Патриотизм- ұлттық рухтың символы
Патриот – өз елің адал сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында ержүректік ,ар-намыс қасиеттері бар адам. Ал патриотизм дегеніміз – Отанға деген ыстық махаббат. Осыған орай патриотизм – ұлттық рухтың символы болып саналады.
Ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздікті қан мен тер арқылы жеткенің ұмытпауымыз керек. Әр жері тырңақтап жиналған, аманатымыз бұл біздің Қазақстан. Сол жылдары өтпелі, қиын қыстау заман болғанымен қазіргі жағдайымыз жер мен көктей. Ұлт еркіндігіне жету үшін қанашама аға-әпкелеріміз, ата-бабаларымыз өмір жолын қиды. Қазіргі өскелең ұрпаққа туған жеріміздің еркіндігінің құнын түсіңдіруіміз қажет. Неге қазіргі жас- тар? Себебі қазіргі жастарға туған жеріміз аманат етіп қалдырылды. Еңсе- мізді тіктеп рухани түрде ұлт санасына жаңа бір серпін бере алатын жастар көп.Менің ойымша, өсіп келе жатқан ұрпаққа туған жеріңе деген ыстық патриоттық сезімді ояту бұл біздің ең басты мақсат. Осы сезімді әр азаматта ояту үшін біріншіден , біздің тарихымызды, “Қазақ” деген атымызды қызықтырып түсіңдіруіміз керек деп ойлаймын. Себебі, тарихымызды білмей, ұлтымыздың нағыз күшің білмей біз қазақ жерімізді дамыта алмаймыз. «Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр» деп бекер айтылмаған. Тек тарихымызды толық білгеннен кейің ата-бабаларымызға, жерімізге деген мақтаныш сезімі одан әрі арттады. Екіншіден, патриоттық сезім отбасынан басталады. Өкінішке орай, қазіргі таңда ата-аналар балаларына өте аз уақыт бөледі. Қазіргі уақытпен байланыстырсақ, ата-аналар жұмысқа ,не ақшаға көп қызықаннан, бала керек тәрбиені, махаббатты ала алмайды. Сондықтан да, әр ата-ана өз баласымен көп жұмыс жасап, адмагершілік қасиетке баулып, жөнді тәрбие беруі керек. Үшіншіден, өз ана тілімізді,яғни қазақ тілін білуіміз керек. Қазіргі жастар ана тілін қастерлемейді деп айта алмаймын. Қазақ жастар қазақ тілінде еркің әрі таза сөйлей алады. Біздің ана тіліміз ең әсем тілдердің қатарында.
Ата-бабамыз бұл кең-байтақ жерді келешек ұрпаққа, мұрагерлеріне аманат етіп тапсырған. Біз осы жерді бағалап, келесі ұрпаққа қалдыруға тиіспіз. Ата-баба рухын құрметтеп, ардақтауымыз қажет! Мен Қазақстанның азаматшасы ретінде өз еліме адал қызмет етуге, елімнің көркеюіне үлес қосатыныма сенемін. «Ер есімі-ел есінде», «Бабалар мұрасы-ұрпаққа өнеге» дегендей ата-бабамыз қалдырған жерді сақтап,батырларымызды мәңгі есте сақтау- біздің ең басты парызымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |