Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет39/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Нефриттік ісінудің басты ерекшелігі – ткань аралығындағы сұйықта белоктың өте 
көп болатындығы және тканьдердің гидрофильділігі артатындығы. Нефрит кезінде су мен 
тұздың іркілетін себебі, гипофиздің антидиуретикалық гормонының көп бөлінуінен болуы 
мүмкін. Малда ісіну құрсағында, төсінде ғана емес, құйымшағында, тамағында, қасында 
да пайда болады. 
Уытты ісіну әр түрлі улану кезінде (фосгенмен, хлормен, дифосгенмен, хлорлы 
аммониймен т. б.) сондай-ақ көптеген улы заттардың жекелей әсер етуінен өршиді. 
Мәселен, хлорды, фосгенді, әсіресе дифосгенді ауамен жұтқанда өкпе ісінуі, ал теріге 
иприт, люизит және басқа заттар әсер еткенде – тері ісігі пайда болады. Сонымен қоса, 
инфекциялық аурулардың әсерінен организм уланғанда да (мәселен, сібір жарасында) 
пайда болуы мүмкін. 
Ісінудің өршуіне тамыр кенересінің зақымдануы, олардың жарылуы, сондай-ақ 
ыдыраған ткань өнімдерінің көптеп жиналуы, онда осмостық қысымның көтерілуі де әсер 
етеді. 
Қабыну ісінуі көптеген ауруларға ұшыратып, әсіресе қан айналысын, зат алмасуды 
бұзып, қабыну ошағында нервтік-трофикалық өзгеріс тудырады. Қабыну ісігінің өршуіне 
тканьдердегі осмостық және онкотикалық қысымның артуы, қанның іркілуі және тамыр 
кенересінің өткізгіштігінің артуы ықпал етеді. 
Кахексиялық ісіну созылмалы ауыр сырқаттан (инфекциялық, қан аздық, қатерлі 
ісік т. б.) организм жүдегенде, сондай-ақ ашыққанда пайда болады. 
Мұндай ісіктің пайда болуына әр түрлі себептер әсер етеді: қан плазмасының 
онкотикалық қысымының әлсіреуі, гипопротеинемия және қанда альбуминдердің кемуі, 
капиллярлар кенересінің өткізгіштігінің артуы, ткань тонусының кемуі, жүрек-тамыр 
жүйелерінің, жүрек қызметінің әлсіреуі, артериалдық қысымның төмендеуі, қан ағысы 
жылдамдығының баяулауы, тканьдерге натрий иондарының жиналуы салдарынан онда 
осмостық қысымның күшеюінен. 
Мал үнемі ашыққанда, әрі азық рационында белок жетіспегенде мал шөліркеп, 
суды өте көп ішеді. Соның әсерінен организмде су іркіліп, ісік пен шемен (көбінесе іш 
шемені) пайда болып, несептің шамадан тыс көп шығуы (полиурия) байқалады. 
Эндокринді ісіну кейбір ішкі секреция бездерінің функциясы бұзылғанда білінеді. 
Мәселен, гипотиреоидтық ісік (кілегейлі ісік – микседема) қалқанша без функциясы 
әлсірегенде пайда болады. 
Невроздық ісіну нерв жүйелері, оның трофикалық функциясы бұзылғанда пайда 
болады. Аллергиялық ісік (қан сарысуы ауруында, есекжем т. б.) деп аталатын да 
патогенезі жағынан невроздық ісікке жатады. 
Ісінудің организм үшін мәні. Алуан түрлі ісіктің даму механизмі көп жағдайда 
ортақ, сондықтан ісіктерді нағыз патологиялық процеске жатқызуға болады. Кез келген 
патологиялық процесс секілді, ісіктің де зақымдайтын, сондай-ақ қорғанып-бейімделетін 
де қасиеті болады. 
Ісінудің өршуі тканьдерді қысып, онда қан айналысын бұзады. Ткань аралығында 
сұйықтың тым көбейіп кетуі қан мен клетка аралығындағы зат алмасуды бұзады. 
Трофикалық функцияның бұзылуы салдарынан ісінген тканьдерге инфекция тез жұғады, 


112 
кейде дәнекер тканьдердің дамығандығы байқалады. Мұндайда қышқыл-сілті тепе-теңдігі 
де бұзылуы мүмкін. Ісінудің қауіптілігі даму орнына да байланысты. Сұйықтың ми 
қуысына, жүрек қалтасына, плевра қуысына жиналуымаңызды органдардың функциясын 
бұзып, кейде мал өміріне қатер төндіреді. 
Қорғану-бейімделу қасиетінен мыналарды атап көрсетуге болады: сұйықтың 
тамырлардан тканьдерге қауырт ауысуы және сонда іркілуі, қанда еріген улы заттардан 
арылуына, 
сондай-ақ 
организмнің 
сұйық 
ортасындағы 
осмостық 
қысымның 
тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді, ісіну сұйығы ісінудің өршуіне ықпал ететін әр 
түрлі химиялық және улы заттар концентрациясының кемуіне, олардың патогендік 
әсерінің азаюына әсер етеді; қабыну, аллергиялық, уытты және кейбір басқа да ісіну 
түрлерінде зақымданған ошақта қан мен лимфа ағысы қиындайтындықтан әр түрлі улы 
заттардың (бактериялар, уыттар, аллергендер т. б.) организмге сорылуы және таралуы 
кемиді. 
6. ЖЫЛУ РЕТТЕУ ПАТОЛОГИЯСЫ
Мал денесі температурасының тұрақтылығы зат алмасудың қажетті жағдайы, әрі 
тұтастай организмде тканьдік процестердің қалыпты деңгейін қамтамасыз етудің алғы 
шарты болып саналады. Сонымен қоса, зат алмасу мен энергия деңгейі мал денесінің 
тұрақтылығына байланысты. Жылу балансы организмнің тіршілік әрекеті нәтижесінде 
пайда болатын және сыртқы ортаға шығаратын энергия өнімдерінің аралығындағы тепе-
теңдікке тікелей тәуелді болады. Жоғары сатыдағы жануарлардың жылулық 
гомеостазасын сақтау, жылу бөлуді және жылу шығаруды реттейтін күрделі 
физиологиялық механизм арқылы жүзеге асырылады. Жылудың бөлінуі – химиялық, ал 
жылудың шығуы – физикалық процесс. 
Жануарлар әлемі дене температурасына қарай үлкен екі топқа бөлінеді. Оның 
біріншісіне салқын қанды (пойкилотермиялық) жануарлар жатады. Олардың дене 
температурасы сыртқы орта температурасы ауытқығанда шамалы ғана өзгереді. Бұған 
рептилиялар (бауырымен жорғалаушылар), қосмекенділер, насекомдар т. б. жатады. 
Екінші топқа жылу қандылар (гомойотермиялық) – құстар мен сүтқоректілер 
жатады. Бұлардың барлығының денесінің ішкі бөлігіндегі температураны белгілі бір 
деңгейде ұстап тұратын қабілеті бар. Дене температурасының мұндай тұрақтылығын 
изотермия деп атайды.
Мал денесі температурасының тұрақтылығы, бір жағынан, химиялық, екінші 
жағынан – физикалық жылу реттеумен жүзеге асырылады. 
Х и м и я л ы қ ж ы л у р е т т е у – бұл әр түрлі температура мен сыртқы ортаның 
басқа да факторлары әсер еткенде, мал организмінде зат алмасудың және жылудың пайда 
болуын 
қамтамасыз 
ететін 
физиологиялық 
процестер 
жиынтығы. 
Клетка 
митохондрияларында тотығу процестері өткенде жылу пайда болады. Бұлшық еттер тірі 
тканьдердің көпшілік бөлігі болатындықтан негізгі жылу бөлу көзі болып саналады. 
Организмдегі жылудың 80 проценттен астамы жұмыс кезінде қаңқа бұлшық еттерінде 
пайда болатындығы анықталған. Жылу бөлуде екінші орынды бауыр алады. Сондықтанда 
химиялық жылу реттеуді жүзеге асыруда қаңқа бұлшық еттері мен бауырдың айрықша 
маңызы бар. 
Ф и з и к а л ы қ ж ы л у р е т т е у – бұл организмнен жылу шығаруды реттейтін, 
әрі соның нәтижесінде мал денесі температурасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін 
физиологиялық процестер жиынтығы. 
Организм жылу энергиясын мынадай жолдармен шығарады: 
1. радиациялық және конвенциялық жолдармен; 
2. теріден және тыныс жолдарынан судың буланып шығуы арқылы; 
3. нәжіс пен несептен. 
Денеден 1 г су буланып шыққанда жылу шығыны шамамен 2,4 кДж болады. 


113 
Дене температурасының реттелуі. Мал денесінің температурасын реттейтін 
негізгі орталық – аралық ми бөлігі (гипоталамус). Оның алдыңғы бөлігінде жылу 
шығаратын, ал артқы бөлігінде жылу пайда болатын орталық бар екендігі байқалды. 
Теріде жылулық және салқындық рецепторлар болатындықтан, температура өзгерістері 
туралы сигналдар жылу реттеу орталығына беріледі де, ол тиісті импульсті жылу реттеуге 
қатысатын тамыр, тыныс алу, қозғалыс және басқа да орталықтарға жеткізеді. 
Жылу реттейтін орталық механизм екі түрлі жолмен әрекет етеді. Біріншіде, 
аралық миды шайып өтетін қан айналысы температурасымен жүзеге асырылады. Ондағы 
температураға байланысты тиісті орталық қозып, жылу бөлуге немесе жылу шығаруға 
ықпал етеді. Екіншісі, рефлекторлық және шартты рефлекторлық жол. 
Әр түрлі жануарларда жылу реттеу процестерінің өзіндік ерекшеліктері бар. 
Сондықтан олар сыртқы орта жағдайына әр түрлі дәрежеде бейімделеді. 
Г и п о т е р м и я – организмде жылудың азаюынан дене температурасының 
тұрақты төмендеуі. Мұның себептері сыртқы ортаның салқындауынан, наркоздан, қысқы 
ұйқыға жатудан, орталық нерв жүйесінің зақымдануынан, талықсудан, қансыраудан, зат 
алмасудың елеулі бұзылуынан болуы мүмкін. 
Сыртқы орта температурасының төмендеуі дене темпертурасын бірден түсірмейді. 
Ауыл шаруашылық малдарында дене температурасының төмендеуінің екі сатысы 
байқалады. 
К о м п е н с а т о р л ы қ (о р ы н т о л т ы р у) с а т ы с ы көбінесе 
рефлекторлық бейімделу реакциясымен сипатталады. Рецепторлық аппарат – гипоталамус 
(аралық ми бөлігі) – ішкі секреция бездері – жылу бөлу. Жылу бөліну жиырылатын және 
жиырылмайтын компоненттерден тұрады. Жиырылатын компонент – салқындаған 
жануарда бұлшық ет дірілі пайда болысымен, ал жиырылмайтын компонент – бұлшық 
етсіз органдар мен тканьдердегі, бірлі-жарым бұлшық еттердегі термогенезді қуаттандыру 
үшін байланыстырады. Жиырылмайтын термогенез қаңқа бұлшық еттерін шамамен 50 
проценттей, бауырды – 25 проценттей, ас қорыту жолын – 10 проценттей, май тканьдерін 
– 10 проценттей қамтамасыз ететіндігі туралы болжам бар. 
Суық тоқтаусыз әсер еткенде организмнің компенсаторлық мүмкіндігі таусылып, 
жылу ұстауы кемиді де, дене температурасы суып, декомпенсация сатысы басталады. 
Пайда болған күй ерекше: мұндайда тіршілік үшін маңызды функциялар бұзылып, 
углеводтар, липидтер, орталық нерв жүйесіндегі, бауырдағы, жүректегі, бұлшық еттегі, 
басқа да органдардағы белоктар жұтып, олардың функциялық активтілігі шектеледі. Ми 
қыртысының функциясы тежеледі. Ми қыртысының астындағы нерв түзілісі күйзеледі. 
Сезімталдығы мен қозғалыс активтілігі бәсеңдейді. Қалтырауы тоқтап, күші мен жүрек 
соғу жиілігі әлсірейді, артериалдық қысымы кеміп, гипоксемия (қандағы оттегінің 
жеткіліксіздігі) және гипоксияға шалдығады. Тотықтандыру ферменттерінің активтілігі 
бәсеңдейді. Тыныс алуы баяулайды. Оттегін қабылдауы шектеледі. 
Ішкі органдар температурасының төмендеп, кейіннен тіршілік әрекетінің қалпына 
келу мүмкіндігін биологиялық нөл деп атайды. Адам үшін ол 24-26ºС, жануар үшін 13-
20ºС тең. 
Басқа себептерге қарағанда суықтан өлу едәуір баяу өтеді. Клиникалық өлімнің 
ұзақтығы 10-15-тен 60 минутқа созылуы мүмкін. Өлу себебі – тыныс алу орталығының 
тежелуінен. Әр түрлі ауыл шаруашылық малдарында суыққа сезімталдық түрліше келеді. 
Г и б е р н а ц и я – қолдан жасалған және басқарылатын гипотермия. 
Гипертермия – сыртқы ортаның қызуынан дене темпертурасының шамадан тыс 
көтерілуі. 
Жануарларда, әсіресе тер бездері нашар жетілгендерінде демігу пайда болып, 
тыныс алуы жиілейді. Ит пен қойдың денесі қызғанда, тыныс алу жиілігі 10-15 есе, 
жылқыда - 2,5-4 есе, ірі қарада – 4-6 есе, шошқада – 5-7 есе артуы мүмкін. Кептердің 
денесі қызғанда тыныс алу жиілігі 30-дан 612-ге дейін жететіндігі тіркелген. 


114 
Сыртқы температура жоғары қалпында сақталған жағдайда организмдегі жылу 
артып, дене температурасы көтеріледі. Организмде метоболизм өнімдері, әсіресе қанда 
қалдық азот пен мочевина көбейіп кетеді. Қан қоюланып, тұтқырланады, жүрекке күш
түседі, содан барып гипоксия, ацидоз пайда болады. 
Сыртқы температура жоғары қалпында сақталған жағдайда организмдегі жылу 
артып, дене температурасы көтеріледі. Организмде метоболизм өнімдері, әсіресе қанда 
қалдық азот пен мочевина көбейіп кетеді. Қан қоюланып, тұтқырланады, жүрекке күш 
түседі, содан барып гипоксия, ацидоз пайда болады. 
Клеткадағы алмасу өнімдерінің шығуы қиындайды. Мұның өзі тұтастай қозуға, 
қалжырауға, тахикардияға, полипноэға ұшыратады. Дене температурасы мал көтере 
алатын ең жоғарғы деңгейге – 44-45ºС жетеді. Малдың қоғалыс үйлесімділігі бұзылады, 
қалтырау басталып, құлайды, содан кейін өлу басталады. Мал денесінің шамадан тыс 
қызуы өте тез, бірнеше сағаттың ішінде басталғанда жылу өту деген басталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет