Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет41/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Негізгі алмасудың бұзылуы. Зат алмасудың бұзылуы кез келген аурудың негізін 
құрайды. Патологиялық жағдайда негізгі алмасу көтерілуі немесе төмендеуі мүмкін. 
Негізгі алмасудың бұзылуы гипертиреозда (Базедов ауруы), қызбада, лейкозда, 
полицитемияда, гипертонияда, миокардтың гипоксиясында, акромегалияда (гипофиздің 
алдыңғы бөлігі функциясының күшеюі салдарынан), Кушинг синдромында (бүйрек 
үстіндегі без қыртысының гиперфункциясында) байқалады. 
Жүрек қызметі мен тыныс алудың екі еседей күшеюі жылу бөлуді 10%-тей 
арттырады. Оттегі жетіспеуден (гипоксия) тыныс алу және қан айналыс органдарының 
жұмысы күшейгенде негізгі алмасу артады. Көмірқышқыл газы организмге көп келгенде 
де тыныс алуы мен жүрек қызметі кенеттен қозып, негізгі алмасуы артады. 
Ми жарақаты, қан құйылу, ісіктер (диэнцефальды орталықтың зақымдануы) 
механикалық тітіркендіруге, гипоталамикалық орталықтың жылу реттеуін бұзуға және 
негізгі алмасуды ұлғайтуға ұшыратуы мүмкін. 
Лейкозда, постгеморрагиялық анемияда улы өнімдердің, қан клеткаларының ыдыраған 
өнімдерінің әсерінен негізгі алмасу 30 процентке дейін артуы мүмкін. 
Тиреотоксикоз кезінде негізгі алмасу 150 процентке дейін артады. 
Негізгі алмасудың кемуі гипотиреоз, анемия, Аддисон аурулары (қола ауруы, бүйрек 
үстіндегі без қыртысының жетімсіздігі), гипопитуитризм, генитальды, дистрофия,піштіру, 
нефроз, кезінде байқалады. Оның өзі тироксин, питуитрин, адреналин жетіспегенде өрши 
түседі. 
Инсулиннің дозасын көбейткенде негізгі алмасу бәсеңдейді. Инсулин бұлшық ет 
дірілін, жылу бөлуді басады. 
Негізгі алмасудың нормадан ±15 ауытқуы онша әсер етпейді, ал одан көп болса – 
патологиялық өзгеріске ұшыратады. 
Негізгі алмасуды анықтау ауру патогенезі жөніндегі түсінігімізді толықтырады, әрі 
диагнозды дәл қою үшін қосымша тәсіл болып саналады. 
Э н е р г и я л ы қ а л м а с у д ы ң б ұ з ы л у ы. Энергияның шығуы мен жиналуы 
көбінесе митохондрияларға байланысты және де тканьдік тыныс алу процесінде 
полиферментті жиынтықтармен жүзеге асырылады. Митохондриялдық мембрана 
жиырылған немесе босаған (ісінген) кезде митохондрияның өткізгіштігі өзгереді. Сөйтіп, 
олардың құрамы маңайындағы митохондрия гиалоплазмасымен алмасуы реттеледі. 
Гиалоплазмада екі фазадан тұратын еркін тотығу өтеді: анаэробты тотығу және 
аэробты тотығу. Энергиялық түрлену анаэробты тотығудан басталады. Майлы қышқылдар 
анаэробты тотыққанда сірке қышқылы пайда болып, гипосия жағдайында ол ацетон 
денешігіне ауысады. Оттегі жеткілікті болған жағдайда сірке қышқылы Кребс циклінде 
СО² және Н²О дейін тотығады. 
Тотығып фосфорлану митохондрия ішінде, ал еркін тотығу – оның бетінде өтеді. 
Жылу энергиясын жедел жұмылдыру қажет болғанда организм көбінесе еркін тотығуға 
ауысады. Мәселен, жануарлар қысқы ұйқыдан оянғанда, дене суығаннан кейін осындай 
өзгеріс болады. 
Организмдегі зат алмасу энергия алмасумен тығыз байланысты. Мұндай өзара 
байланыс орталық нерв жүйесінің реттелу қызметіне қатысты. Энергия алмасуды реттеуде 


120 
мидың үлкен жарты шары елеулі ықпал етеді. Сонымен қоса, бұған орталық мида 
орналасқан вегатативтік нерв жүйесінің орталығы да қатысады. 
Энергиялық алмасу деңгейін реттеуде әр түрлі интеро – және экстеро рецепторлардың 
тітіркенуі кезінде пайда болатын рефлекстер едәуір ықпал етеді. Энергиялық алмасудың 
қарқындылығына гипоталамус та әсер етеді. Биоэнергетиканы реттеуге гормондар мен 
витаминдердің де әсері бар. 
Энергия алмасуға ықпал ететіндігі жайлы көбірек зерттелген ішкі секреция бездеріне – 
гипофиз, қалқанша, ұйқы, бүйрек үстіндегі бездері жатады. Еркін тотығу аскорбин 
қышқылымен активтенеді. Фосфорланып тотығуды Е, К, В¹, В², В¹², биотин витаминдері 
күшейтеді. В-авитаминозы кезінде энергия тым көп бөлінеді. 
Энергия алмасудың бұзылуы патогендік факторлар тікелей әсер еткен кезде де, 
сондай-ақ зат алмасудың реттелуі бұзылған кезде де, энергиялық түрленудің әр түрлі 
сатысында пайда болуы мүмкін. Сонымен, энергия алмасудың бұзылуы организмнің 
нервтік және гуморалдық жүйелерінің қызметіне тәуелді.
У г л е в о д а л м а с у п а т о л о г и я с ы. Организмде синтезделетін және 
клеткаларда пайдаланылатын маңызды органикалық қосылыстар тобына углеводтар 
жатады. Углеводтар организмдегі негізгі энергия көзі болып саналады. 1 г углевод 
калориясы 17,6 кДж/г (4,2 ккал) тең. Организмге қажетті энергияның шамамен 60 – 75 %-
ін углеводтар қамтамасыз етеді. 
Углевод алмасуы мынадай жағдайда бұзылуы мүмкін: 
а). 
ішек 
және 
панкреатин 
сөлдерінде 
углеводтың 
нашар 
қорытылуынан 
моносахаридтердің ішекте жөнді сорылмауы. Бұл құбылыс ішектегі қабыну процесінде, 
кейбір улармен уланғанда байқалады; 
б). аралық углевод алмасудың бұзылуы бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің 
синтезделуі әлсірегенде немесе гликогеннен, сондай-ақ белоктар мен майлардан глюкоза 
көптеп пайда болғанда білінеді. 
в). углевод алмасудың жеткіліксіз реттелуі тікелей орталық нерв жүйесі мен ішкі 
секреция бездері арқылы жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет