Ырықсыз етіс
(Das Passiv)
Passiv = werden + Partizip II
Passiv — құрылымы жағынан күрделі грамматикалық форма. Ол 6 шақтық форманың бәрінде де тұра алатын werden кӛмекші етістігімен
Partizip II-де тұратын жетекші етістікпен құрылады.
Ырықсыз етістің шақ формалары
Passiv-тің грамматикалық белгілері werden кӛмекші етістігі арқылы танылады.
Präsens: Der Roman wird gelesen. Роман тез оқылып жатыр.
Präteritum:
Der Roman wurde schnell gelesen.
Роман тез оқылды.
Perfekt:
Der Roman ist schnell gelesen worden.
Роман тез оқылды.
Plusquamperfekt:
Der Roman war schnell gelesen worden.
Роман тез оқылды.
Futur I:
Der Roman wird schnell gelesen werden.
Роман тез оқылмақшы.
Есте болатын бip жағдай — сабақты етістіктердің бәрі бірдей
Passiv-те қолданыла бермейді.Мағынасы жағынан объектте бағытталып тұрғанымен, оны тікелей игеріп я қамти алмайтын сабақты етістіктерде кездеседі. Бұлар Passiv формасында қолданыла алмайды.Мысалы, bekommen, erhallen, haben, besitzen, kosten, wiegen, enthalten, gelten, umfassen, wissen, kennen сияқты етістіктер агенстің (ic-әрекет иесінің) пациенске әсерінің гӛрі, оның жағдай-қалпын кӛбірек сипаттайды. Мысалы, Ich bekam den Brief (Мен хаты алдым) деген Aktiv формасындағы сӛйлемді Passiv формасына айналдыруға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |