125. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға
ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және
көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада
мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты
көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес
мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне
негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да
тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс
орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік
алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-
қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты
Орталық Азия
мен
Қазақстан
аймағы
әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының
арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен
қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты
бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны
бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму
мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат
басымдылығы ең алдымен
Ресей
,
Қытай
,
АҚШ
,
ЕО
, Орталық Азия аймағындағы көршілес
мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл
тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты
байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол
қойылған мемлекет басшылығының
Вашингтон
,
Мәскеу
,
Брюссель
,
Лондон
,
Бейжің
,
Каир
,
Тегеран
,
Ташкент
,
Бішкек
және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми
сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң
әлемнің жетекшi державалары мен көршілес
ТМД
мемлекеттepi арасындағы стратегиялық
серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және
экономикалық, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен
ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймақтың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес,
экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз
қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі
қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз
байланысты. Сол себепті Қазақстан
Орта Азиялық Одақ
құру идеясын алға тартып отыр.
Бұл бірлестікке Қазақстаннан басқа аймақтың
Өзбекстан
,
Қырғызстан
,
Тәжікстан
және
Түрікменстан
сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында
Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің
Астанаға
іс-сапарлары барысында және
Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында
мемлекетаралық, саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың
дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар
Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ
идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |