126
Майдың тасымалдануының бұзылуы. Майдың тасымалдануының бұзылуының басты
көрсеткішінің бірі – гиперлипемия – қанда бейтарап майлардың көбеюі (адамда нормасы
100 – 230 мг %).
Гиперлипемияның мынадай түрі бар:
алиментарлық (тез өтетін) – азықтандырудан кейін бірнеше сағаттан соң пайда
болады;
ретенциондық – липопротеинді липазалардың активтілігі төмендеуінен, липопротеинді
липазалардың
активті бөлігінің азаюынан, қанда альбуминдер мөлшерінің кемуінен т. б.
салдарынан майдың ыдырауы бөгелуден пайда болады;
тасымал гиперлипемиясы – май депосынан майдың көптеп бөлінуінен пайда болады.
Бұл құбылыстардың себептері: өкпесімен күшті тыныс алатын адамдарда (жүзгіштер,
әншілер) майдың өкпеден бөлінуі, зақымданған сүйек кемігінен майдың бөлінуі;
эндокринді регуляцияның бұзылуынан май депосынан майдың көптеп бөлінуі.
Гиперлипемия
зардаптары.
Бауырға
майдың
көптеп
келуінен
онда
бета-
липопротеидтер, кетон денешіктері пайда болып, организмді май басады. Сөйтіп, әр түрлі
органдар мен тканьдерге май жиналады. Май алмасу өнімдерінен холестерин көбейеді.
Хиломикрондарда фосфолипидтер болатындықтан қанның ұйығыштығы артады.
Липоидонефроз кезінде май аздаған мөлшерде несепте пайда болады (липурия).
Лимфа хилездық тамырлардан несеп шығаратын өзекке құйылған жағдайда несеппен
бірге
май өте көп бөлінеді, сондықтан мұндай құбылысты хилурия деп атайды.
Май депосында май алмасудың бұзылуы. Семіру – май депосына майдың артық
жиналуымен сипатталады. Семірудің мынадай түрлері бар:
алиментарлық – азықты тым көп жегеннен пайда болады;
май депосынан майдың бөлінуінің кемуінен және майды энергия көзі ретінде
пайдаланудың жетімсіздігінен болатын семіру. Семірудің мұндай түрі артқы
гипоталамустың функциясы
бұзылғанда пайда болады;
эндокриндік – қалқанша бездің, бүйрек безінің және жыныс безінің функциясы
жетімсіздіктен пайда болады;
метаболикалық – углеводтың майға айналуы (50 %) тым көбейіп кеткенде байқалады.
Арықтау кезінде май депосынан май көптеп бөлінеді, тірілей салмағы күрт кемиді.
Арықтау себептері мынадай:
а) толық және жарым-жартылай ашығудан;
б) биологиялық активті заттардың (В¹,В² т. б.витаминдердің)
тапшылығынан
липогенездің тежелуінен;
в) майды энергия көзі ретінде пайдаланғанда (дене жұмысы т. б.) май депосынан
майдың көптеп бөлінуінен.
Достарыңызбен бөлісу: