Кафедра Патологической анатомии и судебной медицины с курсом патофизиологии
Билет 14 Гипергликемия, түрлері, даму механизмдері.
Науқас Ц. 60 жаста, 2 апта бұрын жүректің сол жақ жүрекшесінің алдыңғы қабырғасы аумағында ауқымды трансмуралды инфаркт алған, ауруханада жатыр. Түнде кенеттен ауа жетіспегендей сезімнен оянды. Шақырылған мейірбике науқасқа төсекте отырып, аяғын жерге түсіруге көмектесіп, терезені ашты. Науқастың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Бірақ, 10 минут өткен соң науқас ентігудің үдегеніне, мезгіл-мезгіл жөтелгісі келіп (қақырықсыз), сонымен қатар тыныс алу жолдарынан естілетін сырылға шағымданды. Мейірбике науқасқа кислородты маска беріп, дәрігерді шақырды.
Науқаста гипоксияның қандай түрлері дамыды? Жауабыңызды нақтылаңыз.
Сіздің ойыңызша, бұл жағдайдың хронологиялық реттілігі қандай?
Қалай және неліктен раО2, рvО2 көрсеткіштері өзгереді? . Артерия-веналық айырмашылықтың О2 бойынша өзгерісі қандай, рН?