К. Алтаева жазбаша сөйлеу мəдениеті оқу-əдістемелік құрал Алматы



Pdf көрінісі
бет10/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#98882
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
Алтаева жазбаша сөйлеу мәдениеті (1)

5 - дәріс. Грамматикалық норма 
Қазақ тілінің грамматикалық амал-тәсілдері, тұлғалары, құралу тәртібі 
белгілі қалыпқа түсіп, жұртқа әбден дағдылы болған: сөз таптарының, сөз 
тұлғаларының, сөйлем құрылысының алуан түрлі бөлшектері қиюын тауып 
қалыптасып кетті. Грамматикалық құрылыстың сол қалпын
грамматикалық 
норма дейміз.
Грамматикалық нормалар грамматикалық ережелер негізінде, әдеби 
тілдің қалыптасу барысында жасалады. Әдеби тілде бардың бәрі бірдей норма 


16 
бола бермейді. Мысалы, Абай тұсында, Абай шығармаларында, ауыз 
әдебиетінде «бармаққа керек», «айтарға керек» тәрізділер кездеседі, ондайды 
бұл күнде «бару керек», «айту керек» деп жазамыз.
Ғасырлар бойы жасалған грамматикалық ережелердің, грамматикалық 
категориялардың жұмсалу аясы қаншалықты кең болғанымен, олардың толып 
жатқан бұлтарыстарына да кез боламыз. Мысалы, жалпы ереже бойынша зат 
есімдерге жалғанатын көптік, тәуелдік жалғаулардың орналасу тәртібі былай 
болады: түбір сөзге алдымен көптік жалғау, оның үстіне тәуелдік жалғау 
жалғанады: терезелерің, ата-бабаларымыз т.б. 
Осы бір тиянақты-ақ деген ережеге бағынбайтын, одан ауытқып 
айтылатын мынандай сөздер бар: апаларым-апамдар, әкелерің-әкеңдер
жезделерім-жездемдер. Бұлардың екеуі де тілге жатық, ойға қонымды, екеуі 
де әдеби. Солай екен деп зат есімдерге көптік, тәуелдік жалғауларын жалғауда 
орнықты тәртіп жоқ деуге болмайды. Болмайтын себебі – кез-келген зат есімге 
жоғарыдағыдай көптік пен тәуелдікті орын ауыстырып жалғай бермейміз. Тек 
қадірмен туысқандық қатынасты білдіретін – ата, әке, көке, жәке, аға, әже, апа 
сияқты зат есімдерге ғана ол жалғауларды шәлкес орналастыруға болады. 
Сонда олардың мағыналары бірдей болмай, екі түрлі болады: апаларым, 
аталарым... дегенде, көптік жалғау сол сөзі жалғанған заттың көптігін білдірсе, 
апамдар, атамдар... дегенде, ол бір кісінің қасындағыларды да қоса қамтып, 
олардың да көптігін білдіреді. Бұл жағынан соңғылар Амантайлар, Досандар 
дегенмен бірдей. Осы арадағы бір қызық нәрсе мынау: қайын, іні, балдыз деген 
зат есімдер де туысқандық қатынасты білдіретін топқа жатады, бірақ оларды 
қайындарым-қайынымдар, інілерім-інімдер, балдыздарым-балдызымдар деп 
жарыстыра, екінші сыңарын айтпаймыз. Оның да себебі бар: апамдар, 
әжемдер, әкемдер, Абылайлар, Сырымдар сияқты біреуді ұлық тұтқанда 
айтылады да, іні, балдыз, қарындас тәрізді кішігірімдер ол топқа жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет