130
концентрацияда әсер етеді. Аминдердің көп концентрацияда жиналуы организмге елеулі
қатер төндіреді. Қалыпты жағдайда аминдер аминооксидазалар әсерінен альдегидтерге
тотығып, тез жойылады.
Патологиялық процесс кезінде тотығып аминсіздену тежеліп, амин қышқылдары
көбінесе карбоксилсіздену жолымен түрленіп, биогенді аминдер жиналады.
Жекелеген амин қышқылдары алмасуының бұзылуы. Адамдарда жекелеген амин
қышқылдары алмасуының біткен ақауына байланысты бірқатар тұқым қуалйтын аурулар
болады.
Фенилаланин
(фенилкетонурия)
–
аурудың
пайда
болуына
бауырда
фенилаланингидрооксилаза ферментінің жетіспеушілігі себепші болады, соның әсерінен
фениланиннің тирозинге түрленуі тоқталады. Қандағы фенилаланин концентрациясы 20 –
60 мг %-ке дейін жетеді (нормасы 1,5 мг %). Оның метаболизм өнімі, соның ішінде
кетоқышқылы – фенилпируват нерв жүйесіне улы әсер етеді. Ми қыртысының нерв
клеткалары бүлініп, оның орнына микроглиальды элементтер өсіп шығады. Ауру өршіген
жағдайда 6 айлық балада ақыл-есінің жетілмегендігі, тері мен шаш түсуінің бозарғандығы,
жалпы қозу пайда болғандығы, рефлекстерінің күшейгендігі, бұлшық ет тонусының және
негізгі алмасудың күшейгендігі, қояншыққа (эпилепсия) және микроцефалияға (бастың
кішілігі) шалдыққаны т. б. байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: