Патологиялық процестердің клиникалық эквивалентіне жатады:
ауру
симптомдар
синдромдар
ауру асқынуы
аурудың үдеуі
***
Өлімнің негізгі этаптарының дұрыс тізбегін атаңыз:
преагония, агония, клиникалық өлім, терминальді үзіліс, биологиялық өлім
терминальді үзіліс, преагония, агония, терминальді үзіліс, биологиялық өлім
преагония, терминальді үзіліс, агония, биологиялық өлім, клиникалық өлім
преагония, агония, терминальді үзіліс, клиникалық өлім, биологиялық өлім
преагония, терминальді үзіліс, агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім
***
Науқас ес-түссіз, терминалді үзіліс кезінде артериялық қысымы
жоғарылайды, қосымша бұлшықеттердің қосылуымен, дірілмен тыныс
алады. Бұл белгілер терминалді жағдайдың қай сатысына тән:
шок
кома
агония
преагония
биологиялық өлім
***
Науқас Р., 45 жаста, меланоциттерден дамыған қатерлі өспемен ауырады.
Диагнозы: «Түйіндік меланома». Бұл өспе ұзақ және қарқынды түрде
ультрафиолет сәулесін қабылдағаннан кейін пайда болған. Алғашында
денесіндегі туа біткен қалдың түсі, пішіні өзгеріп, көлемі ұлғайған кейін беті
жарықтанып қанайтын болған. Бұл жағдайдағы нозологиялық бірлікті
атаңыз:
туа біткен қал
қанкетулер
меланома
өспе
жара
***
Науқаста 2 минут аралығында ұйқы артериясында пульс анықталмайды,
қарашығы кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ, тынысы анықталмайды, есі
жоқ, артериялық қысым анықталмайды, жүрек тондары естілмейді. Бұл
науқасқа жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізгенде тыныс жолдарына ауаны
үру және төстің компрессиясын жасау аралығындағы қатынас болуы тиіс:
2:1
5:1
15:1
10:2
30:2
***
Достарыңызбен бөлісу: |