Күн өту – тікелей түскен күн сәулесінің миға күшті әсер етуі. Күн өтуге жылқы, сиыр,
түлкі, қара күзен, үйрек шалдығады. Әсіресе жергілікті жерге бейімделмеген малдар күн
сәулесіне сезімтал келеді.
Қызба (лихорадка – латынша fevris) – инфекциялық факторларға және өз тканіндегі
жануар организмінің қорғану-бейімделу реакциясы. Бұл әр түрлі ауруда, әсіресе
инфекциялық ауруларға шалдыққанда өте жиі байқалатын белгі.
Қ ы з б а э т и о л о г и я с ы инфекциялық (экзогендік) және инфекциялық емес
(эндогендік) деп бөлінеді.
И н ф е к ц и я л ы қ қ ы з б а мал организміне бактериялар мен вирустардың енуіне
байланысты пайда болады. Қызбаның пайда болуының тікелей себебі – пирогендік (ыстық
жеткізуші) заттардан. Олар бактерияларда болады немесе организмдегі клеткалар мен
тканьдерге биологиялық, механикалық, физикалық, химиялық және сыртқы ортаның
басқа да факторлары әсер етіп, зақымдағанда бөлінеді. Эндогендік пирогендер құрылымы
жағынан полисахаридтер немесе липополисахаридтер болып саналады, әрі бактериалдық
клеткалардың эндотаксиндеріне (ішкі уларына) жатады.
И н ф е к ц и я л ы қ е м е с қ ы з б а мал өздігінен жарақаттанғанда, іш құрлысына
қан құйылғанда, жүрек бұлшық еті (миокард), өкпе, басқа да органдар инфартқа
шалдыққанда , некротикалық процестер, ісіну пайда болғанда, операция жасағаннан кейін
тканьдердің асептикалық (микроб жұқпай) зақымдануынан болады.
Бактериалдық клеткаларға қарағанда организм клеткалары мен тканьдерінде дайын
пирогенді факторлар болады. Эндогенді пирогендер тиісті патологиялық жағдай туғанда
ғана пайда болады.
Инфекциялық емес қызбаға белоктық, тұздық, фармакологиялық заттар әсері,
нейрогендік және гормоналдық қызбалар жатады.
Қ ы з б а п а т о г е н е з і. Қызба патогенезінде ең алдымен жылу балансын – жылу
шығаруды және жылу бөлуді реттейтін орталық нерв жүйесінің функциясы бұзылады.
Қызба гипоталамусты, жылуды реттейтін аймақ орналасқан артқы үшінші сұр төмпешікті
тікелей тітіркендіруден пайда болады (21-сурет).
Қызба патогенезіне ми қыртысының да елеулі ықпалы бар.
Қызба патогенезіне ішкі секреция бездері де қатысады.
Қ ы з б а с а т ы л а р ы. Қызба даму барысында үш сатыдан өтеді:
1). температураның көтерілу сатысы (stadium incrementum);
2). температураның жоғары деңгейде сақталу сатысы (stadium fastigium).
3). температураның төмендеу сатысы (stadium desrenentum).
Осы үш сатыда жылудың пайда болуы мен бөлінуі аралығындағы өзара қатынас,
сондай-ақ әр түрлі зат алмасу, диурез (несеп бөлу) т. б. бұзылады.
Бірінші, әдетте қысқы уақытқа созылатын сатыда дене температурасы тез немесе
бірте-бірте көтеріледі. Дене температурасының көтерілетін себебі: тері тамырларының
тарылуы салдарынан жылу бөлінуі артып, ал жылу шығару кемиді. Осыдан барып жылу
115
бөліну мен жылу шығарудың арасында қарама-қайшылық туып, бұлшық ет діріліне
ұласады – дене суықты сезініп қалтырайды, терісі бозарады.
Қалтырау температураның төмендеп, беткі тамырлардың тарылуы нәтижесінде терінің
нерв ұштарының тітіркенуінен пайда болады. Сөйтіп, ішкі орта температурасы мен тері
температурасында үлкен айырмашылық пайда болып, діріл тудырады.
Екінші сатыда жылу бөліну мен жылу шығару қатынасы белгілі бір деңгейде
сақталады. Мұндайда дені сау малдарға қарағанда жылу бөліну мен жылу шығару
аралығындағы баланс едәуір жоғары деңгейде болады.
Үшінші сатыда – температура төмендегенде жылу шығару күшейіп, ол жылу
бөлінуден асып түседі де, қалыпты жағдайдан едәуір жоғары болады. Жылу шығарудың
күшеюі тердің көп бөлінуінен және шеткі тамырлардың едәуір ұлғаюынан да пайда
болады. Содан кейін жылу бөлу мен жылу шығару, сондай-ақ дене температурасы
қалыпты күйіне келеді (22-сурет).
Температураның түсуі не өте тез (кризис), не баяу, бірте-бірте (лизис) өтеді.
Температураның кризистік төмендеуі, әсіресе жүрек-тамыр жүйелері жетімсіз болған
жағдайда, өте қауіпті, кейде талықсу реакциясы (коллапс) басталып, мал өліп кетуі
мүмкін.
Қ ы з б а н ы ж і к т е у. Температураның көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның
мынадай түрлері болады:
1). субфебрильді – дене температурасының 1ºС көтерілуі; баяу өтетін созылмалы
бактериалдық инфекцияларда байқалады;
2). біркелкі – дене температурасы 1,5 – 2ºС көтеріледі; көпшілік жұқпалы ауруларға
тән;
3). жоғары – дене температурасы 2 – 2,5ºС көтеріледі; жіті өтетін инфекцияларда
байқалады;
4). шектен тыс, немесе гиперпирексиялы – дене температурасы 2,5ºС астам көтеріледі.
Сепсисте (жұқпалы микробтың денеге жайылуы), дереу басталатын аллергиялық
реакцияда, асқынған созылмалы инфекциялық ауруларда байқалуы мүмкін.
Температура қисығының (қисық сызығының) сипатына қарай қызбаның мынадай
негізгі типтері болады.
1.Тұрақты типтегі қызбада (febris continua) тәуліктік температураның ауытқуы бір
градустан аспайды. Крупозды пневмонияда, қылауда және басқа да инфекциялық
ауруларда кездеседі.
2. Босаңсу (аурудың қайту) типіндегі қызбада (febris remitens) ертеңгі және кешкі
температураның айырмашылығы 1 – 2ºС шамасында болады. Бұған іш сүзегінің екінші
жартысында (адамда), сепсисте және катаральды пневмонияда байқалатын температура
қисығы (қисық сызығы) жатады.
3. Ұстамалы типтегі қызбада (febris intermittens) қысқы уақыттық қызба талмасы
(пароксизмдер) қызбасыз кезеңдермен (апирексия) біркелкі алмасып отырады. Жоғары
температура бірнеше сағаттай сақталып, содан кейін нормаға дейін төмендеп, қайтадан
көтеріледі. Температуралық қисық сызықтағы мұндай тип безгекте, туберкулезде, бауыр
ауруларында, сепсис ауруларында байқалады. Ауыл шаруашылық малдарында қан
паразиті ауруларында кездеседі.
4. Жүдету (қажыту) типіндегі қызбада (febris hectica) тәулік бойы дене температурасы
3 – 5ºС аралығында өзгеріп тұруы мүмкін. Туберкулездің жіті формасында, сепсисте
кездеседі.
5. Қайталама типтегі қызба (febris reccurens) ұстамалы типке қарағанда, қалыпты
температура аралығында дене температурасының ұзақ уақыт көтерілуімен сипатталады.
Бұл әсіресе қайталама сүзекке тән.
6. Бұрмалама қызбада (febris inversus) – таңертең температура көтеріліп, кешке жақын
бәсеңдейді. Сепсистік процесте, туберкулезде байқалады.
116
7. Нормадан ауытқу типіндегі қызба (febris athypica) әркелкі ауытқуымен сипатталады.
Сепсисте байқалады.
8. Қысқа мерзімдік қызба (febris ephemeria) эмоциялық шошынуда, вакцина,
сыворотка, рұқсат етілген аллерген құйғанда байқалады. Мұндайда температура бірнеше
сағаттан 2 тәулікке дейін көтеріледі. (23-сурет).
Бір атап көрсететін жайт, температуралық қисық сызық типтері инфекция сипатына
ғана емес, организмнің иммунологиялық реактивтілігін, атап айтқанда, бөгде белоктарға
организм сезімталдығының артуына қарай да айқындалады.
Қ ы з б а к е з і н д е і ш к і о р г а н д а р м е н ж ү й е л е р ф у н к ц и я с ы н ы ң
ө з г е р у і. Қызбаның елеулі белгілерінің бірі – дене температурасының көтерілуі.
Сонымен қоса, қызба ауруында бірқатар органдар мен жүйелердің функциясы өзгереді.
Орталық нерв жүйесі тұсында бұзылу байқалып, жылу реттеуі ауытқиды. Дене
қызуының шамадан тыс көтерілуі орталық нерв жүйесін қоздыруы және кейіннен тежеуі
мүмкін. Вегатативтік нерв жүйесі жағындағы симпатикалық бөлімінің функциясы едәуір
қозады.
Қызба кезінде симпатикалық нерв жүйесі қозғандықтан жүрек ырғағы жиілейді. Жүрек
қызметінің күшеюі және вазомоторлық орталықтың қозуы әсерінен қан қысымы біршама
көтеріледі.
Қызба кезінде тыныс алуы жиілейді. Тыныс алудың жиілеуі тамыр соғудың
жиілеуімен және дене температурасының көтерілуімен қатар жүреді. Тыныс алу тамыр
жүйесі мен тер безі функциясымен қоса жылуды физикалық реттеуге қатысады.
Сондықтан қызба кезінде тыныс алудың өзгеруі – жылуды физикалық реттеуге
бейімдеудің бір түрі болып саналады.
Қызба кезінде лейкоцитарлық формула өзгереді. Қызбаның бірінші және екінші
сатыларында қандағы лейкоциттер, көбінесе нейтрофилдер мен эозинофильдер азаяды.
Лейкоциттер саны ірі қарада, уақ малдарда, шошқада бастапқы санынан 60 – 70 процентке
дейін, жылқыда – 35 процентке дейін кемуі мүмкін.
Лейкоциттердің бастапқы азаюымен іле-шала лейкоциттер 3 тәуліктей көбейеді.
Жұп тұяқты жануарларда қызыл қан түйіршіктерінде өзгеріс байқалмайды. Ал
жылқыда барлық қызба түрінде эритроциттердің көбейгендігі байқалады. Сиырда, қойда,
шошқада қызба кезінде СОЭ көбейеді, ал жылқыда кемиді.
Ас қорыту аппаратының функциясы өзгереді: ас қорыту безінің және өт
секрециясының секрет бөлуі кемиді, ауыз бен тіл кілегей қабығы кеберсиді, қарын
қақпақшасының түйілуі байқалып, ішектің жиырылып-созылуы бұзылады. Іші қатып,
шіру процесі күшейеді, ішіне газ жиналып, кебеді. Ас қорытуы төмендегендіктен және
азықтың сіңуі нашарлағандықтан малдың тәбеті болмайды, қоректік заттарды сіңіруі
кеміп, улану байқалады.
Қызба кезінде бүйрек қызметі де өзгереді. Инфекциялық қызбада уыттар бүйрек
сүзгісіне елеулі әсер етеді. Қызба күшейген кезде несеп мөлшері едәуір азаяды. Су
тканьдерге іркіледі. Несепте азотты заттар көбейеді. Қызбаның үшінші кезеңінде, дене
температурасы түскенде несеп мөлшері едәуір көбейеді.
Кейде несепте белок байқалып, белок алмасу өнімдері көбейеді.
Қызба кезінде зат алмасудың бұзылуына әр түрлі факторлар себепші болады:
1. этиологиялық фактордың, әсіресе инфекция әсерінің ерекшеліктері;
2. дене температурасының көтерілуі;
3. белгілі бір дәрежеде қызба кезінде байқалатын ашығу, өйткені тәбетінің болмауынан
және ас қорытудың бұзылуынан ауру организм әдеттегіден азықты аз жеп, шамалы
сіңіреді.
Мұндайда көпшілік жағдайда негізгі алмасудың 5 – 10 процентке артқандығы
байқалады.
117
Углевод алмасуы артады, әрі өзгереді. Кейде гипер-гликемия (қан құрамында қант
мөлшерінің артуы) өршиді, алемантарлық глюкозурия (қанттың несеппен бөлінуі) пайда
болады.
Май алмасуы едәуір көбейеді, әсіресе инфекциялық қызбада айқын байқалады.
Углеводтың жетіспеуінен және майдың тотығуының кемуінен кетонемия және кетонурия
байқалады. Тотығу процесі 20 – 30 процентке (80 процентке майлар мен углеводтар
арқылы), газ алмасу 20 – 40 процентке артады.
Қызба кезінде белок алмасуы да бұзылады. Несеппен азот бөлінуі көбейеді.
Жоғары температуралы қызба кезінде белоктың қатысуы 30 процентке және одан
астам болуы мүмкін. Мұндайда несеп мочевина, аммиак және креатинин көбейеді.
Су-тұз алмасуы да өзгереді. Зат алмасудың артуы және тотықпаған өнімнің жиналуы
нәтижесінде тканьдерде су іркіледі. Алайда қызбаның үшінші сатысында жылу шығару
күрт артып, тер бөліну күшейеді де, бүйректен судың бөлінуі көбейе түседі.
Ал тұз алмасуға келетін болсақ, хлоридтердің іркілетіндігі байқалып, қызбаның
үшінші кезеңінде, несеп бөліну арта бастағанда көп мөлшерде бөлінеді. Қызба кезінде
көпшілік жағдайда ткань ыдырауы нәтижесінде фосфаттар мен калий тұздарының бөлінуі
көбейеді.
О р г а н и з м ү ш і н қ ы з б а н ы ң м а ң ы з ы . Қызбаның ең көрнекті белгісі – дене
температурасының көтерілуі. Сондықтан да инфекциямен күресуде қызба организмнің
бейімделу және қорғаныш реакциясы болып саналады, әрі емдік мәні бар.
Қызба кезінде организмде жоғары жылудың болуы патогенді микрофлораларға,
әсіресе вирустарға қырып-жоятындай әсер етеді. Қызба иммунитеттің өзгеше емес
факторы ретінде әрекет етеді. Сонымен қоса, жоғары температура алмасу процестерін
тездетеді, кейбір бейімделу реакциялары күшейеді: симпатикалық нерв жүйесінің
функциясы, фагоцитоз және иммундық денешік өндіру, гемопоэз (қан элементтерінің
жасалуы), бауырдың тосқауылдық және уытқа қарсы функциясы. Қызба болған сиырдың,
қойдың, жылқының пропердиналық жүйесінің активтілігі, содай-ақ инфекцияға төзімділігі
артады.
Микроорганизмдер жоғары температура ортасында антибиотиктерге, басқа да емдік
препараттарға төзімділігінен айырылады, мұның өзі емдеу тиімділігін жақсарта түседі.
Сондықтанда қызба реакциясын дереу басу инфекция барысын күрделендіріп, аурудың
қайталауына мүмкіндік туғызады, тіпті ауру малға өлім қаупін тудыруы мүмкін.
Қызба қорғаныш реакциясы бола тұрса да, организмнің тіршілік әрекетін біршама
бұзады. Оның үстіне температураның шамадан тыс көтерілуі де, күрт төмендеуі де
организмге зиянды әсер етуі мүмкін.
Алайда, қызба реакциясының қолайсыз жақтары, жалпы биологиялық және
эволюциялық тұрғыдан қарастырғанда оның бейімделу-қорғаныш сипатына күмән
келтірмейді.
7. ЗАТ АЛМАСУ ПАТОЛОГИЯСЫ
Зат алмасу
–
жер бетіндегі тіршілік негізі, өйткені кез келген организмнің тіршілік
әрекетінің негізгі зат алмасу (метоболизм) болып саналады.
Малда зат алмасу бір-бірімен тығыз байланысты екі процестен – ассимиляциядан және
диссимиляциядан тұрады.
А с с и м и л я ц и я, немесе анаболизм – организмге сыртқы ортадан келген қоректік
заттардың сіңу процесі. Организмге түскен қоректік заттар, оның құрамына айналады.
Олар клеткалардың, тканьдер мен органдардың қалыптасуын және жетілуін, гормондар
мен ферменттердің синтезделуін қамтамасыз етеді. Қоректік заттар ассимиляцияланып,
сол организмнің белогына, майына және углеводына, әрі оның құрылым материалдары
мен энергиялық қорына айналады.
118
Д и с с и м и л я ц и я, немесе катаболизм – күрделі органикалық заттардың ыдырап,
көп мөлшерде энергия бөлу процесі. Ассимиляция және диссимиляция процестері бір-
бірімен тығыз байланысып, организм құрамын үнемі жаңартып отырады.
Демек, зат алмасу энергия алмасумен тығыз байланысты, өйткені олар біріңғай
биологиялық процесс көрінісі болып саналады. Мал организмі сыртқы ортадан азықпен
бірге белок, углевод, май, витаминдер, минералдық тұздар, су алады да, зат алмасудың
ақырғы өнімін бөліп шығарады. Мұндайда биохимиялық реакцияның нәтижесінде
организмде көп мөлшерде химиялық энергия бөлінеді де, ол тіршілік органдарының
функциясын сақтауға пайдаланылады, әрі басқа энергия түрлеріне де айналуы мүмкін.
Мал организміндегі зат пен энергия алмасу бүкіл физиологиялық процестің
интегралдық көрсеткіші болып саналады. Осы процестер негізіндегі заңдылықты
биоэнергетикалық деп атайды. Сонымен, тірі материяның негізгі қасиеті зат алмасу болып
саналады, ол биохимиялық реакцияның біршама қозғалмалы және икемді, бірақ дәлме-дәл
реттелген жүйесі. Зат пен энергия алмасуының өту сипаты мен қарқындылығы, олардың
координациясы мал тіршілігін, оның өнімділігін және пайдалану мерзімін қамтамасыз
ететін фактор болып есептеледі.
Ғалымдар мен мал мамандары әр түрлі ауыл шаруашылық малдарының зат пен
энергия алмасу ерекшеліктерін терең зерттеп, оларды азықтандырудың физиологиялық
және биохимиялық негіздерін ойластыруға тырысуда. Мұның барлығы бір міндетті – мал
өнімділігін арттыруды және олардың өнім сапасын жақсартуды көздейді. әрі мұның өзі
елімізді азық-түлік бағдарламасын ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.
Зат пен энергия алмасудың әр түрлі жақтарының өз ерекшеліктері мен заңдылықтары
бар. Ауыл шаруашылық малдарының әр түрінің өзіндік зат алмасу типі болады, мұның өзі
көптеген факторларға: климатқа, азықтандыруға, күтіп-бағу жағдайына, жасына,
жынысына, тұқым қуалау ерекшелігіне т. б. байланысты.
Малда зат алмасу үш кезеңнен тұрады. Оның бастапқы кезеңі – ас қорыту. Ас қорыту
жолдарында механикалық, биологиялық және химиялық өңдеуден өткеннен кейін азық
қорытылады.
Екінші кезең қоректік заттардың қан мен лимфаға сорылуынан басталып, органикалық
заттардың синтезделу және ыдырау процестері өтеді. Осы кезде алмасудың көптеген
аралық және ақырғы өнімдері пайда болады. Бұл кезеңді аралық алмасу деп атап,
белоктық, углеводтық, липидтік, минералдық және сулық деп бөледі.
Ақырғы кезең – зат алмасудың ақырғы өнімінің организмнен бөлінуі.
Өткен ғасырдың аяғында Магнус-Леви (1897) зат алмасу қарқынын сипаттау үшін
малдың ашқарындағы және бұлшық еттері толық босаңсыған сәтіндегі газ алмасуын
зерттеу жолымен, негізгі тіршілік процестерін сақтайтын энергиясының ең аз мөлшерін
анықтауды ұсынды. Кейіннен мұндай зерттеуді жүргізу үшін жылу бөлуге әсер етпейтін
белгілі бір температура да қажет екендігі белгілі болды.
Н е г і з г і а л м а с у. Организмде энергияның түрленуінің маңызды көрсеткіші –
негізгі алмасу. Бұл – стандартты тыныштық жағдайында тотығу процестерінің
қарқындылығымен сипатталады.
Қазіргі кезде негізгі алмасу деп, жануар бұлшық етінің толық тыныштық қалпында,
ашқарында (ашықтырғаннан кейін 48 сағатта), айналадағы температура +18º болған кезде
тіршілік процесін сақтауға жұмсалатын энергия мөлшерін айтады.
Мал организмінде әр түрлі өнім түрлерін шығару үшін жұмсалатын энергияны өнім
алмасуы деп атайды. Сонымен организмнің энергияға жалпы қажеттілігі тіршілік әрекеті
мен энергияны сақтауға, өнімділігіне және жұмыс атқаруына қажетті энергиядан тұрады.
Негізгі алмасу белгілі бір жағдайда тікелей және жанама калориметрия әдістерімен
анықталады. Организмдегі жалпы энергия шығынын бөлінген жылу мөлшері (кДж-мен
өрнектеледі) бойынша дәл анықтауға болады.
Қазіргі кезде қалыпты жағдайда негізгі алмасу деңгейіне мал тұқымы, түрі, жасы,
жынысы, тірілей массасы, өнімділігі, физиологиялық күйі, жыл уақыты мен тәулігі, басқа
119
да сыртқы және ішкі орта факторлары әсер ететіндігі анықталды. Демек, мал организмінің
энергиялық қажеттілігі көптеген факторларға байланысты.
Энергия алмасуға барлық сыртқы факторлардың ішінде көбірек әсер ететіні жем-шөп.
Бұл процесс мал организмінде зат алмасуға орта есеппен 30 проценттей әсер етеді. Жем-
шөптің мұндай күшті ықпалын арнайы-динамикалық әсер деп атайды. Мұның ішінде
көбірек ықпал ететіні белокты азықтар, ал углеводтар мен майлардың ықпалы шамалы.
Негізгі алмасу кеміген жағдайда жемшөптің арнайы-динамикалық әсері де төмендейді.
Демек, азық пен энергиялық алмасудың бұзылуының басты себебі тек негізгі
алмасуды ғана емес, азықтың арнайы-динамикалық әсеріне де байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |