4. агаджанян м репатриация соотечественников: Вопросы правового обеспе



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата25.05.2023
өлшемі205,23 Kb.
#97299
  1   2
Байланысты:
оралман статья



20
Кұқық және мемлекет, №1 (58), 2013
21
Право и государство, №1 (58), 2013
Право и миграционная Политика
Право и миграционная Политика
1. Қазақстан республикасы Конституциясы. [электронды қор]. – Кол жетілім 
режимі: http://www.adilet.gov.kz (ашқан күні:13.15.03).
2. халықтың көші-қоны туралы. Қазақстан республикасының 2011 жылғы 22 
шілдедегі № 477-IV заңы. [электронды қор]. — Кол жетілім режимі:http://www.
adilet.gov.kz (ашқан күні:13.04.03).
3. халықтың көші-қоны туралы. Қазақстан республикасының 2011 жылғы 22 
шілдедегі № 477-IV заңы. [электронды қор]. — Кол жетілім режимі:http://www.
adilet.gov.kz (ашқан күні: 13.27.03).
4. агаджанян м. репатриация соотечественников: Вопросы правового обеспе-
чения и эффективной реализации // ххІ век. — 2006. -№ 1 (3). — с.23; закон 
о возвращении (1950 год). [электронды қор]. — Кол жетілім режимі: ://www.
callofzion.ru/pages.ашқан күні (13.26.03).
ОРАЛМАнДАРДЫ 
әЛЕУМЕТТіК бЕйіМДЕУ 
жәнЕ ЫҚПАЛДАСТЫРУ 
ҚЫзМЕТін
ҰйымдаСтырудың ҚҰҚыҚтыҚ 
Проблемалары 
у. ш. шаПаК,
Қазгзу Ұлттық құқық жоғары мектебінің директоры, з. ғ. д., 
профессор
Қ
азіргі заманда көптеген мемлекеттерде тарихи отанына 
тұрақты тұру мақсатында, бұрында осы елден басқа елде 
тұрақты тұрған, этникалық ұлты тұрғылықты ұлтпен бірдей 
қайтып көшіп келетін адамдардың саны көбейуде. Көші-қон мәселесі 
әлемдік деңгейдегі көкейтесті мәселелердің бірі. 
дүние жүзінде жаһандану және интеграциялану үдерісі қарқынды 
жүріп жатқан кезде, көшi-қон үдерістері мемлекеттiк қауiпсiздiкке, 
қоғамдық келiсiмге, елдегi экономикалық және демографиялық 
ахуалына серпінді ықпалын тигізетіні анық. Қазіргі таңда Қазақстан 
республикасындағы көші-қон үдерісінің құқықтық негізін Қазақстан 
республикасының Конституциясы
1
, 2011 жылғы 22 шілдедегі «халықтың 
көші-қоны туралы» Қазақстан республикасының заңы
2
құрайды.
жоғарыда аталған қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер 
халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, 
көші-қон үдерістерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік 
негіздерін айқындайды. сонымен қатар біздің елде халықтың көші-
қоны саласындағы мемлекеттік саясаты нақты басым қағидаттарды 
анықтап, қолданыстағы заңдармен бекітілген. атап айтсақ, Қазақстан 
республикасының Конституциясына, заңдарға және халықаралық 
шарттарға сәйкес көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын 
тану және оларға кепілдік беру; ұлттық мүддені қорғау және ұлттық 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету; жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің 
мүдделерін ұштастыру; пайдаланылатын ақпараттың жаңартылуы және 
бірнеше рет қайталануы негізінде көші-қон процестерін реттеудің 
ашықтығы; мемлекеттің көшіп келудің әрқилы түрлерін реттеудегі 
сараланған тәсілін қолдану. Оралмандардың көші-қоны саласындағы 
мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттеріне көшіп-қонушылардың 
құқықтары мен бостандықтарын қорғау; өңірлердің демографиялық 
және әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін ескере отырып, 
оралмандарды ұтымды орналастыруды ұйымдастыру; шетелде 
тұратын бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен 
өзара қарым-қатынасты, оның ішінде мәдени ынтымақтастық пен 
ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы өзара қарым-қатынасты 
қолдау және дамыту; этникалық қазақтардың тарихи отанына қоныс 
аударуына жәрдемдесу болып табылады. 
«халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан республикасының заңының 
1 тарауында «оралман» деген мәртебеге анықтама берілген. яғни, 
оралман — тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан 
республикасына келген және халықтың көші-қоны туралы заңда 
белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған Қазақстан республика-
сы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық 
қазақ және оның Қазақстан республикасы егемендік алғаннан кейін 
одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары
3

аталған қолданыстағы заңға сәйкес, этникалық қазақ шетелде тұрақты 
тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып 
табылады. Әлемдегі кез келген мемлекеттердің саяси үдерістерін 
басқару бағдарының бір бөлігі көші-қон мәселесіне арналған. дүние 
жүзінде жаһандану және интеграциялану үдерісі отандастарының 
тарихи отанына оралу мәселесінің аумағын кеңейтті. демек, мәселе 
тек бір ұлттық мемлекеттің деңгейінде ғана емес, әлемдік деңгейде 
құрылған мемлекеттер одағы шеңберінде, яғни жаһандық пробле-
ма ретінде көтерілген. мысалы, тмд, еуро Кеңес және т.б. 
1949 жылы еуро Кеңес кеңістігінде туындайтын көші-қонды 
халықаралық реттеу бойынша штаб-квартирасы францияның страс-
бург қаласында құрылған еді. 1989 жылы Орталық және шығыс еу-
ропа елдерінің көбі осы гуманитарлық ұйымның мүшесі болып 
тіркелген болатын. ал, еуро Одақ мемлекеттері көші-қонды реттейтін 
халықаралық нормативтік құқықтық актілерді мойындай отырып, осы 
кеңістіктегі көші-қон проблемаларын реттейді. еуро Одақ құрылтай 
шарты, халықаралық құжаттар және басқа да еО институттарының 
мақалада оралмандарға бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін 
көрсету, яғни, оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға 
бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін (ақпараттық, 
заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) қызметтер 
кешенінің құқықтық негізі және оны құқықтық реттеу жолдары 
қарастырылған. 
түйінді сөздер: оралман, миграция, әлеуметтік бейімдеу, ықпалдастыру, 
көші-қон процесін реттеу, этникалық қазақ, көшіп келу квота, көшіп 
келушілер құқығы, көші-қон заңнамасы, көші-қон саясаты.
құқықтық актілері Одақ мүше-мемлекеттеріне тікелей қолданылады 
және ұлттық заңнамасына имплементацияны талап етпейді. 
шетел заңнамаларында және халықаралық құжаттарда тарихи 
отанына тұрақты тұру мақсатында оралған адамдарға «репатри-
ант» деген ұғымды қолданады. шетел тәжірибесіне назар аударсақ, 
отандастарының (оралмандардың) көшіріп алу процесі бойынша бай 
тәжірибесі бар елдердің қатарына Израиль мен германия жатады. 
Израильда Кнессотамен 1950 жылы 5 шілдеде бекітілген Қайта ора-
лу заңы (ивр. «хок ха-швут») бойынша ұлты еврей адам осы елдің 
азаматы болу мүмкіндігіне ие. Қолданыстағы заңдарында былай 
көрсетілген:
Кез келген еврей Израильге репатриациялануға құқылы.
1. 
репатриация репатрианттың кіру визасы арқылы жүзеге асырыла-
2. 
ды. репатриант визасы Израильде қоныс аударуға қызығушылығын 
білдірген кез келген еврейге беріледі, бірақ визаалушы тарап ретінде 
Израиль Ішкі істер министрлігі тұлғаның жеке басын тексереді. 
егер қоныс аударуға тілегін білдірген азамат еврей халқына қарсы 
бағытталған, Израиль азаматтарының денсаулығы немесе Изра-
иль мемлекетінің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттер жаса-
са, оларға рұқсат берілмейді;
Қайта оралу заңында көрсетілген еврей құқықтары, сонымен 
3. 
қатар азаматтық туралы заңында (1952 ж.) көрсетілген, және 
басқа да заңнамаларында көзделген репатрианттың құқықтары 
оның балалары, немерелері мен жұбайы және оның балалары 
мен немерелеріне таралады
4
.
Қайта оралу заңы әрбір еврейге Израильге автоматты түрде ре-
патриациялану құқығына кепіл береді. Қайта оралу заңы бойынша 
мемлекетке келген әрбір еврейге қолданыстағы азаматтық туралы 
заңына сәйкес азаматтықты автоматты түрде береді.
Израильдің тәжірибесі көрсеткендей, репатрианттарға азаматтықты 
беру бұл израиль қоғамына ықпалдастыру үдерісінің бастауы бо-
лып табылады. Қабылдаушы мемлекеттен репатриация процессінің 
аяқталушылығының тиімділігін қамсыздандыратын ойластырылған 
бағдарлама жасалады. Осылайша, Израильде оралмандардың көш-қон 
үдерісі және оған байланысты мәселелерді ғана шешіп қана коймай, 
одан ары қарай израиль қоғамына жаңадан келгендердің әлеуметтік 
бейімделуін және ықпалдасуын қамтамасыз етеді. Израильде тікелей 
және одан ары әлеуметтік бейімделуін және ықпалдасуын қамтамасыз 
ету үшін оралмандарды (негізінен кәсіби біліктілігіне қарай - ғалымдар, 
дәрігерлер, инженер, өнер мамандары) диверсификациялап тілді 
меңгерту, тұрғын үймен, еңбекпен қамтамасыз ету мәселелерін 
жүйелі шешетін нақты кезеңдерге бөлінген бағдарлама жасайды. 
Оралмандарға көмек көрсетудің жауапкершілігі арнайы үкіметтік 
органдарына, яғни абсорбция министрлігі мен еврей агенттігінің ре-
патриация арнайы бөліміне жүктелген. абсорбция министрлігінің 
міндеттеріне: оралмандарды тұрғын үймен қамсыздандыру, бастапқы 
ақшалай көмек, басқа мекемелермен байланысып оралмандарды 
абсорбциясы бойынша қызметін үйлестіру жатады.
германия мемлекеті де этникалық немістерді отанына қайтару 
бағытында біршама тиімді жұмыстар атқарған. Көші-қон үдерісін 
ұйымдастыратын германдық жүйе федеральдық лагерь мен земельдік 
лагерьден тұратын. германияның бірінші деңгейдегі федеральдық 
лагері жаңадан келген немістерді қабылдап, олардың жеке басын 
куәландыру және оның құжатын тексеруді жүргізеді. демек германияға 
Қазақстан республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары 
жөніндегі комиссия. «Қазақстан республикасындағы оралмандардың, 
азаматтығы жоқ адамдардың және босқындардың құқықтарынын 
ахуалы туралы» арнайы баяндама. жалпы редакциясын басқарган 
Қуаныш сұлтанов, тастемір Әбішев. астана, 2012. — 140 бет.
Комиссия по правам человека при Президенте республики Ка-
захстан. специальный доклад «О ситуации с правами оралманов, 
лиц без гражданства и беженцев в республике Казахстан». Под 
общей редакцией Куаныша султанова, тастемира абишева. аста-
на, 2012. — 144 с.


22
Кұқық және мемлекет, №1 (58), 2013
23
Право и государство, №1 (58), 2013
келген отандастарының өткен өмірін тексеріп, олар тарапынан қауіп-
қатердің туындамайтынына көздерін жеткізу шараларын жасайды. гер-
манияда өмір сүру үшін бастапқыда қажет болатын ақша қаражатпен 
көмектеседі. Осы лагерьде неміс отбасыларының ары қарай қай жер-
де орналасатыны жайлы мәселе шешілетін. федеральдық лагерь-
де екі апта болған соң земельдік лагерге жіберіледі. земельдік ла-
герьде мемлекеттік және муниципальды органдар қоныс аударған 
отандастарымен әлеуметтік бейімдеу және ықпалдастыру шара-
ларын жүргізеді. демек олардың қай жерге тұрақтанатыны нақты 
шешіледі. лагерьде жаңадан келген отандастарына ақпараттық көмек 
көрсетуге дайын, герман жоо-да, арнайы оқу орындарында тегін 
оқыту, кәсіби дағды меңгертуге әзір және әлеуметтік көмек беретін 
көптеген гуманитарлық ұйымдар мен қорлар жұмыс жасайды. со-
нымен қатар, бұл жерде отандастарымен арнайы мемлекеттік ор-
ган сұрау жұмыстарын жүргізеді. лагерьде келген отандастарының 
тіл деңгейін анықтау мақсатында тестілеу жүргізіп, нәтижесінде тіл 
курстарына жібереді. тіл курстары жарты жылға дейін аралықта 
оларды үйретеді
5
. Осылай германия мемлекеті отанына оралған 
отандастарын әлеуметтік бейімдеуден өткізеді. 
сонымен қатар, көрші ресей және Польша мемлекеттерінде де қоныс 
аударған отандастарын әлеуметтік бейімдеу және ықпалдастыру 
шаралары мемлекет тарапынан ұйымдастырылады.
жалпы алғанда, оралмандарға бейімдеу және ықпалдастыру 
қызметтерін көрсету дегеніміз оралмандар мен олардың отбасы 
мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында 
көрсетілетін (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім 
беру) қызметтер кешені болып табылады. аталған қызметтерді орал-
мандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында жасау қажет. 
яғни Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан 
республикасының Үкіметі құратын және оралмандардың, сондай-
ақ олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруына және оларға 
бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетуге арналған 
ұйымда.
Қазіргі таңда оралмандардың құқықтық мәртебесі оралман 
мәртебесін беру және оралмандарды көшіп келу квотасына енгізу; 
оралмандарды көшіп келу квотасына олардың отбасының жеке 
мүшелерін енгізу ерекшеліктері; оралмандарды бейімдеу және 
ықпалдастыру, оралман мәртебесін тоқтату мәселелерін, сондай-
ақ олардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін 2011 жылғы 22 
шілдедегі «халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан республика-
сы заңының 3-тарауында айқын анықталған
6
. 2011 жылғы шілдеде 
«Қазақстан республикасының азаматтығы туралы» заңға өзгерістер 
енгізілген. соған сәйкес оралмандарды Қазақстан азаматтығына 
қабылдау оңайлатылған (тіркеу түріндегі) тәртіппен, үш айдың 
ішінде жүзеге асырылады.
Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 
оралмандар мен олардың отбасы мүшелері жеңілдіктер, өтемақылар 
және басқа да әлеуметтік көмек түрлерін, сондай-ақ бейімдеу және 
ықпалдастыруға қатысты қызмет көрсетулер ала алады.
Қоныс аударған оралмандарға медициналық қызмет көрсетудің, 
білім берудің қол жетімдігі заң негізінде қамтамасыз етілген. 
Қазақстан республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
министрлігінің мәліметтері бойынша, еңбекке жарамды жастағы 
оралмандардың 70%-дан астамы өндірістің әртүрлі салаларын-
да жұмыспен қамтылған, әрбір төртіншісі ауыл шаруашылығында 
жұмыс істейді
7
. мемлекет тарапынан оларды жұмыспен қамтуға 
жәрдемдесу шаралары жүзеге асырылып, мақсатты топтардың біріне 
жатқызылған. сондықтан жұмыспен қамтамасыз ету орталықтары 
мақсатты топтарды бірініші кезекте жұмыспен қамтамасыз ету ша-
раларын жүзеге асырады. Облыс орталықтарында жұмыссыздық 
тізіміне тіркелген адамдар толығымен жұмыспен қамтылуда. 
еліміздің кейбір облыс орталықтарында ашылған оралмандарды 
бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарындағы іске асырылып 
жатқан бейімдеу бағдарламалары біріншіден, құқықтық мәселелер 
бойынша кеңес беруді; екіншіден, мемлекеттік тілді және қалауы 
бойынша орыс тілін үйретуді; үшіншіден, кәсіптік даярлауды, қайта 
даярлауды және біліктілікті көтеруді көздейді. Осы бағыттарда 
біршама шаралар жасалуда. Бірақ бұл проблемалар шешімін тап-
ты деу әлі ертерек. 
жалпы еліміздің ұлттық бірдейлігі мен қауіпсіздігін сақтау және дамыту 
шеңберінде заңсыз көші-қонды қысқарту және қоныс аударушыларға 
сұрыптаушылық тұрғыдан қарау көші-қон процестерінің келеңсіз 
салдарын азайтады. Оралмандарды қазақстан азаматтық қоғамына 
бейімдеу және ықпалдастыру шараларының жүйелі және кешенді жа-
салмауы себептеріне байланысты, оларды қоғамдағы кейбір келеңсіз 
оқиғаларына себеп болуына әкеп соқтыруда. мысалы, әлеуметтік 
шиеленістердің нәтижесінде туындаған жаңа өзен оқиғасы, алма-
ты облысындағы шаңырақ дүмпуі және т. б.
«Қазақстан республикасындағы оралмандардың, азаматтығы жоқ 
адамдардың және босқындардың құқықтарының ахуалы туралы» 
арнайы баяндамасына сүйене отырып, Қазақстан республикасы-
на келген оралмандар санының қарқыны мен құрылымын талдап 
көрсетуге болады: 1991 жылдан бастап 2011 жылғы 1 қазанға шейін 
тарихи отанына 221,3 мың отбасы немесе 860,4 мың этникалық 
қазақ оралды. Оның ішінде көшіп келу квотасына 127,7 мың отба-
сы енгізілді, квотадан тыс өз бетінше 94,2 мың отбасы қоныстанды. 
Бұл ретте, келген оралмандардың жалпы санының 51% 2004-2008 
жылдардың еншісінде (439 430 адам). 
Оралмандардың елге ағылу қарқыны бесжылдықтар кезеңі 
қимасында келесідей болған: 1991 - 1996 жылдар — 12,1% (104 009 
адам);1997 — 2001 жылдар — 9,6% (82 335 адам); 2002 — 2006 
жылдар — 44,8% (384 106 адам); 2007 — 2011 жылдар — 33,5% 
(287 710 адам).
Оралмандардың жалпы санының басым бөлігі — 60,5% — 
Өзбекстаннан келген, 12,4% — Қытайдан шыққандар, 10,4% — 
моңғолиядан, 7,8% — түркіменстаннан, 5,3% — ресейден және 
4,0% — басқа елдерден келгендер. Оралмандардың шыққан елдері 
олардың қоныстану өңірлерін айқындады. Оралмандардың басым 
бөлігі Оңтүстік Қазақстан — 21,4% (немесе 183,4 мың адам), алматы — 
15,2% (130,7 мың адам), маңғыстау — 12,5% (107,5 мың адам) және 
жамбыл облыстарында — 9,3% (80,3 мың адам) тұрады
8
. елімізде 
7. Қазақстан республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комис-
сия. «Қазақстан республикасындағы оралмандардың, азаматтығы жоқ адамдардың 
және босқындардың құқықтарының ахуалы туралы» арнайы баяндама. /жалпы 
редакциясын басқарған Қуаныш сұлтанов, тастемір Әбішев. астана, 9б.
8. Қазақстан республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі 
комиссия. «Қазақстан республикасындағы оралмандардың, азаматтығы жоқ 
адамдардың және босқындардың құқықтарының ахуалы туралы» арнайы баян-
дама. жалпы редакциясын басқарған Қуаныш сұлтанов, тастемір Әбішев. аста-
на, 9-10 бб.
Право и миграционная Политика
Право и миграционная Политика
оралмандарға 2012, 2013 жылдары квота жоспарланбаған. 
Қазақстан республикасына қоныс аударып келген 860 мыңнан 
астам оралмандардың қаншасы бейімдеу және ықпалдастыру 
орталықтарында болғанын және қандай жеңілдіктер, өтемақылар 
және басқа да әлеуметтік көмек түрлерін алғанын нақты айту қыйын. 
себебі көші-қон мәселесімен айналысатын мемлекеттік мекеменің 
құзыры бір министрліктен бір министрлікке көшіп, атқаратын ісінің 
бағыттарының ауысуына байланысты ұдайы кешенді, тәптіштелген, 
жүйелі жұмыстар жасалмаған. 
ендігі таңда халықтың көші-қоны аясындағы мемлекеттік саясатты 
қалыптастыру мәселесі жаңадан құрылған Өңірлік даму министрлігінің 
құзырына берілді. Бұл саясат белгілі бағыттарды, яғни халықтың 
ұлттық құрамы сипатындағы демографиялық, ұлттық кадрлардың 
сапалы кәсіби деңгейлік, шетелде жүрген отандастарымыздың 
тағдыры мәселелерін қамтыған болуы тиіс. 
Оралмандарды әлеуметтік бейімдеу және ықпалдастыру шарасын 
жүзеге асыру үшін жаңа кешенді, жүйелі жұмысты қалыптастыру 
қажет. Оралмандарға бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін 
көрсету үшін оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға 
бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында, ақпараттық, заңдық, 
әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтерін жүйелі 
түрде жасай алатын орталықтардың қызметін қайта жандандыру 
жаңа министрліктің қолында. Қызмет көрсететін орталықтың жұмыс 
тәртібі туралы ерже қабылданған дұрыс. сонымен қоса, Қазақстан 
республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан республикасының 
Үкіметі құратын және оралмандардың, сондай-ақ олардың отба-
сы мүшелерінің уақытша тұруына және оларға бейімдеу және 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет