111
жетімсіздікке ұшыратады да, ісікті одан әрі өршіте түседі. Малда ісік жамбас және кеуде
учаскелерінің төменгі тұсындағы тері асты клетчаткаларында байқалады.
Бүйрек ісінуі бүйрек ауруларында (нефроз және нефрит) пайда болады.
Нефроздық ісінудің пайда болуына бірқатар факторлар қатысады. Нефроз кезінде
қанда белок мөлшері сонымен қоса хлорлы натрийдің бөлінуі де азаяды. Соның
салдарынан қан қысымы кеміп, онда белок мөлшері азаяды. Капиллярлар кенересінің
өткізгіштігінің артуы, қан плазмасында онкотикалық қысымның кемуі, тканьдерде хлорлы
натрийдің, әсіресе белокты алмасу өнімдерінің жиналуы судың тамырлардан шығып,
тканьдерде іркілуіне ықпал етеді, өйткені онда осмостық қысым мен ткань
коллоидтарының гидрофильділігі артады.
Достарыңызбен бөлісу: