92
Қышқылының алмасуына қатысатын ферменттер мөлшері өзгереді. Соның
нәтижесінде кейбір алмастырылмайтын амин қышқылының синтезі бұзылуы мүмкін.
Канцерогенез механизмінде нуклеинді алмасудың да елеулі ықпалы бар. Ісікте
нуклеинді алмасудың анаболиттік деңгейі күрт артады (14-сурет).
Ісікте РНК және ДНК биосинтезін катализдейтін жүз еседей активті полимеразалар
кездеседі.
Керісінше, катаболиттік ферменттердің активтілігі нуклеин қышқылының
деңгейінде, ал нуклеотидтер, нуклеозидтер, пуриндер, пирамидиндер күрт кемиді.
Ісікте тканьдерінде майлар мен липидтердің алмасуы артады. Холестерин құрамы
көбейеді, май құрамында қанықпаған май қышқылдары басым болады.
Ісіктің организмге әсері ісік түрлеріне (қатерсіз немесе қатерлі)
байланысты
болады.
Қатерсіз ісік тканьдерді сығып және ығыстыра отырып өседі, яғни көбінесе пайда
болған жеріне әсер етеді. Алайда зақымдайтын орнына қарай организмнің жалпы тіршілік
әрекетін бұзады.
Қатерлі ісік организмді, әсіресе зат алмасуды едәуір бұзады. Ісіктен қан арқылы
организмге зат алмасудың тотықпаған өнімдері (ацетон денешігі,
органикалық
қышқылдар, ыдыраған белок өнімдері т. б.) келетіндіктен, олардың өзі организмнің
тіршілік әрекетіне, ондағы органдар мен жүйелердің
функциясы мен құрлымына қолайсыз
әсер етеді. Сол себептен регуляция механизмі өзгереді, оның бейімделу жүйесі әлсірейді,
организм жүдеп (кахексия), өлім қатері төнеді (15-сурет).
І с і к э т и о л о г и я с ы. Қазіргі ұғым бойынша ісіктің пайда болуының бірыңғай
этиологиясы жоқ. Ісіктің пайда болуына әр түрлі факторлар (биологиялық, яғни вирустар,
химиялық, физикалық) әсер етуі мүмкін.
Ісіктің дамуына белгілі бір дәрежеде әсер ететін сыртқы орта факторларына
қоректенуді (углеводтар, холестерин, калий), мамандықтарды (кен, уран, кобальт
өндірушілер, рентгенологтар), тұрмыстық жағдайларды (өкпе рагы,
шылым тарту,
ультракүлгін сәулелер) жатқызуға болады.
Ісік өскіні организм ерекшелігіне де байланысты. Ісік көбінесе ересек
жастағыларда, қарын және өкпе рагы – еркектерде, жыныс органдарының рагы -
әйелдерде көбірек болады.
Ісіктің пайда болуына және өтуіне регуляторлық функцияның бұзылуы (нерв
жүйесі мен эндокринді без) ықпал ететіндігі анықталған (16-сурет).
Ісік өскінінде тұқым қуалағыштықтың да әсері болуы мүмкін, бірақ оның
қаншалықты дәрежеде екендігі анықталған жоқ.
Қатерлі ісіктің дамуы туралы қазіргі ұғым үш теорияға негізделген.
Бірінші теория – канцерогендік заттар (латынша cancer – рак).
Бұл теория
бойынша кез келген тірі организмде қатерлі ісіктің дамуы тканьдерге химиялық
(канцерогендік) заттардың әсер етуінен болады.
Химиялық канцерогендердің екі түрі бар – экзогендік және эндогендік.
Экзогенді канцерогендер сыртқы ортада, биосферада кездеседі. Бұған мысал
ретінде көмірдің, мұнайдың және сланецтің толық жанбаған өнімдері бар көмір сутегін
атауға болады.
Организмде
зат алмасудың бұзылуынан, гормон пішінінің өзгеруінен дамитын
канцерогендер бар. Бұған белок алмасудың бұзылуынан шыққан өнімдер жатады.
Бұл теория теріске шығаруға болмайтын көптеген фактілерді туғызды. Мәселен,
канцерогенді байқау және алу, оны тәжірибедегі малдардың әр түрлі ісігіне қолдану
фактісі.
Кейде іштегі ұрық та канцерогенді факторлардың ықпалында болады екен.
Мәселен, қоянның буаздығының екінші кезеңінде экзогенді канцерогенді заттармен әсер
етсе, онда оның ұрпағының көпшілігі қатерлі ісікке шалдығып туады екен. Оның өзі туа
салысымен немесе біраз уақыт өткеннен кейін пайда болады. Ал, олардың бірінші немесе
екінші ұрпағына канцерогенді заттар қолданылмаса да – бастапқы өзгерістер генотипінде
93
сақталып, олардың біразында ісік тұқым қуалайды. Химиялық
канцерогендермен қоса
физикалық факторлар да, атап айтқанда, радииациялық әсері бар. Бұған мысал ретінде
Хиросима мен Нагасакидегі атом бомбаларының жарылысын атауға болады.
Қазір химиялық заттардың, физикалық әсердің – қатерлі ісіктің дамуына жағдай
жасап,
ықпал ететіндігін, бірақ оның пайда болуының нағыз себепшісі емес екендігі
барған сайын белгілі бола бастады.
Достарыңызбен бөлісу: