер бар, асты əзірлеп, қараңдар!»
Бұл үш түрлі қасиеттің жолы — құт,
Бұл үш түрлі надандықтың жолы — жұт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет