саналады: биотиннің тапшылығы
→
ацил-КоА карбоксилаза белсенділігінің
төмендеуі
→
оның метаболизмінің өніміне малонил-КоА өтуінің тежелуі
→
?:
көмірсулар түзілуінің күшеюі
глутамин қышқылы переаминделуінің бұзылуы
Кребс оралымында пирожүзім қышқылы түзілуінің белсенуі
жоғары май қышқылдары түзілуінің азаюы
гемоглобин түзілуінің азаюы
***
Науқаста 12-елі ішекке өт келіп түсуінің бұзылуымен бірге өт жолдарының
патологиясы анықталған. Науқас емделуден бас тартқан. Науқастың осындай
жағдайынан біраз уақыт өткен соң келесі витаминнің тапшылығы дамуы
мүмкін:
В1
В2
В6
К
С
***
Шала туылған балада тісінің кеш шығуы, еңбегінің кеш жабылуы, басының
асимметриясы, «тауық кеуде», яғни кеуде тұсының шығыңқы болуы және
бүйірінің қабырғамен қысылуы, ұзын сүйектеріндегі эпифиздің қалыңдауы
байқалады. Бұл әйгіленімдердің даму механизмі осымен байланысты:
ішекте кальций тұздары сіңірілуінің күшеюімен
қанда бейорганикалық фосфат мөлшерінің артуымен
сүйек тіндерінде кальций фосфатының артығымен жиналуымен
сүйек тіндерінің минералдануының күшеюімен
остеогенез процесінің бұзылуымен
***
Науқас тез шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне, қызыл иегінің жиі
қанталауына, шашының түсуіне шағымданады. Анамнезінен – жеміс
жидектерді өте аз қолданатыны анықталған. Объективті: терісінде ұсақ нүкте
тәрізді қан құйылулар байқалады, гингивитпен бірге геморрагиялық
парадонтит дамыған. Осы гиповитаминоздың алдын алуы мен емі үшін
тағайындалады:
биотин
цианокобаламин
аскорбин қышқылы
фолий қышқылы
альфа-токоферол
***