120
мидың үлкен жарты шары елеулі ықпал етеді. Сонымен қоса,
бұған орталық мида
орналасқан вегатативтік нерв жүйесінің орталығы да қатысады.
Энергиялық алмасу деңгейін реттеуде әр түрлі интеро – және экстеро рецепторлардың
тітіркенуі кезінде пайда болатын рефлекстер едәуір ықпал етеді. Энергиялық алмасудың
қарқындылығына гипоталамус та әсер етеді. Биоэнергетиканы реттеуге гормондар мен
витаминдердің де әсері бар.
Энергия алмасуға ықпал ететіндігі жайлы көбірек зерттелген ішкі секреция бездеріне –
гипофиз, қалқанша, ұйқы, бүйрек үстіндегі бездері жатады. Еркін тотығу аскорбин
қышқылымен активтенеді. Фосфорланып тотығуды Е, К, В¹, В², В¹²,
биотин витаминдері
күшейтеді. В-авитаминозы кезінде энергия тым көп бөлінеді.
Энергия алмасудың бұзылуы патогендік факторлар тікелей әсер еткен кезде де,
сондай-ақ зат алмасудың реттелуі бұзылған кезде де, энергиялық түрленудің әр түрлі
сатысында пайда болуы мүмкін. Сонымен, энергия алмасудың бұзылуы организмнің
нервтік және гуморалдық жүйелерінің қызметіне тәуелді.
У г л е в о д а л м а с у п а т о л о г и я с ы. Организмде синтезделетін және
клеткаларда пайдаланылатын маңызды органикалық қосылыстар
тобына углеводтар
жатады. Углеводтар организмдегі негізгі энергия көзі болып саналады. 1 г углевод
калориясы 17,6 кДж/г (4,2 ккал) тең. Организмге қажетті энергияның шамамен 60 – 75 %-
ін углеводтар қамтамасыз етеді.
Углевод алмасуы мынадай жағдайда бұзылуы мүмкін:
а).
ішек
және
панкреатин
сөлдерінде
углеводтың
нашар
қорытылуынан
моносахаридтердің ішекте жөнді сорылмауы. Бұл құбылыс ішектегі қабыну процесінде,
кейбір улармен уланғанда байқалады;
б). аралық углевод алмасудың бұзылуы бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің
синтезделуі
әлсірегенде немесе гликогеннен, сондай-ақ белоктар мен майлардан глюкоза
көптеп пайда болғанда білінеді.
в). углевод алмасудың жеткіліксіз реттелуі тікелей орталық нерв жүйесі мен ішкі
секреция бездері арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: