«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет65/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Еліктің Өгдүлмішке сауалы
2175 Елік айтты: — Ұқтым. Сөзің сенімді,
Күнсандықтай аштың ақыл-кеніңді.
Тағы да бір сауал бергім келеді.
Маған ашық айтып берсең деп едім.
Бегі сондай ұлы-ақ болсын керемет,
Уəзірі қандай болмақ? Не дер ең?
Қазынасы толса алтын-күміске,
Ел жетіліп, көбейсе ғой ұлыс-кент.
Əділ заңмен басқарса елін, таймаса,
Көңілі хош əскер туы жайнаса.
2180 Халық баққа жетіп, зорлық көрмесе,
Бектің даңқы көкке күнде өрлесе,
(Мұндай елде, мұндай бектің қасында,
Қандай уəзір керек екен, расында!?.)
29. ӨГДҮЛМІШ УƏЗІР ҚАНДАЙ БОЛУ 
КЕРЕКТІГІН АЙТАДЫ
Айтты Өгдүлміш: — Елік ұғып, біле біл,
Уəзір — бектің созған қолы, тірегі.
Уəзір керек бекке, істің ұйтқысы,
Жақсы болса — тыныш бектің ұйқысы.
Көтереді ол бектің ауыр жүгін де,
Бекітетін бектікті өзі түбінде.
Керек бұған кемелденген сара жан,
Құштар жүрек, көңілі жүйрік, дана жан.
2185 Ақылы мол, теңіз сынды білімі —
Іске ықтият, қызылы бар жүзінің.
Қырағы сақ, болса арлы, турашыл,
Туралықпен өтсе күні туғасын.
Ұлы іске бұл сайлы ер керек, кемел ер,
Қылқы сара, құлқы дара ерен ер.
Ақыл керек, керек білім, зеректік,
Сезімталдық, мəрттік бірі керектің.


 222
223
Асыл ұрық ақылды ердің ұрығы,
Қайда да өнер, болмас қурап құруы.
2190 Дін басында болсын пəктік, иман, ар,
Сонда халық сенер, ерер, иланар.
Сақи кісі — кісілердің сарасы,
Бар байғұсқа дəрмен берер, қарасып.
Сақи кісі сақтықтан бір шеттемес,
Сəтін білер, мəнсіз іске беттемес.
Бектен кейін елге басшы уəзір,
Елігі үшін сөз, қылығы тұр əзір!
Тексіз кісі бетсізбенен шамалас,
Ал бетсіздер уəзірлікке жарамас.
(Тексіз кісі кісіге опа бермейді,
Бекке көмек істеуге əлі келмейді.)
2195 Тектілердің күшті ары, намысы!
Тексіз байғұс жафалы əрі тар іші!
Не дейді екен заңды білген ер кісі,
Ел басқарған, жөн білетін кең кісі:
«Ақ ниетті, ақ жүректі тектілер,
Жұртын қолдап, елді ұшпаққа жеткізер.
Жапасы көп — сенбе тексіз қиқарға — 
Шекер беріп, жілік майын құйсаң да!»
Ұяты бар, көзі де тоқ ер керек,
Өзі ұятсыз, бөрі-тажал не керек!?
2200 Тоқкөз керек білмес малға сұқтана,
Ашкөз тоймас дүниені жұтса да!
Кісілікті ұят сақтап қалады,
Ұяты бар кісі — адамның адамы.
Іс берсең бер ұятты-арлы адамға,
Намысты жан ашпайды есік арамға.
Ұятсыздың ұятсыз, нас тілі де,
Жөн сөзі жоқ, кісі қоры тіріде.
Тыңда адамды ұяты — көз, жолы хақ,
Ақыл айтқан ақ жүрегін қолына ап:
2205 «Ұятсызға жақындама, жырақ тұр,
Ұятсыздың көзі ұятсыз, құлақ түр.
Жүзін көрсең, етсіз сүйек, бір елес,
Өзін көрсең, үңірейген құр өңеш!»
(Құр қу сүйек етсіз өңі бетсіздің...
Бітіп бермес тесік өзі тексіздің...)
Ұят болса күні жарық, өңі — гүл,
Тұрар жұртты нұры шарпып көзінің.
(Арлы адамда — сый-сияпат, құрмет те,
Даңқ та, атақ та — бұйырмас құр дүрмекке.)
Болу керек түсі жылы, адал, ақ
Іс-түсіне сүйсінердей жамағат.
Адал болса бектің құлық-қылығы,
Жылдар-айлар бұзылмайды ел шырығы.
2210 Іс басшысы ісін дұрыс бақпаса,
Бектің күллі ісі теріс, басқаша...
(Бек құтының берекесі кеткені,
Уəзірі бақты басқа тепкені.)
Адал болса, білсе істің мəнісін,
Бегі сонда сеніп берер бар ісін.
Түсі игінің, қарасаңыз, ісі игі,
Елге игілік ізгі құлық, ісі үлгі.
Нұрлы кімнің сырт бітімі, түсі де,
Сондай нұрлы болар сұлу іші де!
Тіршіліктің білген жақсы-жаманын,
Тыңда терең, білікті ойдың адамын:
2215 «Көркіне іші үндес келер кісінің,
Өңі қандай — түрі сондай ісінің.
Тысын көріп, ішін танып аласың,
Бөлу қате іш пен тыстың арасын!»


 224
225
Салауатты, бапталған шаш-сақалы,
Уəзірдің ісі де алға басады!
Білімге ұста, жүйрік болса есепке,
Жазуға ұста, керең болса өсекке.
Есеп-қисап — уəзірдің күллі ісі,
Қалады ісі есептеуді білмесе.
2220 Қисаптаумен сақтайды ісін, елдігін,
Айырады жыл, ай, күнін, мерзімін.
Сақ болған соң, «Сақыш» атын балаған,
«Сақыш» деген «сақ» «іс» білер, қараған...
Сана болмай ісі оңалмас кісінің,
Санамен ол ығын табар ісінің!
(Түйсік болмай, істің бабы табылмас,
Түйсік болса, ешбір пендең жаңылмас.)
Жазғанда адам білгендерін түсірер,
Жазбадан ер не істегенін түсінер.
Жазу-сызу — білім-білік белгісі,
Жазу білген түйсікті, есті ер кісі!
2225 Жазу-сызу білмесе, адам қайырлап,
Жыл, ай, күннің сəтін қалай айырмақ.
Жазып хаттап қалдырмаса даналар,
Есеп-қисап, білімді кім бағалар?!
Дүниені жаратпастан бір Аллаң,
Ең əуелі қалам, тақта* шығарған! 
Ал құлдары не істеп, нені бүлдірді —
Періштелер жазып алып білдірді.
(Көңілі — жаз, сөзі жылы, байыпты,
Жақсы мінез жақсыларға лайықты.)
Мінезі — бай, тілі майда болғай-ды,
Осы жолда жұрты сүйіп қолдайды.
2230 Мінезді ердің жаны гүлдеп, бағы асар,
Досымен де, жұртымен де жарасар...
Тыңдап жайсаң, момын кісі ақылын,
Алып көрші, адал пейіл асылын.
«Көңілі жай — сүйкімді де, сыйымды,
Тасбауырдың сыюы да қиын-ды.
(Мінездіге түгел кəрі-жас — бауыр,
Күллі тасқа соғылады тасбауыр...)
Жаны жақсы жақын билік, зейнетке,
Жаны доғал жақын жүрер бейнетке!»
Уəзірге бітімі ерек ер керек,
Сауатты, ойлы, парасатты, ең зерек.
2235 Қылқы түзу, көңіліне тілі сай,
Шыншыл адал, ұятты, елге ділі жəй.
Іскер, сергек, тоқкөз баққан аранды,
Айыра алар жақсы менен жаманды.
Көңілі сара, аманатын сақтайтын,
Болса иманды, іскер, адал сатпайтын.
Кімде болса мұндай білім, қасиет,
Уəзірге алса жарар, бас ием...
Болса бектің уəзірі осындай,
Бекпен бірге елін түзер тосылмай.
2240 Түгенделіп Еліктің бар тілегі
Елі түлеп, бақытты өмір сүреді.
Ел бұзылар, уəзірі сұм болса,
Бай кедей боп, ұл телмеңдер құлдарша.
(Дария — бастан, балық бастан бұзылар,
Уəзір қандай болмағы елдің тұзынан...)
Елге пайда ізгі уəзір жолықса,
Бек жаны хош ел ырысы молықса.
Тыңдап қара, ақылы дария дананы,
Құрмет тұтқан байтақ əлем алабы:
«Ізгі болса бек те, көңіл, сөзі де,
Қызметкері тартып тұрар өзіне.


 226
227
2245 Бек сұм болса, мойнында ел зары бар — 
Қызметшісі де əділ жолдан жаңылар.»
Жақсы бектің, жақсы болар құлы да,
Зияны жоқ, ізгі құлық, сыры да.
Бектің өзі айналғанша залымға,
Жақындатпас арамын да, аңын да!
Жаман қайда, бəрі сонда жаманның,
Жақсы ес* тіле, өзің жақсы жаралдың!
(Жаман жүрер жамандықтың басында,
Жақсы жүрер жақсылардың қасында!
Таласа да тірлік үшін бір-бірін,
Бұзбайды екен шиебөрі бірлігін.
Серік болмас көкте қарға лашынға,
Лашын — бұлтта, құзғын боқтық басында!)
Жаман-Жақсы жараспайды ешқашан,
Түзу-Қисық қабыспайды ешқашан.
2250 Жарық күнге жарық бермес қара түн,
Қызыл отқа қонақ болмас қара су.
Білгің келсе, біліспеген кісіні,
Білішін* біл, сұрап ал да түсініп.
(Білгің келсе адамның жөн-жосығын,
Сұра əуелі кім екенін досының.)
Күллі нəрсе үйірімен жүзіп жүр,
Қыңырларға қатынаспай түзу жүр!
Дəлеліндей бұл бəйітті оқығын,
Оқып, ойлап, көңіліңе тоқығын:
«Жүгірген аң, ұшқан құс та, қарашы,
Тең-тұсымен, серіктесіп, жарас-ты.
(Дос-досымен, тұрымтайың тұсымен — 
Жердің құрты жұғыспас көк құсымен.)
2255 Жаман-жақсы қатыспайды, біліп ал,
Бар нəрсенің өз жұбы бар, жігі бар».
Уəзір — бектің кеңесшісі, сырласы,
Кеңесшісі — теңі, бейне құрдасы.
Ізгі кісі, теңіңді ізде табысар
Құлқы жаман — қырсық болып жабысар.
Бектер жаман кісіменен жұғысса,
Аты шулап, пəле тиер ұлысқа.
Жақын тартса бек жақсыны көшелі,
Жақсы ат қалып, ел түзеліп өседі.
2260 Болса сондай уəзірі хандардың,
Бегі — тыныш, қарасы* — тоқ, аңғарғын.
Месел қайтпай. Өрлеп тірлік өріне,
Қайсы ісі де келіп тұрар жөніне.
Халқы байып, елі мен жері жасанар,
Қазына толып, жылдар құтқа апарар.
Мəңгі-бақи қартаймастай ат қалар,
Қартайса, өлсе — орны жақсы сақталар. 
Мына жалған ол жалғанға ауысып,
Мəңгі жасар құт-дəулетпен қауышып!
(Көрген адам бұл дүние қызығын,
Білмес, əсте, ол дүние бұзығын!) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет