«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет58/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Елік бір күн жалғыз өзі отырып,
Сөз бастады Өгдүлмішті шақырып:
— 
Ай, Өгдүлміш, бері қара, біл, — деді
Ата еңбегі, тері саған сіңбеді!..
Үлкеннен жол көруші еді балақан — 
Өлгенде атаң, ұлан едің балапан.
Үйретпеді атаң өнер, білімін,
Жəрдемім жоқ, мен де көптің бірімін.
1795 Мұнша өнер, мұнша білім, сананың,
Көзі қайда? Қайдан алдың, қарағым?!
Өгдүлміштің Елікке жауабы
— 
О, əміршім! — деді Өгдүлміш, — Еліңде,
Ұзақ жасап, даңқың өссін сенің де!
Алла кімге ризық, ниет қылады,
Сол тілекке жетіп, аты шығады.
Көпті көрген ақсақалды қария,
Айтқан мақал түркілерге жария:
«Іс оңалып, орындалмағы арманың,
Ұлылығың — бұйрығы бір Алланың!
1800 Алла əмірін тимас күшпен тамам ел,
Қусырылса көк аспан мен қара жер.
Барлық істе медет керек Алладан,
Алла қосса, тілек қалмас алмаған!»
(Күшпен тартып ала алмайсың берместі,
Күшпен тегі келтірмейсің келместі!
Қашанда адам ұзақ-сонар жолдасың,
Қыдыр қолдап, бір хақ өзі оңдасын!)
Жəне атаның ықыласы, батасы,
Тиер ұлға жоқ сөзімнің қатасы.
Жетсем — атам бата берген өренмін,
Атамның ақ батасымен көгердім.
Қыдыр ием себеп қылды Елікті,
Құр қалмадым өнерден һəм біліктен.
1805 Елік қолдап, берді маған қол ұшын,
Тағдыр қоштап ержеттім мен толысып.
Жылы қарап, бек ниеті ауған жан,
Бəхрə қылса, шығар тілек, арманнан,
Кісі көңілі бейне бау сəн беретін,
Бектер сөзі су, бақсаң, нəр беретін.
Су тиген бау құрғамай, бүр ашады,
Мың-мың шешек гүлдеп, жұпар шашады. 
Бек жарлығы жылы тисе құлына,
Көңілі өсіп, нұр қосылар нұрына.


 194
195
1810 Бек жарлығы айтылса ащы, зілденіп,
Қурайды тез көктей солған гүлдейін.
Бағу керек құл ниетін бір хақтың,
Пейіл берсе — ашылады бар қақпа...
Мұны меңзеп шайыр сөзін толғаған,
Оны да ұғып алғын енді, ойлы адам:
«Хақ қаласа, пейілін түзеп құлының,
Жолын оңдап, ашар кілтін білімнің.
Білім білсең, күнің құтты өтеді,
Қанша кішік болсаң да, ұлы етеді!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет