209
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(137). 2012
11. Сулейменова Э.Д., Смагулова Ж.С. Языко-
вая ситуация и языковое планирование в
Казахстане. – Алматы: Қазақ университеті,
2005. – 344с.
* * *
В данной статье рассматриваются роль и проблемы
англицизмов в хинди и казахском языке, процесс заим-
ствования иностранных слов и аспекты изучения ан-
глийских элементов. В статье также приводятся примеры
и выводы зарубежных исследователей по проблеме
заимствования иностранных слов. Анализируются про-
цесс заимствования англицизмов в казахском языке и
хинди, их сферы использования.
* * *
The issue and role of English elements in Kazakh and
Hindi lexicology, the process of adoption of foreign words and
the aspects of the study of loan words in Kazakh and Hindi
languages are analyzed by the author in this article. The article
also provides examples and conclusions of foreign scholarship
on the issue. The process of borrowing English words in
Kazakh and Hindi languages as well as the area of their usage
is considered in this work.
Медиамәтіннің прагматикалық қырлары
Г. Жақсылықова
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың II курс магистранты, Алматы, Қазақстан
Аннотация. Мақалада медиамәтіннің прагматикалық компоненттері талданады. Мәтіннің
прагматикалық функциясы жан-жақты сипатталады. Прагматика туғызатын объектілер жіктеліп,
медиакеңістіктегі мысалдармен нақтыланады. Медиакеңістіктегі жаңа тілдік беталыстарға баға
беріледі.
Мәтін қоғамдық кеңістікте ақпарат тасымал-
дайтын бірлік. Демек мәтін ақпарат өмір сүре-
тін кеңістік. Логикалық тұрғыдан түйінделген
ой, тілдік тұрғыдан санада бейнеленіп, тілде
сипат алған тілдік бірліктердің жиынтығынан
тұратын тілдік конструкциялар мәтінге бірігеді.
Мәтіннің өзі іштей иерархиялық қатынасқа
құрылған тілдік бірліктер: сөз, сөз тіркесі, сөй-
лемнен тұрады. Бұл таза құрылымдық сипаты.
Әрбір мәтін коммуникативтік мақсатқа құры-
лады. Сол мақсаттың сипатына қарай мәтін
құрамына кіретін тілдік бірліктер автоматты
түрде сана арқылы жүзеге асырылып, ірікте-
леді. Коммуникативтік мақсат құруда мәтіннің
прагматикасын ескермеу мүмкін емес. Себебі
кез келген мәтін адресантынан реципиенті-
не бағытталғанда белгілі бір прагматика ту-
ғызады. Мәтіннің прагматикасы дегеніміз қа-
рапайым тілмен айтқанда мәтіннің реципиент
тарапынан туғызатын реакциясы. Адресат пен
адресантты диалог субъектілері ретінде ал-
сақ, адресант дайын мәтін ұсынса, адресат
сол мәтінге қатысты өзінің көзқарасын ұсы-
нады.
Прагматика теориясы бастауын батыстан
алады. Осы мәселені алғаш сөз еткен Ч. Мор-
рис болды. Ал прагматика жайында әрқайсысы
өз нысанына сәйкес қазақ ғалымдары да сөз
қозғады. А. Алдашева публицистикалық тер-
миндер прагматикасы жайлы, Б. Момынова
газеттік лексиканың прагматкалық аспектісін,
З. Ерназарова сөйлеу тілінің прагматикалық
ерекшеліктерін жазды. Қ. Есенованың «Қазіргі
қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы» деген та-
қырыптағы докторлық диссертациясы мен
Ф. Жақсыбаеваның «Газет мәтінінің прагма-
тикалық функциясы» деген тақырыптағы кан-
дидаттық диссертациясы аталмыш тақырып
аясында мол ақпарат берері сөзсіз.
Ақпараттың мәтінге айналғанға дейінгі, пай-
да болу процесі лингво-психологиялық үрдіс.
Адам қоршаған ортамен танысып бастағанда,
оның санасы айналадағы ақиқат болмыстың
бөлшектерін, әлемнің пәк бейнесін танып, қа-
былдайды, түйсінеді, содан кейін ғана кодтап,
оларға тілдік сипат береді.
Қ. Есенова өз еңбегінде мәтін прагмати-
касын: «Кодталған ақпараттың адресат та-
Достарыңызбен бөлісу: |