Парсы прозасының көркемдік ерекшелігі



бет4/5
Дата19.02.2022
өлшемі21,98 Kb.
#25899
1   2   3   4   5
Байланысты:
Парсы прозасы

Қайта өркендеу дәуірі

Қайта өркендеу дәуіріндегі (10 – 15 ғасырлар) парсы әдебиеті ең гүлденген әдебиет саналды. Қыпшақ даласынан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби Мұрағатталған 5 наурыздың 2010 жылы. (870 – 950), Хорезмдік Әбу Райхан әл-Бируни (973 – 1048/50), Бұхарада туған Әбу Әли ибн Сина (980 – 1037), т.б. энциклопедист ғалымдардың парсы тілдерінде жазылған құнды еңбектері парсы әдебиетін дамытты. “Ақындардың атасы” атанған Ә.Рудакидің (860 – 941) дидакт. жырлары, Ә.Фирдаусидің (940 – 1020/30 ж.ш.) “Шахнамасы” (994 – 1010 ж.ш.), Омар һайямның рубайлары (10 – 12 ғасырлар), Мәуләуидің “Мәснәуиі”, А.Ансари (1002 – 1088), Санаи (1048 – 1126/93/94) сынды сопылық поэзия өкілдерінің жырлары, Ф.Аттардың (1141 – 1229 ж.ш.) “Мантақатут таиыры”, Г.Низамидің (1141 – 1209) “Хамсасы”, Ж.Руми (1207 – 1279), Сағди (13 ғасыр), Хафиздердің сырға тұнған өлеңдері (14 ғасыр), Ә.Жәмидің (1414 – 1492) “Бәһористаны” (1487), т.б. шығармалар, бірнеше поэзиялық топтамалар дүниеге келді. Мұндай туындыларда адами құндылықтар мен Жаратушыға деген ұлы махаббат жырланды. Олардың қаламынан туған құнды еңбектер әлем әдебиетінің алтын қорына қосылды. Көптеген қаламгерлердің шығармаларына әсер етті. Соның ішінде Рудакидің адамдық қасиеттерді жырлаған гуманистік сарындағы өлеңдері Абай поэзиясына ықпал етті. Фирдаусидің классик. туындысы “Шахнаманы” қазақ тіліне аудару ісінде Ораз молда (1856 – 70), Сердәлі ақын (1888), М.Сералин (1914 – 15), М.Дәулетбаев (1934), Т.Ізтілеуов (1934, кітап болып 1961, 2004 ж. шықты) есімдерін ерекше атауға болады. Ораз молда туындыны қара сөз бен өлең араластыра кең ауқымда тәржімалады, бірақ оның еңбегі басылып шықпады. Ал Тұрмағамбет ақын Фирдаусидің 1000 жылдық мерейтойы қарсаңында 11 ай көлемінде қайта жырлап шыққан “Рүстем – Дастанды” М.Әуезов аударма емес, төл туынды ретінде бағалады. Әлемдік классикада жоғары бағаға ие “Шахнаманы” А.Тәжібаева Ташкентте басылған шағатай нұсқасынан (1908), І.Әбдіқадыров Әзірбайжан тіліндегі нұсқаға сүйене келе проза үлгісінде, сондай-ақ Б.Алдамжаров (“Мәнушәһір”, 1973; “Кей Хосрау”, 1976) тәржімалады. Омар һайям рубайларын қазақ оқырманына І.Шаңғытбаев (325 рубай, 1965), Ө.Күмісбаев (2004) танытса, Низами дастандары ерте кезден-ақ қазақ арасына ауызша әрі жазбаша тарады, оның негізінде Абай “Ескендір” поэмасын жазды, Шәкерім сюжеттік желілерін шығармаларында пайдаланды. Жәмидің “Жүсіп – Зылиқа” (1483), “Ләйлі – Мәжнүн” (1484), т.б. туындылары қазақ арасына кең тарады. Сондай-ақ Зийа әд-Дин Нахшабидің “Тотынамасы” мен Кей-Қаустың “Кабуснаме” (1082 – 83) секілді прозалық шығармалары да осы дәуірдің еншісіне тиді. “Кабуснаменің” кей тарауларын Ы.Алтынсарин аударды, Абайдың қара сөздерінің жанрлық, стильдік табиғаты осы шығармамен өзектес болды. Орта ғасырдың соңғы кезеңінде (16 ғасыр мен 17 ғасырдың ортасы) Иранда кітап басу ісі қолға алына бастады, 1641 жылы алдымен христиан әдебиеттері басылып шықты. Парсы әдебиетінің бұл кезеңінде туындаған С.Табризидің (1607 – 77) лирикалық жырларын, өмірінің соңында ғана лайықты бағасын алған Н.Герати (1601 – 1671) шығармаларын атап айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет