Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация



Pdf көрінісі
Дата09.11.2022
өлшемі285,56 Kb.
#48778
Байланысты:
pdf 20221109 000604 0000



Оқытудың заңдылықтары мен
қағидалары
Тобы:ПП-21-1
Орындаған: Қуандық Жанель 
Тексерген:Байболова Динара


Оқыту процес н ң
заңдылықтары мен
қағидалары
1
Оқыту заңдылықтары
2
Оқыту принциптер
3
Оқыту процес нде
заңдылықтар мен
қағидаларды басшылыққа
алудың мән
4
Тақырыптар:


Оқытудың негізгі заңдылықтары мен қағидалары
Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылық-тарды меңгеру негізінде жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгіл
жағдайда қайтала-натын өзара байланыс заңдылық деп аталады. өзара байла-нысы бар
объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң
деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары
сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың
қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі
заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы бай-
ланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке
заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.


Оқыту заңдары, заңдылықтары
Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен əдіс-тəсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне
тəуелді.
Білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту өзара байланысты.
Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.
Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс-əрекеттеріне тəуелді.
Əрбір тұлғаның жас жəне дара ерекшеліктеріне байланысты таным əрекетін ұйымдастыру.
Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен əдіс-тəсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады. Оқытудың негізгі заңдары:
Қоғамдық қатынастар, əлеуметтік құрылыс пен əлеуметтік тапсырыс тəрбие мен оқыту жүйесін қалып-тастыруға ықпал етуі туралы
заң.
Білім алу, іс-əрекет жолдарын меңгеру жəне тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы
заң.
Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі жəне біртұтастығы туралы заң.
Оқытуда теория мен тəжірибе бірлігі жəне өзара байланысы туралы заң.
- Оқу іс-əрекетінің жеке жəне ұжымдық түрлерінің бірлігі жəне өзара байланысы туралы заң. Заңдылықтар мен заңдар ғылыми
теорияның негізгі бөліктері болып келеді. Кейбір
зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған
педаго-гикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.


Оқыту ісінің табысты болуы білімдік негіздері мен оның күрделі құрылымын білумен
шектелу емес, меңгерген таным-түсініктерді жүзеге асыра алумен жəне оның
заңдылықтарын орындауға қалптастыру арқылы орындалады.Оқытуда ескерілетін
заңдылықтар:
Оқытудың қоғамдық-əлеуметтік талаптарға сай болуы
Оқыту арқылы тұлғаның өздігінен əр жақты еңбектеніп дамуына бағдар берумен
ынталандыру.
Белсенді іс-əрекетке баулу
Даму белсенділігіне қажетті мотивтер туғызу
Оқыту барысында шəкіртке талап қоя білу жəне оларға сенім білдіре отырып, құрметпен
қарау
Білімді меңгеру барысындағы қиындықты жеңудегі шəкірт қуанышын, ынтасын қолдай білу
Оқушының шығармашылық нышандарын демеп, оны ілгері жетілдіре түсуін қолдау
Оқыту барысында тұлғаның жас ерекшелігін жəне дербес өзгешілігін есепке алу
Оқытуда жеке оқушы мен ұжымның белсенділгін көтерудегі ынтымақтастақты сақтауға
ықпал ету
Оқыту заңдары, заңдылықтары


Оқытудың негізгі қағидалары
Оқыту қағидалары мен ережелерi. Оқыту қағидаларын сипаттама.
Қағида (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Дидактикалық
қағидалары - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың
мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту қағидалары
дидактиканың категорияларына жатады. Оқыту қағидасы - мұғалім мен
оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пəндерді
оқытқанда қолданылады. Оқыту қағидасы жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский.
Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тəуелді
болатын заңдарға байланысты екенін дəлелдейді. Сондықтан оның пікірінше,
оқытудық ең басты қағидасы - табиғатқа сай болу қағидасы. И.Г.Песталоцци
оқытудың көрнекілік қағидасы ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын
маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар
аударып, оқытудың қағидаларды психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин
оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты
қолдану керектігін айтқан.


Оқыту қағидалары:
Оқытудың ғылымилық қағидасы ( оқытылатын ғылымның тілі мен қисыны, бүгінгі күн
талабына сай ғылымның негізгі теориялары мен ұғымдарын, ғылымның нақты
əдістерін, қоғамдық жəне табиғи құбылыстардың ғылыми-таным əдістерін);
Оқытудың тарихилық қағидасы ( тарихи даму кезеңдерінің сақталуы)
көрнелік қағидасы;
Я.А. Коменский бұл қағидасы ″Дидактиканың алтын ережесі″ деп атаған. Көрнекілік
қағидасы құралдары: нақты объект, көлемді құралдар (модель, макет, муляждар жəне
т.б); көркем сурет (картиналар, фото суреттер, диафильмдер т.б.); аудио,видео,
аппараттар жəне т.б.
жеткіліктілік қағидасы;
саналылық, белсенділік қағидас
Оқытудың негізгі қағидалары


Дидактика (гр. διαλεκτική – тəлімді) – білім беру, оқыту, тəрбиелеу
теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны
меңгерту жəне тəрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, əр кезеңде
берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын,
білім берудің əдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын
ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тəжірибесінің
негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дəуірінде жалпы мəдениеттің,
ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тəлім-тəрбие ісін жаңаша құру
міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып
қалыптасты.


Оқыту процесінің мақсаттылық ұстанымы. Əрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен,
оның мақсатын анықтайды. Мақсатсыз сабақ, нəтиже бермейді.
Оқытудың ғылымилық ұстанымы. Бұл ұстаным табиғат, қоғам, мəдениет, ойлау, даму
заңдылықтарын білуді талап етеді.Ғылымилық ұстаным-студенттердің таным
қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының жəне жоғары адамгершілік қасиеттерінің
қалыптасуына əсер етеді.
Оқытудың түсініктілік ұстанымы. Түсініктілік ұстанымы –оқытуды студенттердің
дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді.
Оқытудың жүйелілік жəне бірізділік ұстанымы. Оқыту процесінде оқу бағдарламалары
мен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша, теориялық жəне
практикалық мəселелер бірізділікпен белгіленеді.
Оқытудың саналылық пен белсенділік ұстанымы. Саналылық пен белсенділік дегеніміз-
білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмір жəне практикамен байланысын
тереңдету, оқытылатын айғақтар мен олардың мəнін түсіну.
Көрнекілік ұстаным . Студенттерді нақты объектілермен таныстыруды талап етеді.
Ізгілендіру ұстанымы. Ұстаздан студентке деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап
етеді.
Дидактикалық ұстанымдар


Назарларыңызға рақмет !


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет