94
Сонымен, ісік тканьдері ерекше пролиферативтік процестердің нәтижесінде
қалыпты клеткалардан пайда болады.
О р г а н и з м н і ң р е а к т и в т і л і г і ж ә н е і с і к п р о ц е с і. Жіті қабыну
мен жіті инфекция организмнің реактивтілігін өзгертіп, ісік өскінін тежейді. Кез келген
созылмалы процесс, кәдімгі қабыну (жатыр мойнының эрозиясы, қарын, қуық, ішек
полиптері) рак ісігінің пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Мұны рак алдындағы процестер
деп атайды.
Рак алдындағы процесс – рактың даму сатысы емес, ол кейбір жағдайда ғана ракқа
айналады. Алайда рак алдындағы процесті айқындау және емдеу – сақтық шараларының
бірден бір тәсілі.
Рак кезінде иммунитеттің үш түрі болады:
а) ісік пайда болған кездегі иммунитет;
б) алғашқы ісік көптеп пайда болған кездегі иммунитет;
в) метастазға қарсы иммунитет.
Ракқа қарсы тұрақты иммунитет алу үшін тиісті антигенмен қоса,
организмге
қосымша ықпал етуге, оның реактивтілігін артыруға тура келеді.
Рактан сақтандыруда метастаздар мен рецидивтерді болдырмаудың жан-жақты
шараларын қарастырудың зор маңызы бар.
4. ҚАБЫНУ
Қабыну туралы ілімнің әрбір сатысында осы ұғымға алуан түрлі анықтамалар
беріліп келеді. Соның ішінде негізгі үш анықтамаға тоқталып кетуге болады: бейнелеу
(немесе сиптоматикалық), түсіндірме және аралас.
Бейнелеуге, мәселен, Pubbert (1908) анықтамасын жатқызуға болады. Оның
пікірінше, қабыну экссудативтік және пролиферативтік процестердің жиынтығы болып
саналады. Schwabbe (1911) қабынуды қан айналысының бұзылу процесі, дегенерация және
регенерация құбылысы ретінде қарастырады. Ал, Lubarsch (1921) қабынуды үш процестің
– дистрофияның, экссудацияның және пролиферацияның біртұтас көрінісі түріндегі
зиянды әсерге реакциясы ретінде анықтама береді.
И. И. Мечников қабынудың қорғаныш сипатын ашқаннан кейін қабынуға анықтама
беруде көбінесе функционалдық сипат басым болып, оны ғалымдар тереңірек түсіндіруге
ұмтылды.
Қабынуды түсіндірудің аралас бағытына Marschand (1924) анықтамасын үлгі етіп
алуға болады. Оның пікірінше, қабыну – қабындыру агенттерінің әсерінен пайда болатын,
тамырлар мен тканьдер тарапындағы бірқатар жеке-дара процестер, әрі соны жоюға
әрекет етушілік.
Қабыну ұғымына алуан түрлі көзқарас бола тұрса да,
көпшілік анықтамалардағы
бір ескерілмеген жайт – қабынуды тек жеке-дара процесс ретінде қарастыруы. Қабыну
жөніндегі қазіргі көзқарас бойынша, оны жеке-дара процесс ретінде де, сондай-ақ жеке-
дара процестің жалпы процеспен өзара байланысы ретінде де қарастыру қажет.
Қабыну ең көп тараған патологиялық процестердің біріне жатады. Көптеген
аурулардың клиникалық белгілері алуан түрлі болатындығына қарамастан, олардың
бірден-бір патологиялық процесі – қабыну негізге алынады. Мәселен, соқырішек,
эндокардит, стоматит, гастрит т. б. дәл осылай.
«Қабыну» термині (латынша inflammatio – оталу, тұтану) көне заманнан белгілі.
Оны температурасы көтерілетін кез келген ауруға белгіледі.
Қабыну – бұл организмнің зиянды агенттерге деген күрделі реакциясы. Ол тамыр-
ткань өзгерістерінің функционалдық және құрылымдық өзгерістерінің жиынтығы түрінде
байқалады. Қабынудың дамуы тұтастай организмнің реактивтілігіне тығыз байланысты.
Қабыну – қантамырларының, дәнекер тканьдердің және нерв жүйелерінің
жеке-дара
зақымдану реакциясы (Адо А.Д.).
95
Қабынуға өзара байланысты құбылыстардың күрделі тізбегі тән. Сондықтан
мұндағы мақсат – осы процестің мазмұнын айқындап, мәнін түсіндіруде.
Бұл құбылыстарды организм мен тканьдердің тіршілік әрекетінің бұзылу
процестері, сондай-ақ қорғаныш реакциясы ретінде белгі беретін бұзылған функцияның
бейімделу, қалпына келу процестері байқалады.
Қ а б ы н у с е б е п т е р і алуан түрлі. Қабыну көбінесе әр түрлі ауру тудыратын
экзогендік факторлардың әрекетінен пайда болады. Бұл факторларға мыналар жатады:
а) инфекциялық (бактериялар, улар);
б) механикалық (соғылу, жарақаттану);
в) физикалық (сәуле немесе электр энергиясы, термикалық факторлар –күйік, үсу);
г) химиялық (қышқыл, сілті, бөгде белоктар т. б.).
Бір және көп клеткалы паразиттер де қабынуға ұшыратуы мүмкін.
Қабынудың эндогендік себептеріне ткань шірінділерінің өнімдері, тромб, инфаркт,
қан құйылу, зат алмасудың бұзылған туындылары, мәселен, жиналған өт қышқылының,
ыдыраған тканнің улы өнімдері, бөлінген тұздар ықпал етуі мүмкін. Қабынудың ішкі
себептеріне нерв жүйесінің кейбір функциясының бұзылуы, мәселен, орталық
симметриялық қабыну әсер етуі ықтимал.
К л и н и к а л ы қ б е л г і л е р і. Қабынудың клиникалық белгілері Гиппократ,
Гален және Цельс заманынан белгілі. Қабынудың сыртқы белгілеріне мыналар жатады:
а) қызару (rubor);
б) ісіну (tumor);
в) учаске температурасының немесе ыстығының көтерілуі (calor);
г) ауырсыну (dolor);
д) функциясының бұзылуы (functio laesa). Қабынып
қызаруы және ыстығының
көтерілуі қан ағысының бұзылуынан, ісінуден (сұйықтың тамырдан тканьге шығуынан), -
зақымданған учаскедегі сезімтал нервтердің тітіркенуі салдарынан, ісік сұйығының
тканьдерді кернеуінен және оны бұзылған зат алмасу өнімдері тітіркендіргеннен, әрі
физикалық-химиялық өзгерістерден болады.
Осы белгілердің жиынтығы, негізінен алғанда, дененің сыртқы жабындылары,
терісі мен кілегей қабығы жіті қабынғанда, іріңдегенде және күйгенде байқалады.
Қабынудың кейбір басқа формаларында, әсіресе ішкі органдарда, осы аталған
белгілер
өте әлсіз байқалады, не мүлде білінбейді. Мәселен, бауырдағы, бүйректегі және
жүректегі қабынып қызаруы кейде органның қалыпты түсімен бүркемеленеді. Созылмалы
қабыну кезінде ісінуі, қызуы көтерілуі немесе ауырсынуы мүлде болмауы мүмкін.
Мәселен, бауыр және бүйрек циррозында осылай болады.
Алайда қабынудың тек сыртқы белгілерін ғана сипаттап қою бұл реакцияның
нақты мәнін ашпайды. Тереңірек зерттеу үшін қабынудың физиологиялық және
биохимиялық өзгерістерін білу қажет. Зақымданған тканьдердегі мұндай өзгерістер заңды
құбылыс болып саналады, әрі осы патологиялық процестің табиғатын толық айқындайды
(18-сурет).
Қ а б ы н у п а т о г е н е з і. Қабынған тканьдерде қандай өзгерістер болады?
Қабыну өзара байланысты және де бір мезетте өтетін үш түрлі құбылыспен сипатталады:
а) альтерация (ткань дистрофиясы, латынша alteratio - өзгеріс) – тканьдердің
бүлінуі және зақымдануы;
б) қан айналысының жеке-дара бұзылып, тамырлардың өткізгіштігінің өзгеруі,
лейкоциттердің экссудацияға және эмиграцияға ұшырауы;
в) фагоцитоз және пролиферация (proliferatio – көбею) –
клетка элементтерінің
көбеюі.
А л ь т е р а ц и я қ ұ б ы л ы с. Альтерация дегеніміз, зақымданған тканьдердің
функциясы мен құрылымының өзгеруі. Ол дистрофиялық процестердің бүкіл жиынтығын
қамтиды. Мұндайда қабынған орында зат алмасуы бұзылады.