Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет2/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Ө л і м н і ң н е г і з г і с е б е п т е р і: 1. Жүрек қызметінің тоқтауы жүрек 
параличі; 2. Тыныс алудың тоқтауы. Өлім лезде немесе кенеттен болуы мүмкін, алайда 
өлім көбінесе бірте-бірте - өлім алдындағы жанталасудан (агония) кейін болады. Өлімнің 
екі түрі бар: 1. әбден қартаюдан табиғи өлу, мұндайда бүкіл ағза функциясы әлсіреп, 
соның нәтижесінде тозады: 2. патологиялық өлім – аурудан немесе қатты зорығудан 
болады. 
Ауру процесінің дамуында ағза функциясындағы ерекше өзгеріс - өлген кезде 
байқалады. Мұндай терминалдық немесе ақырғы күйді өлу сатысы деп атайды да, ақыры 
биологиялық өлімге ұласады. Бұл сатыға жанталасу және клиникалық өлім жатады. 
Ж а н т а л а с у дегеніміз орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы және 
ағзаның 
бүкіл 
тіршілік 
функциясының 
(тыныс 
алуының, 
жүрек 
қызметінің, 
сфинктерлердің немесе жапқыштардың әлсіреуі, температурасының төмендеуі) бұзылуы. 
Жанталасу клиникалық өлімге ұласып, ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін (2-3 
күнге) созылады. Содан кейін ол клиникалық өлімге ауысады. 


17 
К л и н и к а л ы қ (с а л ы с т ы р м а л ы ) ө л і м - өлудің қайтымды кезеңі, ол 
тіршіліктің сыртқы белгісінің жойылуымен сипатталады (жүрек қызметі мен тыныс алуы 
тоқталады). Клиникалық өлім орталық нерв жүйелерінің неғұрлым терең күйзелуімен, 
алмасу процестерінің елеулі бұзылуымен, энергетикалық қорының таусылуымен 
сипатталады, бірақ тканьдердегі өзгерістер әлі де қайтымды болады. Сондықтан да, кейде 
ересек малда 5-6 минутқа созылатын клиникалық өлім кезеңінде организмнің тіршілік 
функциясы қалпына келуі мүмкін.
Соңғы кезде гипотермияның қолданылуына байланысты клиникалық өлімге 
ұшырағанына бір сағаттай болған ми функциясын толық қалпына келтіріп, тірілтіп алуға 
мүмкіндік туды. Орталық нерв жүйесінің функциясы қалпына келгеннен кейін, 
клиникалық өлімнен малдың тірілгеніне үш сағат болғанда, организмнің негізгі 
функциялары, оның зат алмасуы қалпына келеді. 
Клиникалық өлім б и о л о г и я л ы қ (ш ы н) ө л і м ге ұласады, мұндайда 
әуелі орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөліктерінде, ми қыртысында, содан кейін 
организмнің басқа да тканьдерінде қайтымсыз өзгерістер басталады. Алайда организм 
тұтастай өлгенімен, оның жекелеген органдары мен тканьдері бір мезетте өлмейді. 
Өлгеннен кейін қысқа уақытта жүні өседі, сондай-ақ мал өлексесінен алынған 
оқшауланған органдарын (жүрек, бүйрек т. б.) қалпына келтіруге болады. 
Ө л і м н і ң б е л г і л е р і: 1. өлексенің салқындауы – алғашқы күні 
температурасы әр сағат сайын 1º, екінші күні 0,2° кемиді; 
2. Өлексенің сіресі - өлгеннен кейін 8-10 сағатта басталады; 
3. Өлексе теңбелі – гипостаздар – ыдыраған қанның тканьдерге сіңуінен пайда 
болады; 
4. Өлексенің шіруі – сұр-жасыл теңбілдер пайда болады (қан гемоглобиніндегі 
темірдің күкіртті сутегімен химиялық реакцияға түсуі нәтижесінде күкіртті темірдің 
тұнуынан) 
Сонымен, кез келген ауру жекелеген кезеңдер мен фазалардан тұрады да, ауру 
тудыратын агенттердің басталуынан ауру аяқталғанша белгілі бір даму циклінен өтеді. 
Малда жасырын тіршілік немесе анабиоз деп аталатын басқа да ерекше күй 
кездеседі. 
А н а б и о з – тіршілік процесі кенеттен тежелетін организмдегі ерекше күй. Бұл 
қысқы ұйқыға кететін көптеген жануарларда (борсық, аю, суыр, жарқанат, жылан, бақа т. 
б.) байқалады. Мұндай жасырын тіршілік кейде нервісі ауруға шалдығып, бүкіл тіршілік 
функциясы әлсіреген жануарларда да байқалады. 
Қ ы с қ ы ұ й қ ы – эволюциялық процесте қалыптасқан тіршіліктің ерекше 
формасы болып саналады. Мұндай құбылыс сыртқы ортаның қолайсыз жағдайында 
(қоректің жетіспеуі т.б.) басталып, жылдың әр уағын да пайда болады. Жоғарыда аталған 
жануарлардың барлығы да қысқы және жазғы ұйқыға жатады. Ұйқы кезінде зат алмасуы 
мен дене температурасы (5-7°) төмендейді, тыныс алуы, жүрек қызметі, асқорыту 
аппаратының функциясы т.б. едәуір баяулайды. Ұйқы кезінде жануар қоректі 
қабылдамайды (организм ішкі қорегін пайдаланады). Едәуір қолайлы жағдай туғанда 
(жылу, салқын түсу) жануар ұйқысынан оянады. Ұйықтайтын жануарларға сергітетін дәрі 
құйғанда оянады. 


18 
2. Жалпы этиология 
Этиология туралы ұғым. Этиология - бұл аурудың себептері мен пайда болуы 
жағдайлары туралы ілім. Грекше aitio – себеп, logos – ілім деген сөзден шыққан. Мал 
ауруының пайда болу себептері мен жағдайларын айқындау малдәрігерлерінің 
практикалық жұмысында тиімді емдеу және сақтық шараларын жүргізу үшін қажет. 
Себеп – салдар принциптерін философиялық тұрғыдан түсіндіру материализм мен 
идеализм арасындағы қызу талас аренасына айналған және де солай болып келеді. Бұл -
ақиқат пен ауытқуышылықтың, ғылым мен діннің арасындағы күрес. Көп ғасырлар бойы, 
тіпті XX – ғасырға дейін аурудың жалпы этиологиясы туралы үстірт, бір жақты түсінік 
болып келді. Аурудың пайда болуының себептері мен жағдайлары туралы жалпы ілім тек 
ХХ ғасырда жасалды. 
ХХ ғасырдың аяғында бірқатар микроорганизмдер – ауру қоздырғыштары ашылды. 
Алапестің (проказа) (Hansen, 1978), қайталама сүзектің (тиф), (Obermeier, 1979),
гонококктың (Neisser, 1979) қоздырғыштары табылды. 1880-1884 жылдар аралығында 
құтыру (Pasteur), безгек (Laveran), іш сүзегі (Ebert, Jaffky), тырысқақ (холера) және 
туберкулез (Koch), дифтерия (Loffler, Klebs), сіреспе (столбняк) (Nikolaev) т.б 
қоздырғыштары ашылды. Микробиология саласындағы бұл жетістіктер этиологияның 
дамуына ықпал етті. 
Сол кездегі ғұлама ғалымдар көпшілік аурудың пайда болуы организмге 
микробтардың енуінен деген тұжырымға келді. Демек, XIX ғасырдың соңындағы 
патологтардың пікірінше, организмге себеп факторларының біреунің әсер етуі ауру 
туғызады. Этиологиядағы мұндай бағытты монокаузализм (латынша Causa- себеп) 
атайды. 
Монокаузалисттер аурудың пайда болуына бір-ақ себеп жеткілікті деген 
тұжырымға тоқталды. Олар патогенді микробтар қанша болса, ауру да сонша деп есептеді. 
Монокаузалисттер жануарлар мен адам организмінің күрделілігін, оның сыртқы ортамен 
байланысын ескермеді. Патогенді микробтардың организмде үнемі ауру туғыза 
бермейтіндігі анықталды, өйткені кейде сау организмнен де микробтар табылды. Демек, 
этиологияның жалпы бағында монокаузализм дәрменсіз болып шықты. Сондықтан да 
аурудың жалпы этиолгиясына деген көсқарасты қайта қарау қажет болды.
Ауру себептері туралы ілімде екі жаңа идеалистік бағыт пайда болды: 
Кондиционализм (Conditio - жағдай) – қолайсыз жағдай; 
Конституционализм – конституциясының кемістігі. 
Кондиционализм теориясын жақтаушылар аурудың пайда болуының негізгі 
этиологиясы – қолайсыз жағдай деп есептеді. Олар ауру тудыратын себептерді теріске 
шығарды. Олар былай деп топшалады; патогенді факторлардың әсерінен пайда болатын 
ауру – «лабораториялық» ойдан шығарылған нәрсе, тек малды күтіп бағу жағдайын 
өзгертсе болды, ауру оларға дарымайды. Мәселен, кондиционализмнің көрнекті өкілі, 
неміс патофизиологы Ганземаның пікірінше, туберкулез процессінің өршуі үшін тек 
жағдай керек, сондықтан ол туберкулез таяқшасы туберкулез ауруын тудырады бекерге 
шығарды. Сонымен, кондиционализм өкілдері аурудың пайда болуында сыртқы ортаның 
факторларына субъективті баға беріп, организмнің өз ролін теріске шығарды.
Конституционализм - этиологиядағы ағым. Бұл бағыттың өкілдері ауру негізі мал 
конституциясының беріктігі деп топшалады. Олар аурудың пайда болуында сыртқы орта 
факторларының ролін теріске шығарды. 
Келтіріліп 
отырған 
моноказализм, 
кондиционализм, 
конституционализм 
қағидалары, шындығына келгенде, нағыз идеалистік. Бұл метафизикалық бағыттар 
дәрігерлердің емдеу және сақтық шараларын жүргізуге қол байлау болып келді. Анығын 
айтқанда мұның өзі дәрігерлерді дәрменсіз етеді. 
Ауру этиологиясын ғылыми тұрғыда қарастыру диалектикалық материализм 
негізінде ғана мүмкін болды. 


19 
Қазіргі кезде этиологияны себеп ретінде де, жағдай жиынтығы ретінде де 
қарастырып, мұндай жағдайда себеп организмге ауру тудыруға ықпал етеді. Мал 
ауруының этиологиясын білу – осы аурулардан ойдағыдай сақтандырудың және емдеудің 
міндетті шарты болып саналады.
Ауру себептерін организмнің өзінде туа біткен немесе бүкіл өмірінде жүре пайда 
болған ішкі (эндогендік) және организмге айналадағы (экзогендік) әлемнен әсер ететін – 
сыртқы деп шартты түрде бөледі. 
Сыртқы ортаның ауру тудыратын факторлары механикалық, физикалық, 
химиялық және биологиялық бөлінеді. Тегі және механизмі жағынан алуан түрлі осындай 
ауру тудыратын факторлар нақты жағдайда малдың тіршілік етуін жүзеге асырады. 
а) Механикалық факторлар мал организміне әсер ете отырып, онда алуан түрлі 
зақымдар және фунуционалдық кеселдер келтіреді. 
Механикалық факторларға қатты заттарға соғылу; үшкір заттардан жарақаттану; 
оқтан жаралану; сіңір созылу; дененің құлауынан тканьдер мен органдардың үзілуі; ми 
шайқалуы; жарақаттан талықсу; қан құйылу т. б. жатады. 
Жарақаттану малда жиі ұшырайды. Оның өзі малды дұрыс күтіп-бақпаудан, 
сондай-ақ дұрыс күтімнің жасалмауынан болады. 
Механикалық факторлардың зардабы түрліше болуы мүмкін. Оның өзі 
организмнің немесе тканьнің қасиетіне, физиологялық күйіне, тітіркендіргіштің әсер ету 
күшіне және оның ықпал ету ұзақтығына байланысты.
Ауру себептерін, немесе симптомдарын (грекше Symptoma – белгілер негізінде) 
деп атайды. Аурудың ең жиі байқалатын белгісі – ауырту (қақсау). «Ауру» деген сөздің 
өзі де «ауыртудан» шыққан. 
Мал организмі жарақаттанғанда ауырту пайда болады. Ескерте кететін жәйт, 
қазіргі әдебиеттерде ауыртуға дұрыс анықтама мен түсініктеме берілген жоқ. Малда 
ауырту реакциясы болғанымен, оның өзі мал түріне байланысты, түрліше байқалады. 
Мәселен, иттің ауырту сезімі өте жоғары, ал жылқыда біршама бәсең. Ауырту 
тітіргендіргіштің организмнің экстеро – және интерорецепторларына ықпал етуінен, 
сондай-ақ зақымданған орында микробтардың тіршілік әрекеті нәтижесінде тканьдер мен 
өнімдердің ыдырап, улы заттар бөлінуінен болады. Сонымен, ауырту дегеніміз – малдың 
күшті патогендік тітіргендіргішке өзіндік сезімталдық әсері, организмнің функционалдық 
күйінің, ең алдымен, орталық нерв жүйесінің тұтастай кеселденуі. Сонымен қоса, жарақат 
кезінде жекелеген органдардың (жүрек, тыныс алу т. б.) функциясының рефлекторлық 
өзгерісі де байқалады. 
Жарақат нәтижесінде тканьдердің тұтастығы бұзылып, қабыну реакциясы пайда 
болады. Мұндайда организмге микробтардың енуіне қолайлы жағдай туып, тереңде 
орналасқан 
тканьдерде 
қабыну 
реакциясы 
басталады. 
Қабыну 
реакциясының 
қарқындылығы тканьдердің жарақаттану дәрежесіне, организмнің реактивтілік қасиетіне 
және организмге енген микроб мөлшеріне байланысты. Организмнің қарсылық көрсетуі 
бәсеңдегенде ауру процесі өршіп, іріңдеу (пиемия), тіпті шіру (сепсис) басталады. 
Жарақат кезінде тканьдерде өлі ет (некроз) пайда болады. Жарақат кезіндегі 
мұндай дистрофиялық (қорек жетіспеу), некроздық өзгерістер тканьдердің қанмен жөнді 
қамтамасыз етілмеуіне, сондай-ақ мүшелер мен тканьдерде нерв талшықтарының 
тұтастығы бұзылуына байланысты. 
Ми шайқалған кезде мидың (ми қыртысының, қыртыс астының, ретикулярлық 
формациялардың) әр түрлі түзіліс қызметінде нейродинамикалық ығысу басталады. 
Мидың шамадан тыс тежелуі байқалады. 
Ұзақ уақыт жазылмайтын ішкі органдардағы жарада, (ал мұның өзі организмнің 
жалпылама әлсіреуінен болады) «жара жүдеуі» деген басталады. 
Аяқтың, іштің, кеуденің ауыр жарақатынан талықсу пайда болады (1-сурет). 
Ауру туғызатын механикалық факторлардың біріне кинетозалар (Kinesis – 
қозғалыс) деген жатады. Кинетозалар – қимыл қозғалысының уақытқа және қашықтыққа 


20 
байланысты өзгерісінен туады. Мұндай бұзылу кемеде және самолетте байқалады (теңіз, 
әуе аурулары).
Акустикалық толқындар да сыртқы ортаның патогендік факторлары болып 
саналады. Тіпті жоғары кернеулі дыбыстың (ысқыру, атылу) бір жолғы әсерінің өзі-ақ 
ауырту сезімін тудырып, дабыл жарғағы мен ішкі есту аппаратын зақымдауы мүмкін. 
Организмге әсіресе қатты айқай-шу, яғни дыбыстың әр түрлі биіктік пен жиілікте ретсіз 
үйлесуі өте зиянды. 
Ауру тудыратын әсерге ультрадыбыс та, яғни қабылдау шегінен тысқары 
орналасқан дыбыс толқыны да жатады. 

б). Физикалық ауру тудыратын факторларға жататындар: жоғарғы және төменгі 
температураның, электр тоғының, сәуле энергиясының (соның ішінде иондық 
сәулеленудің), сондай-ақ атмосфера қысымының өзгеру әсерлері. 
Ж о ғ а р ғы т е м п е р а т у р а н ы ң п а т о г е н д і к ә с е р і . Сыртқы орта 
температурасының көтерілуі жалпылай (қыздыру, жылу және күн өту) және жекелей 
(күйіктер) әсер етеді. 
Қ ы з д ы р у – жылу реттейтін бүкіл механизмдер барынша жұмыс істеген 
жағдайдың өзінде ағзадағы жиналған жылуды сыртқа шығарып үлгере алмағанда пайда 
болады. Жылу бөлінудің шектелуіне сыртқы ортаның жоғары температурасы мен ауа 
ылғалдылығы ықпал етеді. Бауырдың, зат алмасудың, жүректің аруға шалдығуы, жіті 
инфекциялық аурулар ағзаның қыздыруға төзімділігін кемітеді. Жас малдар тез қызады, 
өйткені оларда жылу реттеу механизмі бірден қалыптаспайды.
Жоғары температураның ағзаға тиісті әсерін зерттеу жұмыстары академик 
Юнусовтың, 
профессор 
Израэлдің 
және 
профессор 
И. 
С. 
Самойленконың 
зертханаларында жүргізілді. Осы зерттеулерде дене температурасы көтерілген кезде 
тотығу-тотықсыздану процестері артатындығы анықталды. Оттегін қабылдауы көбейеді. 
Тыныс алу жиілейді, артерия қысымы артады, қаны қоюланады, онда сүт қышқылы мен 
азот қалдығы өседі. Ас қорыту мүшелерінің функциясы өзгереді (Юнусов). 
Т А Л Ы Қ С У 
Ауырсыну
Гуморальд
ық
Психогенді
к
Гематрансфузиял
ық 
Анафилактикал
ық
Экзогендік
Эндогендік 
Жарақаттан
Күйіктен 
Үсуден 
Тоқ соғудан 
Отадан
Кардиогендік
Нефрогендік 
Ас қорыту 
мүшелерінің 
ауруы кезінде


21 
Температура тез көтеріліп, шамамен 42-45°С жеткенде жануарлардың көпшілігінде 
орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзыла бастайды (есінен танады, аздап тырысады, қан 
қысымы төмендейді, тыныс алуында іркіліс пайда болады), мұны жылу өту деп атайды. 
Мұндайда температурасы төмендеп, артерия қысымы күрт кемиді, тыныс алуы бұзылады, 
кейде қалтырайды. Мұндай клиникалық көрініс орталық жүйке жүйесі функциясының 
бұзылғандығын білдіріп, бірнеше сағаттан немесе тәуліктен кейін өлім қаупі төнеді. 
К ү н ө т у. Дене қызуының шамадан тыс көтерілуінің (гипертермия) өзгеше 
формасы – күн өту болып саналады. Мұның өзі шыжыған күннің малдың басына өтуден 
болады. Жылу өту секілді күн өту пайда болуы үшін жалпылама қызуы міндетті емес. Күн 
өту кезінде температураның көтерілуі жүйке орталығының тітіркенуінен болатын екінші 
фактор. 
Жылу қанды жануарлар эволюциялық даму процесінде температураның белгілі бір 
өзгерістеріне бейімделген. Сыртқы орта температурасының, жануарлардың бейімделген, 
шегінен тыс жылынғанда немесе суығанда, онда тітіркену болуы, немесе барлық мүшелер 
мен тіндердің зақымдануы, немесе ақырында, ағзаға тікелей енуі немесе сәуле 
энергиясының сәулелендіруі арқылы әсер етуі мүмкін. 
Жануарлардың қызып кетуі дене температурасына қарағанда сыртқы ортаның 
температурасы едәуір жоғары болғанда, сондай-ақ шыжыған ыстықта жануарларды 
тасымалдағанда немесе айдағанда, көлік малдары қатты жұмыс істегенде, жазда малды 
желдетілмейтін тар қорада ұстағанда т. б. жағдайда болады. Мұндайда ағза жылу реттеуді, 
жылу бөлуді қамтамасыз ете алмайды да, ағзада жылу жиналады (гипертермия).
Жылу өтуге қарағанда, күн өткенде ми қыртысының қозуы және орталық жүйке 
жүйесінің жоғарғы бөлімі қызметінің бұзылуы едәуір айқын білініп, әр түрлі белгіде 
байқалады. 
Күн өтудің әсерінен өлген жануардың миының торшасы қан кернеп (гиперемия), 
ұсақ қанталаған орындар байқалады. 
Күн өткен малда қозу пайда болады, тыныс алуы мен тамыр соғуы жиілейді, содан 
кейін күйзелу сатысы басталады. Жануарлар көп жағдайда тыныс алу және қан айналыс 
орталығының салдануы (паралич) әсерінен өледі. 
Теріге немесе кілегей қабыққа әр түрлі факторлар (жылулық, химиялық, электрлік, 
сәуле энергиясы) әсер еткенде күйеді. 
К ү й і к т і ң 4 д ә р е ж е с і б о л а д ы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет