Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет45/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Майдың сорылуының бұзылуы. Майдың ішекке сорылуының бұзылуы мынадай 
жағдайда болады.
1. Дұрыс азықтандырмаудан: 
а) кальций мен магний тұздары көп азық бергенде (сүт диетасы) майдың ішекке 
сорылуы кемиді, өйткені кальций мен магний тұздары май қышқылдарымен қосылғанда 
жөнді сорылмайтын затқа айналады. 
б) шамалы және жарым-жартылай ашығу, мәселен тағамда витаминдер, белоктар 
жетіспегенде байқалады. Мәселен, А витамині ішектегі эпителий клеткасының қалыпты 
тіршілігін қамтамасыз етеді, В тобындағы витаминдер ішек кенересіндегі фосфорлану 
процесіне тікелей қатысады, С витамині бүйрек безі қыртысының метаболизміне 
қатысады, әрі организмдегі қалыпты натрий деңгейін қамтамасыз етеді, ал натрий 
фосфорлану процесін және теріс зарядқа ие болатын эмульгирленген май бөлшектерінің 
сорылуын күшейтеді. 
Белокпен ашыққанда холинді синтездеуге қажетті метиль тобының негізгі көзі – 
метиониннің тапшылығы пайда болады. Холин жетіспегенде бауырда фосфолипидтердің 
(лецитин) пайда болуы кемиді, соның салдарынан майдың ішекке сорылуы бұзылады. 
2. Қарын-ішек жолдарында майдың липазамен ыдырауының тоқталуы. Майдың 
ыдырауының тежелуі мынадай себептерден болады: 
а). ұйқы безінен липазалардың бөлінуі бұзылудан (панкреатит, өзектің таспен бітелуі, 
ісікті жаншуы); 
б). ішекке өттің келуі азаюдан (бауырдың зақымдануы, өт жолының бітелуі). Өт 
қышқылы жетіспеген жағдайда липаза активтенбейді, май эмулгирленбейді, әрі май 
қышқылына және моноглицеридке дейін ыдырамайды. Сонымен қоса, өттің ішекке 
жеткіліксіз келуінен суда жақсы еритін және ішекте жақсы сорылатын май қышқылының 
өт қышқылымен (холеинаттар) қосылыс комплексінің түзілуі бұзылады. 
Ішек эпителийінде триглицеридтердің қайтадан синтезделуінің бұзылуы. Мұндай 
құбылыс бүйрек үстіндегі без қыртысының жетімсіздігінен, мәселен, аддисон ауруы 
кезінде пайда болуы мүмкін. Оның гормондары, негізінен минералокортикоидтар 
жеткіліксіз болғанда натрий иондары несеп арқылы көп бөлінеді. Натрий, әдетте, 
фосфорлану (глицерофосфаттың пайда болуы) процестеріне қатысады. 


126 
Майдың тасымалдануының бұзылуы. Майдың тасымалдануының бұзылуының басты 
көрсеткішінің бірі – гиперлипемия – қанда бейтарап майлардың көбеюі (адамда нормасы 
100 – 230 мг %). 
Гиперлипемияның мынадай түрі бар: 
алиментарлық (тез өтетін) – азықтандырудан кейін бірнеше сағаттан соң пайда 
болады; 
ретенциондық – липопротеинді липазалардың активтілігі төмендеуінен, липопротеинді 
липазалардың активті бөлігінің азаюынан, қанда альбуминдер мөлшерінің кемуінен т. б. 
салдарынан майдың ыдырауы бөгелуден пайда болады; 
тасымал гиперлипемиясы – май депосынан майдың көптеп бөлінуінен пайда болады. 
Бұл құбылыстардың себептері: өкпесімен күшті тыныс алатын адамдарда (жүзгіштер, 
әншілер) майдың өкпеден бөлінуі, зақымданған сүйек кемігінен майдың бөлінуі; 
эндокринді регуляцияның бұзылуынан май депосынан майдың көптеп бөлінуі. 
Гиперлипемия 
зардаптары. 
Бауырға 
майдың 
көптеп 
келуінен 
онда 
бета-
липопротеидтер, кетон денешіктері пайда болып, организмді май басады. Сөйтіп, әр түрлі 
органдар мен тканьдерге май жиналады. Май алмасу өнімдерінен холестерин көбейеді. 
Хиломикрондарда фосфолипидтер болатындықтан қанның ұйығыштығы артады. 
Липоидонефроз кезінде май аздаған мөлшерде несепте пайда болады (липурия). 
Лимфа хилездық тамырлардан несеп шығаратын өзекке құйылған жағдайда несеппен 
бірге май өте көп бөлінеді, сондықтан мұндай құбылысты хилурия деп атайды. 
Май депосында май алмасудың бұзылуы. Семіру – май депосына майдың артық 
жиналуымен сипатталады. Семірудің мынадай түрлері бар: 
алиментарлық – азықты тым көп жегеннен пайда болады; 
май депосынан майдың бөлінуінің кемуінен және майды энергия көзі ретінде 
пайдаланудың жетімсіздігінен болатын семіру. Семірудің мұндай түрі артқы 
гипоталамустың функциясы бұзылғанда пайда болады;
эндокриндік – қалқанша бездің, бүйрек безінің және жыныс безінің функциясы 
жетімсіздіктен пайда болады; 
метаболикалық – углеводтың майға айналуы (50 %) тым көбейіп кеткенде байқалады. 
Арықтау кезінде май депосынан май көптеп бөлінеді, тірілей салмағы күрт кемиді. 
Арықтау себептері мынадай: 
а) толық және жарым-жартылай ашығудан; 
б) биологиялық активті заттардың (В¹,В² т. б.витаминдердің) тапшылығынан 
липогенездің тежелуінен; 
в) майды энергия көзі ретінде пайдаланғанда (дене жұмысы т. б.) май депосынан 
майдың көптеп бөлінуінен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет