натрийдің мөлшері – 120 ммоль/л, калий – 4,0 ммоль/л, кальций – 2,4 ммоль/л. Жоғарыда аталған көрсеткіштер осының дамығаны туралы растайды: гиперкалиемияның
гипонатриемияның
гипернатриемияның
гипокальциемияның
гиперкальциемияның
***
Науқас Б., 29 жаста, бүйрекүстібезі қыртысының шумақшалы аумағынан аденома анықталған. Науқас шөлдеу сезімінің күшеюіне басының ауырсынуына, бұлшықеттік әлсіздікке, ұйқышылдыққа, апатияға, іш қатуға шағымданады. Артериялық қысым жоғарылаған, ЭКГ: Р-Q және Q-Т тісшелерінің аралығы ұлғайған, Т тісшесінің амплитудасы төмендеген және кеңейген. Науқаста әйгіленімдердің дамуын келесі алмасудың бұзылыстарымен түсіндіруге болады: натрия және хлордың
натрий және калийдің
калий және кальцийдің
кальций және магнийдің
кальций және фосфордың
***
Науқаста нервтік-бқлшықеттік қозымдылықтың күшеюі, тетания, қанның гипокоагуляциясы, артериялық қан қысымының төмендеуі, тістер мен тырнақтардың кемістігі байқалады. Қанда кальцийдің мөлшері 1,5 ммоль/л. Осы дамыған бұзылыстардың себебі болуы мүмкін: Д гипервитаминозы
гиперальбуминемия
тиреокальцитониннің көбеюі
паратгормонның көбеюі
альдостеронның көбеюі
***
Мыстың метаболизмінің тұқымқуалайтын бұзылыстары кезінде бауырда, мидың базальды ганглиясында, көздің қасаң қабығы мен басқа да тіндерінде мырыштың артығымен жиналуынан ауыру дамиды. Осы жағдайда гиперкупреоздың дамуы байланысты: цитохромоксидазаның жеткіліксіздігімен
мыстың өтпен экскрециялануының азаюымен
дофамин-β-гидроксилазаның жеткіліксіздігімен
церулоплазмиге мырыштың қосылуының күшеюімен
мыстың зәрмен артығымен шығарылуымен
***