«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет60/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Өгдүлміштің Елікке жауабы
1835 — Ақыл, — деді ол, — қымбатыңның қымбаты,
Ақыл жоқта, құнсыз тəннің сымбаты.


 196
197
Ақыл тұрар қатпарында миыңның — 
Бас қой орны — қимас асыл сыйыңның.
Кісіге ақыл бейне кісен тəрізді,
Ісі үлгілі, қылығы оңды əрі ізгі!
Сүйген құлын сақтап Алла рахыммен,
Тілін, құлқын кісендепті ақылмен!
(Қойыпты Алла — пендем мойнын үзер деп, — 
Қылық, тілді ақылменен шідерлеп.)
Тірі — ақылды, ақылсыз жан — бір өлік,
Ей, ақылсыз, ақыл болсын тілерің!
1840 Адам — білсең — үй, түн түнеп түнерген,
Ақыл — шырақ, жарық төгіп жіберген...
Бар жақсылық ақылменен келеді,
Біліммен ер аты мəшһүр, келелі.
Екеуінде адамдықтың белгісі,
Ақыл, білім адастырмас, ей, кісі!
(Екеуімен ұлылыққа ер жетеді,
Түзу жолды түзетін де екеуі.)
Малдан адам айырмасы ақылда!
Малда ми бар — жоқ қой ақыл, мақұлда!
(Тең келетін нең бар, айтқын, ақылға!
Қасиетте, қасиетің — басыңда!)
Мұны меңзеп сөйлепті ақыл, ойлашы,
Іске асырсаң, ақылдың көп пайдасы:
1845 «Мал мен кісі айырмасы — ақылда,
Білім болса, адам дана, батыр да!
Малға айналма, ұстан ақыл, білімді,
Біліп сөйлеп, жарқын ұста тіліңді!
(Қадірле адам, затыңды ашар — білімді,
Ұғып іс қыл бастағы ақыл піріңді!)
Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Дəнін ұғып ойдың асыл нарқының,
«Тағы да айтшы, — деді Елік, — жарқыным!
Енді ақылдың баяндағын қыр-сырын,
Тегі нендей? Қандай өзі құлқының!?
Заты қандай? Мəні қандай? Түр-өңі?
Жасы? Тұрқы? Мінезі мен реңі?»
27. ӨГДҮЛМІШ ЕЛІККЕ АҚЫЛДЫҢ ҚАСИЕТІ ТУРАЛЫ
ƏҢГІМЕЛЕЙДІ
1850 Айтты Өгдүлміш: — Ақыл ісі баянды,
Құлқы тура, жолатпайды аярды.
Жасы кіші, жүзі нұрлы, көрікті,
Бар ізгілік бір өзінен өріпті!
Жомарт, ойлы білер істің шамасын,
Əділ, таза сақтар жұрттың арасын.
(Қиянаттан сақтайды адам баласын,
Шаң тигізбей ұстар намыс жағасын.)
Қайда барса — іс қиюын табады,
Сөйлесе ақыл — тіліңнен бал тамады.
Жүзі игі барлық жерге сыйымды,
Табыстырар қиыспайтын қиырды.
(Жүзі жылы, сүйкімді елге, əсілі,
Кісілерге тиер пайда, нəсібі.)
1855 Көзі жіті, қырдағыны шалады,
Қандай істе еш таймайды табаны.
Былық істі былғанбай-ақ кешеді — 
Не түйінді қас-қағымда шешеді.
Алды-артыңды — барлап — оң мен солыңды,
Білер істің жөнін, сəтін орынды.
Ұшқанды — ұстап, қуып жетіп қашқанды,
Сынықты — сап, түзер асып-тасқанды.
(Ақылсыздар өкініп дер: Ай, ақыл!
Сенсіз қалың мұңға түстім мен пақыр.)
Ақымақтар ақылды аңсап, жоқтайды:
«Ақымақ басым, ақыл қашан тоқтайды!?


 198
199
1860 Бір өзіңнен маған нəсіп болмады,
Кісі көңілі сенсіз өлік, қор жаны...
(Еш себі жоқ; кештім тірлік шөгірін,
Ақылсыз жан — сүлдер, арсыз көңілің!)
Ақыл — жарық, басырларға көз болар,
Тіріөлікке — жан, мылқауға сөз болар!» 
Ақылдылар ақылды əркез мақтайды:
«Ең ізгі дос! Сенен ешкім артпайды!
Ақыл — түзу. Бар ісі — оң, солы жоқ!
Ақыл — əділ. Аярлық, тор, соры жоқ!»
Ақыл-есі бар адамның белгісі:
Біліп бəрін, келер біле бергісі.
1865 Ақыл-естің мақтамайын, мақтайын,
Түзік жолы — сағат сайын, сəт сайын!
(Бəрінен де жақсы ақылдың құлығы,
Ай, жыл бойы түзу жолы, қылығы.)
Есті жанның тілі — шындық шұрайы,
Бар қылығы тегіс шымыр шығады!
Одан салқын, сабырлылық еседі,
Жете көріп, істі асықпай шешеді.
Жап-жас жігіт, ісін көрсең — қарт дана,
Мұқтаж оған бек те, текті жас бала*.
Мұны меңзер сөзді оқып, ойлап көр,
Ұға түссең, мəні ашылар, бойлап көр:
1870 «Ісі кəрі, өзі ұлан Ақыл жас,
Ақыл қайда, сонда барып жақындас.
Қарттық — сабыр, сүп-сүйкімді кішілік,
Пайдасы көп, жаны тұнған кісілік».
(Жасты да ақыл кемеліне келтірер,
Ессіз кəрі тоқсанында желпінер.
Жас ақылы — шығар сөлі шырынның.
Ақыл қайда болса, солай жығылғын.
Кішілігі — махаббат, кəрілігі — мархабат,
Мейірімді жанынан шуақ алған шартарап!)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет