Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет36/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

крупоздық қабыну – мұндайда жұқа қабық (пленка) кілегей бетінде бос орналасады да, 
кілегей тұтастығын бұзбай-ақ оп-оңай алуға болады (кеңірдектің, плевраның, үлпершектің 
(перикардтың) крупозды қабыну кезінде); 
дифтериялық қабыну – мұндайда фибринозды экссудат кілегей қабыққа сіңіп, 
некробиотикалық өзгерістер туғызады. Оның үстіне фибринозды жұқа қабықты 
сыпырғанда жара беті жалаңаштанады, мәселен, ішектің, жұтқыншақтың, бадамша бездің 
(миндалинаның) дифтериялық қабынуы кезінде. 
Фибринозды жұқа қабық бір жағдайда тартылып, сыртқа шығады (мәселен, тыныс 
жолдарынан және ішектен); екінші жағдайда тарап кетеді. Кейде фибринозды экссудат 
жинақталады, яғни ол дәнекер тканьмен бірігіп, соның әсерінен жабысқақ қабыну деп 
аталатын дамиды, мұндайда іргелес органдар немесе қуыс кенересі бір-біріне бірігіп 
кетеді, мәселен, плевраның висцеральдық және париеталдық жапырақшалары. Мұндай 
тұтасудан кейде органдардың ығысуы және олардың қызметінің бұзылуы пайда болады. 
І р і ң д і қ а б ы н у іріңді экссудаттың болуымен сипатталады. Бұл экссудатта 
лейкоциттер мен белок, әсіресе ондағы нейтрофильдер көп болады, олардың көпшілігі 
улар мен бактериялардың әсерінен өледі. Іріңді экссудаттың пайда болу себебі – 
стафилококктардан, генококктардан, менингококктардан, тифоздық және іріңдеткіш 
таяқшалардан. 
Іріңді қабыну шектеулі және жайылмалы болып бөлінеді. 
Ш е к т е у л і і р і ң д і қ а б ы н у ғ а жататындар: пустула (іріңді безеу) – іріңнің 
терідегі мальпиги қабатының шағын учаскесінде жиналуы, сөйтіп эпидермистің 
мүйізденген қабатын көтеруі; іріңдік (абсцесс) – тканьдерде пайда болған қуысқа іріңнің 
жиналуы; 
фурункул (шиқан, сыздауық) – май безінің және түк баданасының қабынуы; 
карбункул – май бездері мен түк баданасының қабынуы. 
Ж а й ы л м а л ы і р і ң д і қ а б ы н у ғ а мыналар жатады: 
флегмона – лимфа тамырлары мен тері бездерінің қабынып, ткань аралағындағы 
қуыста іріңнің біркелкі орналасуы және тері асты клеткасының зақымдануы; 
эмпиема – кез келген тұйық қуыста (плевра, өт қапшығы т. б.) іріңнің жиналуы. 
Іріңді қабынудың ақыры іріңнің жарылуы және сыртқа шығуымен, зақымданған 
тканьнің орны қалпына келіп, тыртық пайда болумен аяқталады. 
Кейде организм тұтастай улануы, көптеген іріңдіктердің – пневнамияның пайда болуы 
мүмкін. Мұның өзі іріңдеткіш микробтар ірің ошағынан жалпы қан арнасына өткенде 
байқалады. 
Г е м о р р а г и я л ы қ қ а б ы н у д а экссудат эритроциттермен араласып, ол қызыл 
түске айналады. Мұндай экссудаттар қабыну агентінің әсерінен немесе оның тіршілік 
әрекеті өнімінен, сол учаскедегі тамырлардың зақымдануынан, сондай-ақ қанның іркіліп, 
сол учаскедегі тамыр арнасында қан қысымының көтерілуінен болады. 


102 
Ш і р і т к і ш қ а б ы н у зақымданған ошаққа шіріткіш бактериялар түсіп, тканьдерде 
шіру процесі дамығанда байқалады. Соның салдарынан шіріткіш (ихороздық) қабыну 
пайда болады, мәселен, ихороздық бронхит, плеврит т. б. 
Көбінесе а р а л а с қ а б ы н у – сероздық-катаральдық, сероздық-іріңдік, іріңдік-
фибрионоздық, сероздық-гемогоррагиялық жиі кездеседі. Кілегей қабықтың қабынуының 
ауыр формасы – іріңді катар – көбінесе оның семуімен (атрофия) аяқталады. 
П р о л и ф е р а т и в т і к (ұ л ғ а й м а л ы) қ а б ы н у ткань элементтерінің 
ұлғаюымен сипатталады.Пролиферативтік қабынудың ең айқын формасы созылмалы 
өтетін инфекцияларда, мәселен, мерезде, (сифилис), туберкулезде, содай-ақ теріні әр түрлі 
химиялық заттар тітіркендіргенде байқалады. 
Созылмалы қабынудың кейбір жағдайында органның көбінесе дәнекер тканьді негізі 
ұлғаяды. Дәнекер тканьде немесе органда тұтастай қабыну ошағы ұлғайып, біраз бөлігін 
азғындаған паренхиматозды тканьдер алмастырады да, органда қатайып, оны бүрістіреді 
және көлемін кішірейтеді. Мұндай процесті цирроз (бүрісу) деп атайды (бауыр, бүйрек 
циррозы).
Кейде клетка элементтері грануляциялық тканьдермен көбейіп гранулема деп 
аталатын шектеулі майда немесе ірі түйіндер пайда болады. Гранулемалар жас дәнекер 
грануляциялық тканьдердің клеткаларынан тұрады. Гранулеманың дамуына туберкулез 
таяқшасы, мерез спирохеттері, алапес (проказа) таяқшалары ревматикалық және бөртпе 
сүзек инфекциялары себепші болуы мүмкін. 
Гранулемада 
пайда 
болған 
элементтерге 
қоректік 
материалдар 
жеткілікті 
келмегендіктен, әрі микробтардың тіршілік әрекетінің өнімдері улайтындықтан 
некробиозға (тіршілік белгісінен айрылу) және некрозға (шіру) шалдығып, содан кейін 
ірімтікті затқа айналады. Бұл көбінесе туберкулез бұдырларында байқалады. 
Қ а б ы н у д ы ң о р г а н и з м н і ң а л л е р г и я л ы қ р е а к т и в т і л і г і н е
т ә у е л д і л і г і. Организмнің аллергиялық реактивтілігі қабыну процесінің барысына 
едәуір әсер етеді. Организмнің иммунобиологиялық реактивтілігінің сипатына қарай 
нормергиялық, гиперергиялық және гипоергиялық қабынулар болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет