Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет31/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Екінші теория – вирустық. Бұл көзқарасты жақтаушылардың пікірінше, қатерлі 
ісіктер клеткалардағы вирустардың дамуы мүмкін. 
Ғалымдар ісікті қоздыратын вирустардың екі типі болатындығын айтады. Олар – 
экзогендік және эндогендік вирустар. 
Эндогендік вирустар табиғи түрде тірі организмнің әрбір клеткасында кездеседі 
деуге болады. 
Экзогенді вирустардың түр ерекшелігі болмайтындығы дәлелденген: құс 
саркомасын қоздыратын вирустар, қосмекенділерде, бәлкім, сүтқоректілерде қатерлі 
ісіктің пайда болуына әсер етуі мүмкін. 
Ісік этиологиясында вирустардың ролі туралы болжамды кезінде И. И. Мечников 
та айтқан болатын. Алғашқы ісік тектес вирусты осы ғасырдың басында Роус (1911) 
байқады. Содан бері вирус типтес жаңа ісікті ғалымдар жыл сайын табады десе де болады. 
Вирусологтардың пікірінше, барлық қатерлі ісікті екі типке бөлуге болады: 
а) вирустық табиғаты дәлелденген ісіктер; 
б) пайда болуын вирустар әсеріне әзірше байланыстыруға болмайтын ісіктер. 
Дисонтогенетикалық теорияны (грекше disonthogenesis – теріс даму) өткен 
ғасырда неміс ғалымы Конгейім (1839 -1884) ұсынды. Бұл теория бойынша ісіктің пайда 
болу себебі эмбриогенездің бұзылуынан. Организм қалыпты даму процесінде клеткалар 
белгілі бір тканьдерге жіктелетіні белгілі. Сөйтіп, кейбір клеткалар организмде ұзақ уақыт 
жетілмеген қалпында сақталып, кейбір жағдайда ісік өскіні белгісін байқатады. Бұл теория 
тек кейбір ісіктердің шығу тегі ғана түсіндіреді де, ісік өскіннің барлық себептерін 
айқындай алмайды.
Постэтиологиялық теорияны көпшілік патологтар мен клиницистер жақтайды. 
Бұл теорияны жақтаушылардың пікірінше, ісіктің пайда болуының бірыңғай себептері 
болмайды, алайда кез келген факторлар (физикалық, химиялық, вирустық, паразиттік, 
дисгормоналдық т. б.) клеткалардың генетикалық аппаратына әсер етіп, мутация (өзгеріс) 
туғызады – қалыпты клетка элементтерін ісікке айналдырады (17-сурет).
Ісіктің дамуы малдың жасына, тұқымына, жынысына, тіпті түсіне де байланысты 
болатындығы анықталған.
Ісік мал тіршілігінің барлық кезеңінде, әсіресе ересек және қартайған жасында 
жиірек пайда болады. Алайда вирустық этиологиядағы кейбір ісіктер жас малдар да 
байқалады. 
Ісік этиопатогенезін зерттеуде эксперименттік жұмыстардың зор маңызы бар. 
Эксперименттік онкологияның негізін қалаушы орыс ғалымы – мал дәрігерлігі 
ғылымының магистрі М. А. Новинский (1876) тұңғыш рет мал ісігіне трансплантация 
жасауды жүзеге асырды. Қазіргі кезде трансплантациялаудың алуан түрлі тәсілдері 
қолданылады: ауто-, изо-, (бір линиядағы басқа малға), гомо-, гетеротрансплантация. 
П а т о г е н е з . Қалыпты тканьнің ісікке ауысуы (трансформация) негізінен үш 
кезеңде жүзеге асырылады: 
бірінші кезең – латентті ісік тканьдерінің, немесе ісік алдындағы клеткалардың 
пайда болуы; 
екінші кезең – ісік алдындағы клеткалардың пайда болуы және түйіндерінің дамуы, 
немесе ісік клеткаларының пайда болуы; 
үшінші кезең – жаңа өскіндердің қауырт көбеюі, немесе «оқшауланған» ісік 
тканьдерінің пайда болуы. 


94 
Сонымен, ісік тканьдері ерекше пролиферативтік процестердің нәтижесінде 
қалыпты клеткалардан пайда болады. 
О р г а н и з м н і ң р е а к т и в т і л і г і ж ә н е і с і к п р о ц е с і. Жіті қабыну 
мен жіті инфекция организмнің реактивтілігін өзгертіп, ісік өскінін тежейді. Кез келген 
созылмалы процесс, кәдімгі қабыну (жатыр мойнының эрозиясы, қарын, қуық, ішек 
полиптері) рак ісігінің пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Мұны рак алдындағы процестер 
деп атайды. 
Рак алдындағы процесс – рактың даму сатысы емес, ол кейбір жағдайда ғана ракқа 
айналады. Алайда рак алдындағы процесті айқындау және емдеу – сақтық шараларының 
бірден бір тәсілі. 
Рак кезінде иммунитеттің үш түрі болады: 
а) ісік пайда болған кездегі иммунитет; 
б) алғашқы ісік көптеп пайда болған кездегі иммунитет; 
в) метастазға қарсы иммунитет. 
Ракқа қарсы тұрақты иммунитет алу үшін тиісті антигенмен қоса, организмге 
қосымша ықпал етуге, оның реактивтілігін артыруға тура келеді. 
Рактан сақтандыруда метастаздар мен рецидивтерді болдырмаудың жан-жақты 
шараларын қарастырудың зор маңызы бар. 
4. ҚАБЫНУ
Қабыну туралы ілімнің әрбір сатысында осы ұғымға алуан түрлі анықтамалар 
беріліп келеді. Соның ішінде негізгі үш анықтамаға тоқталып кетуге болады: бейнелеу 
(немесе сиптоматикалық), түсіндірме және аралас. 
Бейнелеуге, мәселен, Pubbert (1908) анықтамасын жатқызуға болады. Оның 
пікірінше, қабыну экссудативтік және пролиферативтік процестердің жиынтығы болып 
саналады. Schwabbe (1911) қабынуды қан айналысының бұзылу процесі, дегенерация және 
регенерация құбылысы ретінде қарастырады. Ал, Lubarsch (1921) қабынуды үш процестің 
– дистрофияның, экссудацияның және пролиферацияның біртұтас көрінісі түріндегі 
зиянды әсерге реакциясы ретінде анықтама береді. 
И. И. Мечников қабынудың қорғаныш сипатын ашқаннан кейін қабынуға анықтама 
беруде көбінесе функционалдық сипат басым болып, оны ғалымдар тереңірек түсіндіруге 
ұмтылды. 
Қабынуды түсіндірудің аралас бағытына Marschand (1924) анықтамасын үлгі етіп 
алуға болады. Оның пікірінше, қабыну – қабындыру агенттерінің әсерінен пайда болатын, 
тамырлар мен тканьдер тарапындағы бірқатар жеке-дара процестер, әрі соны жоюға 
әрекет етушілік. 
Қабыну ұғымына алуан түрлі көзқарас бола тұрса да, көпшілік анықтамалардағы 
бір ескерілмеген жайт – қабынуды тек жеке-дара процесс ретінде қарастыруы. Қабыну 
жөніндегі қазіргі көзқарас бойынша, оны жеке-дара процесс ретінде де, сондай-ақ жеке-
дара процестің жалпы процеспен өзара байланысы ретінде де қарастыру қажет. 
Қабыну ең көп тараған патологиялық процестердің біріне жатады. Көптеген 
аурулардың клиникалық белгілері алуан түрлі болатындығына қарамастан, олардың 
бірден-бір патологиялық процесі – қабыну негізге алынады. Мәселен, соқырішек, 
эндокардит, стоматит, гастрит т. б. дәл осылай. 
«Қабыну» термині (латынша inflammatio – оталу, тұтану) көне заманнан белгілі. 
Оны температурасы көтерілетін кез келген ауруға белгіледі. 
Қабыну – бұл организмнің зиянды агенттерге деген күрделі реакциясы. Ол тамыр-
ткань өзгерістерінің функционалдық және құрылымдық өзгерістерінің жиынтығы түрінде 
байқалады. Қабынудың дамуы тұтастай организмнің реактивтілігіне тығыз байланысты. 
Қабыну – қантамырларының, дәнекер тканьдердің және нерв жүйелерінің жеке-дара 
зақымдану реакциясы (Адо А.Д.).


95 
Қабынуға өзара байланысты құбылыстардың күрделі тізбегі тән. Сондықтан 
мұндағы мақсат – осы процестің мазмұнын айқындап, мәнін түсіндіруде. 
Бұл құбылыстарды организм мен тканьдердің тіршілік әрекетінің бұзылу 
процестері, сондай-ақ қорғаныш реакциясы ретінде белгі беретін бұзылған функцияның 
бейімделу, қалпына келу процестері байқалады. 
Қ а б ы н у с е б е п т е р і алуан түрлі. Қабыну көбінесе әр түрлі ауру тудыратын 
экзогендік факторлардың әрекетінен пайда болады. Бұл факторларға мыналар жатады: 
а) инфекциялық (бактериялар, улар); 
б) механикалық (соғылу, жарақаттану); 
в) физикалық (сәуле немесе электр энергиясы, термикалық факторлар –күйік, үсу);
г) химиялық (қышқыл, сілті, бөгде белоктар т. б.). 
Бір және көп клеткалы паразиттер де қабынуға ұшыратуы мүмкін. 
Қабынудың эндогендік себептеріне ткань шірінділерінің өнімдері, тромб, инфаркт, 
қан құйылу, зат алмасудың бұзылған туындылары, мәселен, жиналған өт қышқылының, 
ыдыраған тканнің улы өнімдері, бөлінген тұздар ықпал етуі мүмкін. Қабынудың ішкі 
себептеріне нерв жүйесінің кейбір функциясының бұзылуы, мәселен, орталық 
симметриялық қабыну әсер етуі ықтимал. 
К л и н и к а л ы қ б е л г і л е р і. Қабынудың клиникалық белгілері Гиппократ, 
Гален және Цельс заманынан белгілі. Қабынудың сыртқы белгілеріне мыналар жатады: 
а) қызару (rubor);
б) ісіну (tumor); 
в) учаске температурасының немесе ыстығының көтерілуі (calor); 
г) ауырсыну (dolor); 
д) функциясының бұзылуы (functio laesa). Қабынып қызаруы және ыстығының 
көтерілуі қан ағысының бұзылуынан, ісінуден (сұйықтың тамырдан тканьге шығуынан), - 
зақымданған учаскедегі сезімтал нервтердің тітіркенуі салдарынан, ісік сұйығының 
тканьдерді кернеуінен және оны бұзылған зат алмасу өнімдері тітіркендіргеннен, әрі 
физикалық-химиялық өзгерістерден болады. 
Осы белгілердің жиынтығы, негізінен алғанда, дененің сыртқы жабындылары, 
терісі мен кілегей қабығы жіті қабынғанда, іріңдегенде және күйгенде байқалады. 
Қабынудың кейбір басқа формаларында, әсіресе ішкі органдарда, осы аталған 
белгілер өте әлсіз байқалады, не мүлде білінбейді. Мәселен, бауырдағы, бүйректегі және 
жүректегі қабынып қызаруы кейде органның қалыпты түсімен бүркемеленеді. Созылмалы 
қабыну кезінде ісінуі, қызуы көтерілуі немесе ауырсынуы мүлде болмауы мүмкін. 
Мәселен, бауыр және бүйрек циррозында осылай болады. 
Алайда қабынудың тек сыртқы белгілерін ғана сипаттап қою бұл реакцияның 
нақты мәнін ашпайды. Тереңірек зерттеу үшін қабынудың физиологиялық және 
биохимиялық өзгерістерін білу қажет. Зақымданған тканьдердегі мұндай өзгерістер заңды 
құбылыс болып саналады, әрі осы патологиялық процестің табиғатын толық айқындайды 
(18-сурет). 
Қ а б ы н у п а т о г е н е з і. Қабынған тканьдерде қандай өзгерістер болады? 
Қабыну өзара байланысты және де бір мезетте өтетін үш түрлі құбылыспен сипатталады: 
а) альтерация (ткань дистрофиясы, латынша alteratio - өзгеріс) – тканьдердің 
бүлінуі және зақымдануы; 
б) қан айналысының жеке-дара бұзылып, тамырлардың өткізгіштігінің өзгеруі, 
лейкоциттердің экссудацияға және эмиграцияға ұшырауы; 
в) фагоцитоз және пролиферация (proliferatio – көбею) – клетка элементтерінің 
көбеюі. 
А л ь т е р а ц и я қ ұ б ы л ы с. Альтерация дегеніміз, зақымданған тканьдердің 
функциясы мен құрылымының өзгеруі. Ол дистрофиялық процестердің бүкіл жиынтығын 
қамтиды. Мұндайда қабынған орында зат алмасуы бұзылады. 


96 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет