Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет26/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Механикалық зақымдануда тканьдердің, клеткалардың, субклеткалар мен клетка 
аралық құрылымдардың тұтастығы бұзылады. 
Термиялық зақымдану кезінде оның ерекше көрінісінде – клетканың белоктық- 
липоидтық құрылымында коагуляция және денатурация болады. 
Радиациялық жарақаттану кезінде зақымданған клеткаларда бос радикалдар пайда 
болып кейіннен зақымданған клеткада тотығу және басқа да бұзылу процестері 
туындайды. 
Химиялық зақымдануда оның ерекше көрінісінде жекелеген клетка ферменттерінің 
немесе олардың топтарының тежелуі (ингибиция) байқалады. 
Сонымен қоса, бірқатар ауруларда клетканың ерекше зақымдануының толып жатқан 
түрі бар, соның негізінде, гистологиялық диагноз қойылады. Мұндай ерекше өзгерістерге 
жататындары: кене энцефалиті, полиомиелит, құтыру кезіндегі Негри денешіктері, 
аденовирустық инфекция кезіндегі ішкі ядролық қосылу т. б.
К л е т к а н ы ң з а қ ы м д а н у ы н ы ң е р е к ш е е м е с к ө р і н і с т е р і. 
Клетканың зақымдануының ерекше емес көріністеріне жататыны: 
а) клетка мемранасы өткізгіштігінің және зат алмасудың бұзылуы; 
б) клетка ішіндегі ферменттер активтілігінің өзгеруі; 
в) клетка ішіндегі ацидоз; 
г)
ісіну; 
д) калий иондарының босауы т. б. 
Клеткаларға судың, электролиттердің және қоректік заттардың келуі қарапайым 
диффузия процесі емес, ол арнайы аппаратпен - «клетка насосымен» басқарылады.
Клетка насосы судың, электролиттердің, қанттың және басқа да заттардың клетка 
ортасындағы неғұрлым жоғары концентрациясын (диффузиямен салыстырғанда), олардың 
клеткаға құйылуын қамтамасыз етеді. Әсіресе «калий – натрий насосының» ерекше 
маңызы бар. Осы насос жұмысының нәтижесінде клетка ішінде калий иондарының 
концентрациясы, клетка аралық сұйыққа қарағанда шамамен 20 – 30 есе артып, натрий 
иондары шамамен 10 есе кемиді.
Клетка ішіндегі ферменттер активтілігінің өзгеруі митохондрияның бұзылуынан, 
лизосом мен эндоплазматикалық ретикулумның, рибосом мен басқа да клетка ішіндегі 
органелланың бүлінуінен болады. 


84 
Кез келген клетканың бүлінуінен ондағы протоплазмада ацидоз болады (рН 6-ға 
және одан төмен кемиді).
Ткань мен клетканың ерекше емес зақымдануына сол зақымданған клеткалардағы су 
алмасудың бұзылуы жатады. Мұндай жағдайда зақымданған клеткада су ондағы 
протоплазмадан босап, клетканы қоршаған ортаға құйылады. Осыдан барып жарақат ісігі 
пайда болады.
Зақымданған клеткада зат алмасудың бұзылуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – одан 
калийдің бөлінуі. Калийдің бөліну процесі калий және натрий «насостарының» бұзылуына 
байланысты болады. Калийдің тканьнен бөлініп қанға түсуі механикалық жарақаттың, әр 
түрлі уланудың, аллергиялық күйдің және органдар мен тканьдердегі көптеген 
зақымданудан пайда болады.
Клеткалардың әр түрлі зақымдануынан онда фосфор, кальций тұздары бөлінуін 
туғызып, кейіннен магний және натрий карбонаттары бөлінеді. Бұл процесті кальцийлену 
деп атайды. Мұндайда құбылыс ткань шірігенде, туберкулез инфекциясында, 
артериосклерозда, инфаркта және органдардың басқа да зақымдануында байқалады.
Зақымданған клеткадағы өзгеше емес сипаттағы ерекше көріністің бірі – ондағы 
сорбциялық қасиеттің көбеюі, мұны бояудың және басқа да заттардың сіңу қарқынынан 
аңғаруға болады. 
Көп жағдайда ауру тудыратын агент клеткалар мен тканьдерді тікелей емес, ауру 
тудыратын агенттің клеткаларды (медиаторларды зақымдайтын) алғашқы әсер ететін 
аралық өнімдері арқылы зақымдайды. Медиаторларды зақымдайтындарға мыналар 
жатады: гистамин, аденозин, катепсиндер, кининдер, серотинин, ацетилхолин, 
норадреналин. Бұл заттар қанға сорылып, организмге таралады да, онда жеке-дара 
(қабыну), сондай-ақ жалпы (талықсу) реакция тудырады. Олардың көпшілігі аллергиялық 
реакцияны қоздыруы мүмкін. 
Субклеткалық құрылымның зақымдануы. Клетканың зақымдануының елеулі 
көрсеткіштерінің бірі – эндоплазматикалық ретикулумның (тордың), митохондрияның, 
лизосоманың, рибосоманың бұзылуы болып саналады. 
Э н д о п л а з м а т и к а л ы қ р е т и к у л у м н ы ң (т о р д ы ң ) з а қ ы м д а н у ы.
Ретикулумның негізгі функциясы – клеткаға заттарды жинау және тарату. Зақымдау әр 
түрлі ауру тудыратын факторлардан болады. Мұндайда ретикулум ісінеді, ондағы 
мембрананың формасы, пішіні өзгереді. Ретикулум үлкен немесе кіші түйіршіктерге 
ыдырауы, осы кезде рибосом мөлшері де өзгеруі мүмкін. 
М и т о х о н д р и я н ы ң з а қ ы м д а н у ы. Митохондрия – жануар және өсімдік 
клеткаларының органоидтары. Митохондрияларда клеткаларды энергиямен қамтамасыз 
ететін тотығу-тотықсыздану реакциясы өтеді. Бір клеткадағы митохондрия саны бірден 
бірнеше мыңға дейін жетеді.
Митохондрияның зақымдануының елеулі белгісі – ісінуі, содан кейін олардың 
дезинтеграциялануы. Мұндайда сыртқы қабығы түсіп, ішкі құрылымы ыдырайды.
Л и з о с о м а н ы ң з а қ ы м д а н у ы. Лизосомдар – құрамында ферментері бар 
клеткалық 
құрылым: 
бұл 
ферменттердің 
белоктарды, 
нуклеин 
қышқылдарын, 
полисахаридтерді ыдырататын қасиеті бар. Фагоцитоз арқылы клеткаға түсетін заттарды 
клетка ішінде қорытуға қатысады.
Әр түрлі зақымдаушы агенттер, мәселен, ішек-сүзек тобындағы эндотоксиндер, 
сондай-ақ анорганикалық бөлшектер лизосомдарға түсіп, оларды бүлдіреді. Лизосом 
ферменттері клетка цитоплазмасынан босап, оларды зақымдайды. Мұндай зақымдау 
клеткаларды өлтіруі мүмкін. Бактериалық улар, антителалар және басқа да патогенді 
агенттер лимфоциттер лизосомын зақымдайды. Лизосом ферменттері өз кезегінде 
лимфоциттің барлық клеткасын бүлдіреді. 
Р и б о с о м н ы ң з а қ ы м д а н у ы. Рибосомдар – РНК-дан және белоктардан 
тұратын клетка ішіндегі бөлшектер, олар белок биосинтезіне қатысады. Рибосомдар 
барлық тірі организм клеткаларында кездеседі. 


85 
Клеткаларды 
зақымдаушылардың 
көпшілігі 
рибосоманың 
функциясы 
мен 
құрылымын бұзады. Эндоплазматикалық ретикулумда орналасқан рибосом орналасқан 
рибосом саны, сондай-ақ олардың клетка протоплазмасындағы пішіні өзгеретіндігі 
байқалады. Сонымен қоса, РНК талшығымен байланысқан рибосом тобының формасы 
өзгереді. 
К л е т к а л ы қ д и с т р о ф и я н ы ң к е й б і р п а т о ф и з и о л о г и я л ы қ м е 
х а н и з м д е р і. Қазіргі кезде зақымданған клеткаға жүргізілетін электрондық 
микроскопиялық, патохимиялық және патофизиологиялық зерттеулер клеткалық 
дистрофияның (қоректенудің бұзылуы) кейбір механизмдерін айқындауға мүмкіндік 
береді. 
Клеткалық дистрофиядағы елеулі көріністердің бірі – клеткаларда құрамы мен қасиеті 
ерекше заттардың бөлінуі болып саналады. Мұндай типтегі дистрофияға жататындар: 
гиалиндік, балауыз тәрізді (восковидную), мукоидтық, амилоидтық және майлық 
дистрофиялар. 
«Кілегейлік» немесе «мукоидтық» дистрофияда эпитителиалдық, секроторлық 
клеткаларда, сондай-ақ дәнекер тканьдердің клеткаларында, құрамында гексозаминдер 
бар мукополисахаридтер жиналады. Кілегей немесе муцин клеткаларға тамшы түрінде 
жиналады. Кейіннен барлық клетка өліп, кілегейге айналады. 
Клеткаларда амилоидтардың – углеводтардың едәуір мөлшерімен байланысқан 
глобулин типтес белоктың бөлінуін амилоидоз деп атайды. Клеткаларға жиналған 
амилоид ондағы зат алмасу процесін басады. Рибосомдар, Гольджи аппараты жойылады. 
Клеткалық дистрофияның елеулі формасының бірі – майлы дистрофия және майлы 
инфильтрация. 
Сау клеткалардың 30 проценттейі майлы липоидтардан (бейтарап майлар, 
фосфолипоидтар) тұрады. Әр түрлі зақымдаушы агенттер (гипоксия, интоксикация) 
липоидтарды протоплазма белоктарынан босатады. Соның әсерінен протоплазмада тамшы 
түріндегі липоидтар пайда болады. Клеткалардан майлы-липоидты тамшылардың пайда 
болуын липофанероз деп атайды. Зақымданған клеткаларға липопротеидтердің бөлінуін 
миелиндік дегенерация және инффильтрация деп атайды. Май-липоидтық алмасуда елеулі 
бүлінуге – артерияларға холестериннің және оның эфирлерінің жиналуы жатады. 
Әр түрлі клеткалық дистрофияның патологиялық механизмдері күні бүгінге дейін 
толық анықталған жоқ. Алайда, кез келген дистрофия зақымданған клеткалардың 
өткізгіштігі, олардың арасындағы және ортасындағы зат алмасудың, энергетикалық 
процестердің бұзылуынан болатындығы анықталған. 
К л е т к а н ы ң з а қ ы м д а н у ы н а о р г а н и з м н і ң ж а л п ы р е а к ц и я с ы.
әр алуан ауру тудыратын агенттер организмде жалпы реакция туғызып, зақымдайды. Оған 
жататындар: талықсу, шошыну, инфекциялық процесс, улану т. б. 
Тканьдердегі патологиялық процестер. Г и п о б и о з д а р ж ә н е о л а р д ы ң
п а т о л о г и я д а ғ ы м ә н і. Организмдегі патологиялық (зиянды) деп, әр түрлі 
формадағы кемістікті немесе клеткалардың, тканьдердің, немесе органдардың шектен тыс 
өсіп – көбеюін айтады. 
Клетка мен тканьдердің жеткіліксіз өсіп-көбею процестерін гипобиотикалық деп 
атайды. Оған жататындар:
1) атрофия; 
2) дистрофия және дегенерация. 
Атрофия деп, клеткалардың жеткіліксіз қоректенуінен немесе зат алмасуының 
бұзылуынан оның көлемінің кішіреюін айтады. Гипоплазия – тканьдердің, органдардың, 
дене мүшесінің немесе тұтастай организмнің туғаннан толық өсіп жетілмеуі. Анаплазия – 
тұтастай органның немесе дене мүшесінің туғаннан жоқ болуы. 
Даму механизміне қарай атрофияның бірнеше түрі болады. 
Ф и з и о л о г и я л ы қ а т р о ф и я – организмнің қалыпты тіршілігі кезінде 
жекелеген органдардың, тканьдердің көлемінің кішіреюі және олардың функциясының 


86 
әлсіреуі. Бұған жататындар: ересек малдың жемсау безіндегі, малдың буаздығынан кейінгі 
жатырдағы инволюция (кері даму) т. б. 
К ә р і л і к т е н б о л а т ы н а т р о ф и я. Зат алмасу процестерінің баяулауы 
салдарынан организмнің бүкіл функциясы бірте-бірте әлсіреп, кемиді. Мысалы: мал 
қартайған сайын аналық, аталықтары ұрықсыз (бедеулік) болады. Қан құрау және 
регенеративтік функциялары кемиді, сүйек-бұлшық ет жүйесінің, жүрек-тамыр 
жүйелерінің және басқа органдардың функциясы әлсірейді, малдың өнімділігі төмендейді. 
Ә р е к е т с і з д і к т е н (дисфункционалдықтан болатын атрофия органдардың, 
тканьдердің қызметі ұзақ уақыт кемігенде немесе мүлде жойылғанда пайда болады. 
Қ ы с ы м н а н б о л а т ы н а т р о ф и я. Мұндайда қанмен қалыпты қамтамасыз етуі, 
зат алмасуы бұзылады. Мысалы: ісіктің кернеуінен, бөгде заттардан болатын бүйрек 
паренхимасының атрофиясы т. б. 
О р г а н н ы ң д е н е р в а ц и я с ы н а н (н е р в қ а т ы с ы н ы ң ү з і л у і) б о л а 
т ы н а т р о ф и я – зат алмасудың бұзылуынан және көлемінің кішіреюінен болады, 
өйткені нерв жүйесі тканьдерге үш жақты: қан айналысына (вазотроптық), трофикалық 
және функционалдық әсер етеді. 
Эндокринді жүйенің функциясы бұзылған кезде эндокриндік жетіспеушіліктен 
атрофияға ұшырайды. 
Клетка дистрофиясы. Әр алуан патологиялық процестер клеткалардағы зат 
алмасуға елеулі өзгеріс етеді де, мұны дистрофия (дегенерация, азғындау) деп атайды. 
Клеткалардағы зат алмасудың өзгеру сипатына қарай дистрофия бірнеше түрге бөлінеді: 
белоктық, май-липидтік, углеводтық т. д. 
К а х е к с и я (грекше жүдеу) кезінде күрт әлсіздік, органдар мен жүйелер 
функциясының бұзылуы, организмнің тіршілік әрекетінің төмендеуі байқалады. Кахексия 
ұзаққа созылған ауру зардабынан, әсіресе созылмалы инфекциялардан, инвазиялардан 
және уланудан болады (туберкулез, маңқа, паратуберкулез, пироплазмоз, эндокринопатия, 
улы химикаттар, қатерлі ісіктер). 
Н е к р о з (грекше шіру, өліеттену) – клеткалар мен тканьдердің немесе тұтастай 
органның өліеттенуі. Тканьдердің немесе клеткалардың біртіндеп тіршілік белгісінен 
айрылу процесін некробиоз деп атайды. (11-сурет). 
Протоплазмадағы зақымданған клеткалардың қайтымды өзгерісін паранекроз деп 
атайды (Д. Н. Насонов). Некроздың екі түрі: құрғақ және ылғалды. 
Г а н г р е н а – тканьдер мен органдардың некрозға шалдығып, қан пигментінің 
өзгеруі, соның салдарынан өліеттенген орында көгерген немесе қарайған түс пайда 
болады. Гангрена құрғақ және ылғалды болып бөлінеді. 
Г и п е р б и о з д а р ж ә н е о н ы ң п а т о л о г и я д а ғ ы м ә н і. Клеткалардың, 
тканьдердің және органдардың шектен тыс өсіп-көбею процестерін гипербиотикалық деп 
атайды. 
Бұған жататындар: 
а) клеткалардың, органдардың және тканьдердің гипертрофиясы мен гиперплазиясы; 
б) регенерация – клеткалардың, органдардың және тканьдердің қайтадан қалпына 
келуі; 
в) ісіктер. 
Г и п е р т р о ф и я – тканьдердің немесе органдардың жекелеген клеткаларының 
мөлшері өзгеруінен көлемінің ұлғаюы. Мұндайда клетка саны өзгермейді. 
Г и п е р п л а з и я – тканьдерде немесе органдарда клетка санының ұлғаюынан 
көлемінің артуы.
Гипертрофия нағыз және жалған болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет