68
Патофизиологиялық өзгеріс сатысы. Аллергиялық реакцияның патофизиологиялық
сатысы дегеніміз сенсибилизацияланған организмге ерекше аллергенді енгізгенннен кейін
иммундық
және
патохимиялық
процестерде
болатын
ақырғы
көріністер.
Ол
аллергендермен зақымдаған клеткалардың, тканьдердің, органдардың және тұтастай
организмнің реакцияларынан тұрады. (7-сурет).
Жекелеген клеткалардың аллергиялық зақымдануы қан эроциттерін, тромбоциттерін,
лейкоциттерін, дәнекер ткань клеткаларын – гистиоциттерді, жуан клеткаларды т. б.
зерттеу арқылы жақсы таныс. Зақымдану нерв және тегіс бұлшық ет клеткаларында да,
жүрек бұлшық етіне де таралады.Тканьдер мен органдардың аллергиялық зақымдануы,
біріншіден, осы тканьдерді құрайтын клетканың зақымдануы, екіншіден, осы
органдардың нервтік және гуморальдық функциясының реттелуі бұзылудан болады.
аллергиялық реакцияның патологиялық, физиологиялықжалпы көрінісі – тұтастай
организм реакциясы, нендей бір аллергиялық аурулар мен аллергиялық синдромдар.
Сонымен, аллергия механизмі дегеніміз мына төмендегілер.
Аллергияның басты мәні антигенді қайталап енгізгенде оның өте жоғары бекуі.
Көптеген зерттеушілердің
пікірінше, аллергенді қайталап
енгізгенде
организм
тканьдерінің бекіткіш қабілеті артады. Бұл процесс, біріншіден, организмнің ішкі
ортасына микробтардың, уыттардың және басқа да тітіркендіргіштердің енуіне бөгет
жасайды; екіншіден, жекелеген тканьдерді зақымдап, қабынудың пайда болуына ықпал
етеді.
Аллергиялық реакцияның дамуына клеткалардан биологиялық активті заттардың
(гистамин, серотонин, брадикинин, гепарин, ацетилхолин т. б.) босауының ерекше мән
бар. Аллергиялық реакцияның дамуында және байқалуында аллергендердің рефлекторлық
доғаның әр түрлі буындарына әсер етуі ерекше маңызды, соның әсерінен нервтік-
рефлекторлық процестер өзгеріске ұшырайды. Аллергиялық реакцияларға эндокриндік
жүйе де (гипофиз, бүйрек үстіндегі безі, итқалқанша безі т. б.) қатысады.
Иммунобиологиялық реакцияны зерттеу нәтижесінде иммунитет пен аллергия
арасында байланыс бар екендігі, ал мұның өзі антигеннің немесе аллергеннің организмге
түсуінің өзіндік реакциясы екендігі анықталады.
Лездік типтегі аллергиялық реакция. А н а ф и л а к с и я (қорғансыздық, грекше
ana – кері, қарама-қарсы әсер және phylaxis – қорғану, өзін-өзі қррғау – туынды жоғары
сезімталдықтың нендей бір тегі бөлек белок (анафилактоген) әсеріне күйі.
Анафилаксияны тұңғыш рет иттен француз ғалымы Ришье және Портье (1902), ал теңіз
шошқасынан Г. П. Сахаров (1905) байқады. Тегі бөлек белокты енгізгенннен кейін пайда
болатын реакцияны А. М.Бездердко анафилактикалық талықсу деп атады (1912).
Анафилаксия теңіз шошқасында, қоянда, итте өте анық, ұсақ лабораториялық жәндіктерде
(егеуқұйрық, тышқан) және салқын қанды жануарларда шамалы білінеді.
Анафилаксияның даму кезегімен келетін үш процестен тұрады: а) сенсибилизация
(әзірлік), б) анафилактикалық талықсу (шешілу) және в) десенсибилизация.
Сенсибилизация активті және пассивті болуы мүмкін.
А н а ф и л а к т и к а л ы қ т а л ы қ с у. Сенсибилизацияланған малға
анафилактогенді
парентералдық
жолмен
қайталап
енгізгенде
пайда
болады.
Анафилактогенді (тегі бөлек қан сарысуы) қанға сенсибилизациялайтын дозасын 10 есе
асырып құяды. Оны құйғаннан кейін естен тану 1 – 2 минуттан кейін пайда болады. Әр
түрлі жануарларда талықсу барысының өз ерекшілігі болады және оның өзі дербес
реактивтілікке, жоғары нерв жүйесі бөлігінің функционалдық күйіне, ми қыртысына
(наркоз, қысқы ұйқы) байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: