Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет53/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Кобальт табиғатта сирек кездескенімен мал үшін өте қажетті. Организмде ол бауырға 
жиналып, онда ол көбінесе В¹² витаминінің құрамында болады. 
Кобальттың маңыздылығы В¹² витаминінің құрамына жататындығы (4,5%), әрі 
нуклеин қышқылын синтездеуде, қан құрауда, гемоқұрамды белоктардың (гемоглобин, 
цитохромдар, каталаза) жасалатындығында. Кобальт бірқатар металлоэнзимдердің-
трансферазалардың, изомеразалардың, дипептидазалардың қатарына жатады. Сонымен 
қоса, ол пируваткарбоксилазалардың, рибофлавинкиназалардың, сілтілі фосфотазалардың, 
аргиназалардың т. б. активаторы болып саналады. Кобальт балық ұнтағында, бидай 
кебегінде, қызылша сабақ-жапырағында мол. 
Кобальт жетіспегенде малдың өсіп-жетілуі баяулайды, арықтайды, қаны азаяды. Күйіс 
қайыратындарда азықтың қорытылуы мен сіңуі бәсеңдейді, өйткені алдыңғы қарында 
бактериялардың өсіп-өнуі тежеліп, олардың түр құрамы өзгереді. Кобальт өсіп-өну 
функциясына әсер етеді. 


140 
Селен – цистеин немесе метионин құрамына ғана сіңеді. Селеннің биохимиялық 
процестердегі маңызы толық зерттелмеген, алайда ол Е витамині секілді антиоксидант 
ретінде әсер етеді, фермент жүйесінде электрондарды тасымалдауға және қышқылданып 
фосфорлануға ықпал етеді. Селен көздің жақсы көруіне де ықпал етеді. 
Организмде селеннің артық болуы алкалозға ұшыратып, ауру белгісі ұйқысырау, жүні 
түсу, тұяқ формасы өзгеру, азыққа тәбеті болмау және әбден арықтау түрінде байқалады. 
Селен жетіспеген жағдайда жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады, құлақ ұшы мен 
құйрығы, бауыры мен бұлшық еті шіруі мүмкін. Балапан мен күрке тауықта экссудативті 
диатез байқалады, ал бұзау мен қозыда өсіп-жетілуі баяулайды. Ересек малдарда селен 
жетіспеген жағдайда өсіп-өну функциясы бұзылады. 
Молибден ксантиноксидаза құрамына кіреді және пурин метаболизміне, әрі оның 
туындыларына әсер етеді. Бұл фермент әсіресе құстарға өте қажет, өйткені ол белок 
алмасудың ақырғы өнімі – несеп қышқылының құрамына қатысады. Күйіс қайыратын 
малдарда алдыңғы қарындағы бактериялар үшін өсіруші факторлар болып саналады, әрі 
жем-шөптің желінуі мен сіңуін жақсартады. 
Молибден әсері мыс қосылғанда жақсара түседі. 
Хром организмге негізінен су мен хром қоспасы түрінде келеді. Қанда хром плазма 
белогымен, көбінесе трансферринмен қосылады. Хром сүйектер мен бүйректерге 
жиналады. 
Организмде хром фосфоглюкомутазаны, трипсинді және басқа да ферменттерді 
активтендіру үшін қажет. Хром РНК жиынтығын құрайтындығы, себебі ол белок 
синтезіне қатысатындығы дәлелденген. Хромның артық болуы малға улы әсер етеді. 
Фтор тіске және сүйекке жиналады. Ол сүйектің, тістің және тіс сауытының беріктігін 
арттырады. 
Фтор жетіспеген жағдайда тіс кариесі (тіс шірігі) және остеопороз (сүйек тканьдерінің 
сиреуі) басталады. Қазіргі кезде фторға бай өнеркәсіп қалдықтарының сыртқы ортаны 
ластауына байланысты эндемикалық флюороз жаппай етек алуда. Флюорозға шалдыққан 
төлдің өсіп-жетілуі баяулайды, ал ересек малда парез, эмальдың шытынауы, сүйек пен 
буындардың қисаюы сияқты аурулар пайда болады. 
Сонымен, әрбір мал жекелеген микроэлементтердің белгілі бір мөлшерін қажет етеді. 
Малдың микроэлементтермен қамтамасыз етілуі жемшөпте антогонистік және 
синергистік элементтердің аз-көптігіне байланысты. 
Қышқыл-сілті тепе-теңдігінің бұзылуы. Физиологиялық процестердің, соның ішінде 
ферментативтік және алмасу реакцияларын қалыпты өтуі үшін қан мен тканьдерде 
тұрақты реакция болуы тиіс.Қан плазмасы реакциясын белгілеу үшін әдетте сутегі 
иондары концентрациясының көрсеткіштерін пайдаланады (рН). Осы реакция қалыпты 
жағдайда шамалы ғана ауытқиды (7,35 – 7,55). Қан реакциясы тұрақтылығының қалыпты 
тіршілік әрекеті үшін зор маңызы бар, өйткені рН көрсеткішінің 0,3 – 0,4-ке ауытқуы 
организм үшін қатерлі.
рН тұрақтылығы қанның қасиетіне, сондай-ақ бірқатар органдар мен жүйелердің 
қызметіне байланысты. Қанда қышқылдар мен сілтілер компоненттердің біршама және 
едәуір қатынасы болатындықтан, оны қышқыл-сілті тепе-теңдігі деп атайды. 
Қышқыл-сілті тепе-теңдігін сақтау қанда болатын буферлік жүйе және артық 
қышқылдар мен сілтілерді шығаратын бөлу органдарының қызметі арқылы жүзеге 
асырылады. 
Қанда мынадай буферлік жүйелер болады: карбонаттық, фосфаттық, қан плазмасы 
белоктарының және гемоглобиндік. 
1. Бикарбонаттық буфер – көмір қышқылының оның қышқыл тұзына (бикарбонатқа) 
қатынасы: 
Н СО 
____________________ 
Na HCO KHCO 


141 
Бұл қатынас константтық болып саналады және 1 : 20 болады, яғни бикарбонаттарға 
қарағанда еріген көмір қышқылы мөлшері шамамен 20 еседей кем. Осы буфердің 
қатысуымен қышқыл және сілті заттары бейтарапталады. 
Қан плазмасына көмір қышқылынан гөрі едәуір күштірек қышқыл түссе, онда күшті 
қышқылдың аниондары натрий биокарбонатының катиондарымен әрекеттесіп, натрий 
тұзы түзіледі, ал көмір тегі иондары НСО аниондарымен қосылып, шамалы 
диссоцияцияланған көмір қышқылы (НСО) түзеледі. Көмір қышқылы әлсіз, ол 
диссоцияцияланғанда көмір тегі иондары өте аз пайда болады. Сонымен қоса, 
эритроциттерде болатын карбоангидраза ферментінің, немесе көмір ангидразасының 
әсерінен көмір қышқылы СО² және Н²О бөлінеді. Көмір қышқылды газ шыққан деммен 
бөлінеді де, қан реакциясының өзгерісі болмайды.
Қанға негіздер келген жағдайда, ол көмір қышқылымен реакцияға түсіп, 
бикарбонаттар және су түзеледі. Мұндайда қан реакциясы тағы да тұрақты болып қалады. 
Сонымен, биокарбонаттық буферлі жүйенің маңызы ерекше, өйткені бұл жүйенің 
қызметі көмір қышқыл газының өкпе арқылы шығуына байланысты болып, мұның өзі 
қанның қалыпты реакциясын лезде қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. 
2. Фосфаттық буфер – бірі ауысқан натрий фосфатының екеуі ауысқан натрий 
фосфатына (Na H² PO) қатынасы. Бұл буфердің ткань реакциясының тұрақтылығын 
сақтауда маңызы бар. Na H² PO шамалы диссоциацияланады, әрі әлсіз қышқыл ретінде 
әрекет етеді, ал Na² HPO сілтілік қасиеті бар. 
3. Белоктық буфер. Белоктардың, соның ішінде қан белогының буферлік қасиеті, 
олардың амфотерлігіне (химиялық қосылыстардың жағдайға байланысты әрі қышқылдық, 
әрі негіздік қасиетке ие болу қабілеті) негізделген: 
Қышқыл ортада белоктар әлсіз сілті болып саналады және қышқылдарды бейтараптап, 
қышқыл альбуминаттар түзеледі. Сілтілік ортада белоктар әлсіз қышқыл ретінде 
реакцияға түседі де, мұндайда сілтілі альбуминаттар түзеледі. Әрқашанда әлсіз сілтілі 
реакцияда болатын қан белоктары осылайша реакцияға түседі. 
4. Гемоглобин
оксигемоглобин___
қышқыл-сілті тепе-теңдігін, соның
тотықсызданған гемоглобин 
ішінде қандағы СО² мөлшерін реттеуде маңызы зор. Қандағы барлық буферлердің 
шамамен 75 проценттейі гемоглобин болып саналады. Тотықсызданған күйінде ол әлсіз 
қышқыл, сілтіленгенде – оның қышқылдық қасиеті күшейеді. 
Организмнің қышқыл-сілті тепе-теңдігі сонымен қоса өкпе, бүйрек, бауыр, асқазан-
ішек жолдары, тер бездері т. б. функциясымен де сақталады. 
Әр түрлі малдар қанының буферлік жүйесінің қуаты түрліше келеді. Жылқының 100 
мл қан плазмасындағы көмір қышқыл газының сілтілік резерві 55 – 57 см, ірі қарада орта 
есеппен 60, қойда – 56 см. 
Алайда, организмнің буферлік жүйесі болғанымен және қан реакциясының 
ауытқуынан жақсы қорғалғанымен, патология жағдайында қышқыл-сілті тепе-теңдігі 
қышқыл жағына да (адицоз), сілті жағына да (алкалоз) ауытқуы мүмкін. 
Ацидоз – қышқыл-сілті тепе-теңдігінің бұзылуың; қанда қышқылдың абсолюттік 
немесе салыстырмалы көбеюімен және су тегі иондарының (рН кемиді) концентрациясы 
артуымен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет