Қатерсіз ісік баяу өседі. Ол маңайындағы сау тканьдерді қыса және ығыстыра
отырып өседі (экспансивтік өсу). Баяу өскенімен, ол едәуір мөлшерге жетуі мүмкін.
Қатерсіз ісіктен метастаздар мен рецидивтер болмайды. Ол кахексия тудырмайды. Алайда
қатерсіз ісік те зақымдау дәрежесіне қарай организмге қолайсыз әсер етуі мүмкін (ми ісігі
т. б.).
Қатерлі ісіктердің қалыпты тканьдерден бірқатар қасиеті мен ерекшелігі бар. Оның
басты ерекшелегі – шексіз инфильтрациялық өскінінде. Бұл өскін маңайындағы сау
тканьдерге жайылып, оны бүлдіреді. Қатерлі ісіктер тез өседі: бірақ тым үлкеймейді,
өйткені өршіген кахексия мен уланудан организм тез өледі. Сонымен қоса, қатерлі ісікке
рецидив пен метастаза тән қасиет.
І с і к т і ң х и м и я л ы қ қ ұ р а м ы. Сау тканьдерге қарағанда ісік тканьдерінде
су, калий, холестерин көп, бірақ кальций мен темір аз болады. Азоты бар қосылыстар
(белоктар, нуклеотидтер) сау тканьдерден гөрі ісікте едәуір көп жиналады. Сау
тканьдердің белогымен салыстырғанда ісік белогындағы амин қышқылының құрамының
айырмашылығы шамалы не бірдей келеді. Ісікте бос амин қышқылының құрамы тұрақты
болады. Ісік қауырт өскен кезде ондағы глутамин мөлшері кемиді. Ісіктің өсуіне
глутаминмен қоса аспарагиннің болуы да едәуір ықпал етеді. Ісікте метионин, цистин
және тирозин деңгейі біршама кеміп, аргинин, гистидин және лизин деңгейі артады.
І с і к т е г і з а т а л м а с у. Барлық ісікте, аэробтық, сондай-ақ анаэробтық
жағдайда гликолиздің көптеп бөлінетіндігі байқалады.
Мұның өзі ісіктің жартылай энергетикалық қажетін өтеп, төмен молекулалы
қосылыстың көптеп пайда болуына әсер етеді де, ол амин қышқылы мен нуклеотидтердің
биосинтезіне пайдаланылады.
Гликолиз және тыныс алу процестерінің ара қатынасының бұзылуы салдарынан,
әрі углеводтардың қалыптан тыс ыдырауынан ісік тканьдерінде тотықпаған өнімдер (ең
алдымен сүт қышқылы) жиналып, сутегі иондарының концентрациясы артады, яғни рН
шамасы кемиді. Мысалы, қалыпты жағдайда бауыр тканьдерінде рН – 7,4, ал гепатома
тканьдерінде рН 7,0-ге дейін кемиді (13-сурет).
Ісікте, әсіресе қатерлі ісікте белок пен нуклеин қышқылы мөлшерінің тез және
үздіксіз көптеп пайда болуы клеткалардың бөліну деңгейін арттыра түседі.
Ісікте амин қышқылының дезаминденуі мен трансаминденуі біршама бәсеңдейді.
Кейбір жағдайда амин
91
Тканьдік тыныс алу деңгейінің кемуі және гликолиздің артуы ↓
Углеводтарды қабылдау артуымен қоса, аэробты Гликолиз құбылысы ↓ Сүт қышқылының көп мөлшерде пайда болуы ↓ Организмнен көмір қышқылының көп бөлінуі және сілтілік резервтің шоғырлануы ↓ ____Алкалоз____ ↓ ↓
Оксигемоглобин диссоцияциясының кемуі ↓ Тотығу процестерінің одан әрі кемуі және глико- лиздің артуы ↓ СО² пайда болуының кемуі ↓ Реакцияның сілтілікке ығысуынан гликолиздің көбейе түсуі ↓ Белокты синтездейтін энергия көзі ↓ Ісік өскінінің қауырт көбеюі 13-сурет. Ісік кезіндегі углевод алмасудың бұзылуы.
Ассимиляция процестерінің диссимилясциядан асып түсуі ↓ Белоктық алмасуда белоктар мен ферменттердің