100
П р о л и ф е р а т и в т і к (көбею) құбылыс. Альтерация құбылысымен қоса, қабыну
ошағының маңайындағы клетка элементтерінің сәл ұлғайғандығы байқалады.
Ткань элементтерінің ұлғаюына көбінесе мезенхима клеткалары – фиброциттер,
гистиоциттер, адвентициалды клеткалар, тамыр эндотелийлері т.б. қатысады.
Ұлғаюдың
артынан іле-шала регенерация (қалпына келу) процесі дамып, қабыну аяқталады.
Регенерация қабыну құбылысына жатпайды, бірақ одан бөлектеуге де болмайды.
Мұндайда дәнекер тканьдердің клеткалары көбейіп, жетіледі. Жаңадан пайда болған,
қауырт көбейетін, тамырлары көп грануляциялық ткань бірте-берте инфильтрацияланған
учаскеге айналады.
Грануляциялық ткань көбейе отырып, қабыну ошағының жиегінен ортасына қарай
бірте-берте жылжып, қабыну кезінде пайда болған ақаулы тканьдерді толтырады да,
осылайша өлген тканьді алмастырады. Мұның өзі тканьдердің қалыптасуына қолайлы
жағдай туғызып, қабыну ошағы мен су ткань арасына тосқауыл (демаркация) болады, әрі
қабыну ошағындағы микробтардың организмге таралуына мүмкіндік бермейді.
Қабыну кезінде әдетте екі негізгі саты байқалады: ткань альтерациясы басым болатын
саты және реактивтік пролиферативтік процестер басым болатын саты. Биологиялық және
физико-химиялық ерекшеліктерімен өзгешеленетін, бір-біріне қарама-қарсы бұл екі
сатының бір тұтастығы – қабыну агентінің реакциясына өзіндік ткань реакциясын
туғызатындығында.
Қ а б ы н у д ы ң б а р ы с ы м е н а қ ы р ы. Қабыну барысы жіті, жітілеу және
созылмалы болып бөлінеді. Қысқа уақытта (бірнеше күндей немесе аптадай), әрі
қарқынды құбылысын жіті деп атайды. Баяу, әрі ұзаққа созылатын, ауру белгісі жөнді
байқалмайтын қабынуды созылмалы деп айтады. Жіті
және созылмалы қабынудың
аралығын жітілеу деп атайды. Бұл саты ауру барысына қарай асқынуы да, бәсеңдеуі де
мүмкін. Қабыну процесінің барысы, оның пайда болған орнына, организмнің
реактивтілігіне, зиянды агенттің қарқындылығына және ұзақтығына т.б. байланысты.
Қабыну барысы түрліше болады:
1) Тканьдердің өлуі, содан кейін оның тіршілікке маңызды органдарға жайылып, бүкіл
организмге ықпал етуі, әрі тұтастай организмнің өлуі.
2) Арнайы элементтердің қалпына келуі нәтижесінде тканьдердің анатомиялық және
функциялық қызметінің толық қалыптасуынан қалыпты күйге оралуы.
3) Тканьдер мен органдардың функциялық қасиеттеріне әсер етпейтін ткань
тыртығының пайда болуы нәтижесінде толық емес қалыпты күйге келуі.
4)
Ақырында, зардапты әсері қалатын жіті қабынудың созылмалы формаға айналуы.
Бұл созылмалы қабыну сипатына және даму орнына қарай ұзақ уақытқа созылуы, әрі
пайда болған жерінде де, сондай-ақ бүкіл организмде бірқатар функционалдық және
морфологиялық ауытқулар туғызуы мүмкін.
Қабынуды жіктеу. Белгілі бір процестің басымдылығына қарай қабыну былайша
бөлінеді:
а) альтеративтік;
б) экссудативтік- инфильтративтік;
в) пролиферативтік (өнімділік).
А л ь т е р а т и в т і к қ а б ы н у дистрофиялық, некробиоздық және некроздық
құбылыстардың
басымдылығымен
сипатталады.
Мұндайда
экссудативтік
және
пролиферативтік құбылыс біршама әлсіз байқалады.
Альтеративтік қабыну көбінесе паренхиматозды органдарда (бауыр, бүйректе, жүрек
бұлшық етінде, кейде мида) кездеседі.
Э к с с у д а т и в т і – и н ф и л ь т р а т и в т і к қ а б ы н у
тамыр реакциясының
айқын білінуімен, онда экссудация мен эмиграция құбылысының басым болуымен
сипатталады. Оның өзі экссудат қасиетіне қарай бірнеше түрге бөлінеді: сероздық,
катаральдық, фибриноздық, іріңдік, геморрагиялық және шіріткіш.
101
С е р о з д ы қ қ а б ы н у үлес салмағы төмен (1015-1020) мөлдір сұйықтың
тамырдан тканьге немесе қуысқа жиналуымен сипатталады. Бұл сұйықтың құрамында
белок (3-5%) және өте шамалы мөлшерде қан түйір шіктері болады. Процесс көбінесе
қолайлы өтеді, өйткені онда ткань шамалы ғана бүлінеді, ал экссудат біршама тез
таралады. Тек кейбір жағдайда ғана (плевраның, іш пердесінің қабынуы) қабыну ұзаққа
созылады.
К а т а р а л ь д ы қ қ а б ы
н у кілегей қабықта дамып, кілегейдің (қақырықтың) көп
бөлінуімен жалғасады. Мұндай қабыну катаральдық (латынша Katharreo - ағу) деп
аталады. Серозды экссудат кілегеймен қоса ткань бетіне шығады, экссудатта лейкоцит аз
болады. Катаральдық қабыну қарын-ішек жолдарында, тыныс жолдарында кездеседі.
Ф и б р и о н о з д ы қ қ а б ы н у фибриногені өте көп экссудаттың шығуымен
сипатталады. Тиісті тканьдерді зақымдау дәрежесіне және тереңдігіне қарай былайша
бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: