14
Зерттеу әдістері
Зерттеу үш кезеңде жасалды:
Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша ғылыми әдебиеттер,
нормативтік-құқықтық құжаттар зерттелді, бұқаралық спортты дамыту
саласындағы тәжірибеге талдау жүргізіліп жалпыланды, зерттеу концепциясы
қалыптастырылды, соны ескере отырып негізгі зерттеу мәселелері, магистерлік
зерттеудің объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері қойылды, сондай-ақ, зерттеу
тұжырымдамасы да құрастырылды.
Зерттеудің екінші кезеңінде бұқаралық спорт пен оның жеке түрлерінің
теориялық мәселелері, тәжірибелік материал жинақталып талдау жасалды,
Қазақстан мен шет елдегі бұқаралық спорттың даму тәжірибесі зерттелінді,
оның тиімділігін жетілдіру және арттыру шарттары анықталды.
Үшінші кезеңде жүргізілген талдау нәтижелері бағаланып, жалпыланды
және жұмыс бойынша негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар құрылды.
Магистерлік жобаны жазу кезінде талдау және жүйелеу, дедукция және
индукция, абстракциялау, теориялық модельдеу тәрізді ғылыми танымның
теориялық әдістері мен кабинеттік зерттеулер қолданылды. Қол жеткізілген
тұжырымдар ғылыми зерттеудің басқа да әдістерімен толықтырылып,
тексерілді: мемлекеттік статистиканың мәліметтеріне, нормативтік актілерге,
бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарына және т.б. талдау
жасалынды.
Теориялық әдістердің ішінде ең алдымен, әдебиеттерді зерттеуге, қай
деңгейде екені анықталған нысанды жан-жақты талдауға, зерттеу нысанын
анықтап, оны талдауға мүмкіндік берген теориялық талдауды атап көрсетуге
болады. Мәселен, талдау әдісі тақырыпты құраушы бөліктерге бөлуге, яғни
спорт индустриясын зерттеуге, оның қазіргі заманғы қоғамдағы рөлі мен негізгі
мәселелерін анықтауға мүмкіндік берді. Ал жүйелеу, керісінше, талдау
барысында алынған білімді біріктіріп, бір жүйеге келтіруге мүмкіндік берді,
яғни біздің жағдайымызда ол бұқаралық спорттың қызмет ету механизмі мен
оның ары қарайғы даму механизмін жүйеледік.
Сондай-ақ, жобаны жазу барысында біз ғылымның әр түрлі салаларында
әр түрлі зерттеулер жүргізу үшін кеңінен қолданылатын танымның
салыстырмалы әдісін қолдандық. Ол ортақ және ажыратушылық нышандарды
аңғару үшін зерттелінетін екі немесе одан көп нысандарды сәйкестендіру үшін,
оларды топтарға біріктіру үшін, жіктеу үшін қолданылады. Әдетте ондай
нысандар қызметін зерттеулердің белгілі бір нәтижелері, құбылыстар,
сипаттамалар және т.б. атқарады.
Салыстыру әдісімен қатар және біздің зерттеуімізді жүргізу мақсатына сай,
құқықтық салыстыру әдісі кеңінен қолданылды. Оның негізі ретінде Қазақстан
Республикасының заңнамасы, ал дәлірек айтсақ, бұқаралық спортты реттейтін
заңдар нормасы алынды. Құқықтық салыстыру әдісін қолдана отырып,
бұқаралық спорттың дамуы мен оны реттеу нормаларының дамуын бақылауға
болады, сондай-ақ, ол басқа мемлекеттердің бекітілген құқықтық нормалары
15
мен біздің еліміздің ағымдағы нормативтік-құқықтық нормаларымен
салыстыруға мүмкіндік берді. Аталған әдістің басты артықшылығы болып
шетелде қолданылып жатқан үздік тәжірибелерге талдау жасау негізінде
оларды қазақстандық спортты дамыту үшін қолдану мүмкіндігі болып
табылады.
Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілері мен ғылыми басылымдарды
зерттеумен қатар бұқаралық спортты дамыту мен қаржыландыру бойынша
аналитикалық есептерді зерттеу әдісі де қолданылды. Аталған материалдар
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері
комитетінде өндірістік тәжірибеден өтуі барысында кабинеттік зерттеулер
барысында жиналды. Жұмыстың мақсаты келесідегідей: бұқаралық спорттың
даму қарқынының қандай екендігін анықтау, қазіргі таңдағы спорт
инфрақұрылымының қамтамасыздандырылу деңгейі қандай және соңғы
бірнеше жылдағы қарқын қандай. Ары қарай дәл осы есептерден Спорт
комитетінің бақылауындағы басқа да салаларымен салыстырғандағы бұқаралық
спортты дамытуға бағытталған қаржы көлемін анықтау, бұқаралық спорт
саласындағы кадрлар жағдайы қандай екендігін анықтау жоспарланды.
Жұмысты зерттеу барысында тиімді әдістердің бірі ретінде проблеманы
анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Сауалнама гугл формс қосымшасымен
жүргізіліп, өңделді. Сауалнамаға жалпы 123 респондент қатысты.
Сонымен, магистерлік жобаны жазу кезінде біз зерттеудің келесі әдістерін
таңдадық: теориялық талдау, салыстыру, құқықтық салыстыру әдісі, бақылау
әдісі, кабинеттік құжаттық зерттеулер (аналитикалық есептер мен жазбалар)
жүргіздік. Зерттеу шетелдік және қазақстандық авторлардың теориялық
ақпаратын зерттеуге негізделді. Оның үстіне, танымның әр түрлі әдістерін
пайдалану еліміздегі бұқаралық спорттың дамуына жасалған талдауға
тереңдеуге, проблемалық тұстарын анықтауға, сондай-ақ, әрі қарай спортты
қаржыландыруға және оны жалпы дамыту механизмін жетілдіру негізіне
жататын ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді.
|