Углеводтық (көмірсулық) алмасудың бұзылуы. Мұндайда оттегін қабылдау арта
түседі. Қабынған тканьдердегі тотығу процестерінің мөлшері ғана емес, сапасы да
бұзылады. Қабынған тканьдерде оттегі едәуір жетіспейді де, глюкозаны тым артық
пайдаланады. Тотығу үнемі толық болмайды. Тыныс алу коэффициентіедәуір кемиді,
анаэробтық
гликолиз
күшейеді,
углеводтар
толық
тотықпайтындықтан
көмір
қышқылының пайда болуы біршама кемиді. Қабынған тканьдерге сүт қышқылдары және
толық тотықпаған басқа да алмасу өнімдері жиналады.
Май алмасудың бұзылғандығы байқалады. Қабыну ошағынан келетін веноздық
қанда кетон денешіктерінің көбейгендігі байқалады. Майлы қышқылдар мөлшері біршама
көбейеді. Бейтарап май мөлшері шамалы ғана өзгереді.
Қабынған тканьдерде белок алмасуы түрліше бұзылатындығы байқалады.
Протеолиттік процестер артады. Қабыну кезінде протеолиттік ферменттердің әсерінен
белоктың ыдырауы күрт артып, белоктық алмасу өнімдері жиналады, әрі түрлі
физиологиялық активтіліктің ыдырауы өтеді. Мұнда азотты заттардың: пептидтер мен
амин қышқылдарының – тиозиннің, лейциннің, триптофанның, гистидиннің және
басқаларының елеулі ықпалы бар (19-сурет).
Қабыну өршіген кезде амин қышқылының концентрациясы арта түседі. Қабыну
реакциясы глобулин мөлшерінің артуымен бірге өтеді. Қабыну ошағына, тамырды
тарылтатын немесе тамырды кеңітетін әсері бар кейбір протеинді аминдердің (гистамин)
жиналатындығы туралы да деректер бар.
Қабыну ошағында зат алмасу бұзылумен қоса, физико-химиялық өзгерістер де
өтеді. Тыныс алудың бұзылуы және қабынған тканьдерге тотықпаған алмасу өнімдерінің
жиналуы әсерінен резервтік сілтілік кеміп, ацидоз пайда болады (Schade 1921, 1928).
Қабынудың бастапқы кезінде ацидоз компенсацияланады, өйткені ткань сөлінің
сілтілік резервін пайда болған қышқылдар бейтараптайды. Әрі қарай, сілтілік резерв
азайып, қанның келуі жетіспегенде бос сутегі иондарының концентрациясы көбейіп,
компенсацияланбайтын ацидоз дамиды. Қабыну белгісі неғұрлым тез өршісе, қабыну
ошағындағы сутегі иондарының концентрациясы да соғұрлым арта түседі.
Зат алмасудың бұзылуынан және ацидоздың дамуынан қабыну ошағында
жиналатын заттарға электролиттердің де ықпалы бар.
Электролиттер ткань ортасының физико-химиялық өзгерістеріне және белоктардың
коллоидтық-осмостық күйіне тығыз байланысты. Электролиттердің ішінде калий
иондарының едәуір өзгеретіндігі байқалады. Калий мен кальций дәнекер тканьдердің
ісінуіне, тамырлардың өткізгіштігіне және фагоцитозға әсер етеді.
Тұздар диссоциациясының күшеюінен сутегі иондары концентрациясының артуы
және электролиттердің жиналуы, содай-ақ коллоидтардың дисперсиялығының артуы
гиперионияның және осмостық гипертонияның пайда болуына әсер етеді.
Қабыну ошағында байқалған физико-химиялық құбылыстарды, онда пайда
болатын морфологиялық өзгерістерді түсіндіру үшін қолданады. Мұның ең алдымен
альтеративтік бұзылуға қатысы бар.
Қабыну ошағында физико-химиялық өзгерістер жиынтығы қан ағысының
бұзылуына, тамырлардың кеңеюіне және тамырды тарылтатын, әрі тамырды кеңітетін
заттар реакциясының ауытқуына ықпал етеді.
Қабыну ошағындағы физиологиялық активті заттар. Зақымданған орында
физиологиялық алмасу заттарының активті өнімдерінің пайда болуы әрқашанда
байқалады, бірақ оның өзі тітіркендіргіштердің қасиетін, әрі олардың әсер ету қарқынына
байланысты. Осы заттардың пайда болу және жиналу дәрежесі,бұлардың қабынудың
эндогендік фактор ретіндегі мәні қабыну сипатына (күйіктен, скипидардан, инфекциядан,
инфекциядан немесе аллергиядан) байланысты түрліше болуы мүмкін. Физиологиялық
активті заттардың пайда болуында тканьдердің зақымдану дәрежесінің және тұтастай
организм реактивтілігінің едәуір ықпалы бар.