Қорытынды сабақ ( тест)
Мақсаты – болашақта математикалық олимпиадаға қатысуға қабілетті оқушыларды анықтау.
Газеттің бетін қақ ортасынан 5 рет бүктеді, әр бүктеген сайын бүктелубағытын өзгертіп. Содан кейін шыққан тікбұрыштың 4 бұрышын қиып, бетті жазды. Газеттің бетің жазғанда қанша тесік пайда болды?
А) 21 В) 25 С) 32 Д) 45 Е) 60
Шаршының периметрін 10% -ға үлкейтті. Шаршының ауданы қанша пайызға үлкейді?
А) 10% В) 11% С) 20% Д) 21% Е) 50%
Дөңгелек үстелдің бойында бес адам отыр. Олардың әрқайсысы айтады: “Менің екі көршім - өтірікшілер”. Үстелдің бойында қанша өтірікшілер бар?
А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5
3 үйрек және 2 ата үйректің бірге қосылған салмағы 32 кг, 4 үйрек және 3 ата үйректің салмағы 44 кг. 2 үйрек пен 1 ата үйректің салмағы қандай?
А) 20 В) 21 С) 24 Д) 26 Е) 25,5
Кішкентай бірдей 100 текше пішінді заттар бар.Олардан мүмкіндігінше ең үлкен текше пішінді зат орнатты. Қанша кішкентай текше пішінді зат қолданылмай қалды?
А) 73 В) 36 С) 19 Д) 9 Е) 0
Өзінің атасы туралы айтқан сайын Айжан оны басқаша басқаша атауға тырысып отырды: “ ағамның әкесінің әкесі”, “ағамның әкесінің ағасы”, “әкемнің ағасының әкесі”.” әкемнің әкесінің ағасы”. Айжан неше рет қателесті?
А) 0 В) 1 С) 2 Д) 3 Е) 4
4 санның әрқайсысы 5-тен үлкен және 9-дан кіші. Сонда оның қосындысы неге тең?
А) 15 В) 18 С) 20 Д) 30 Е) 45
Теңіз қарақшыларында 1,2 және 5 пиастрлы монеталары бар. Флинттің қалтасында 10 пиастр бар. Онда оның қалтасындағы монеталар саны нешеге тең бола алмайды?
А) 3 В) 4 С) 6 Д) 7 Е) 8
Берілген сандардың қайсысы екі квадраттардың қосындысы түрінде жазуға болмайды?
А) 13 В) 25 С) 61 Д) 83 Е) 101
10-5-3-1 өрнегіне жақшаларды қойғанда, қанша әртүрлі жауап ала аласмыз?
А) 4 В) 5 С) 6 Д) 7 Е) 8
Марат 29 ақпанның жексенбісінде туды. Неше жылдан кейін оның туған күні бірінші рет 29 ақпанның жексенбісіне келеді?
А) 4 В) 8 С) 20 Д) 28 Е) 29
Үш шаңғышы Яша, Федя және Коля мынадай ретпен шықты: Бірінші Яша, Федя сосын Коля. Дистанцияда Яшаны 3 рет қуып жетті, Федяны – 5 рет, ал Коляны 8 рет. Қандай ретпен шаңғышылар мәреге жетті?
А) Ф,К,Я В) Я,К,Ф С) К,Ф,Я Д) Я,Ф,К
Е) анықталмайды
Кәрзеңкеге – 4 қара , 2 жирен және 1 ала мысықтар отыр. Неше тәсілмен әр түрлі түсті үш мысықты таңдап алуға болады?
А) 4 В) 5 С) 6 Д) 7 Е) 8
Мадинаның ағаларының жастарының көбейтіндісі 1664. Ағайындылардың кішісі үлкенінен екі есе кіші. Мадинаның неше ағасы бар?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6
Шахмат жарысына 8 ойыншы қатысты және әрқайсысы бір-бірімен бір мәрте ойнады. Барлығы қанша мәрте ойналды?
А) 28 В) 36 С) 49 Д) 56 Е) 64
Жауабы:
-
1
|
А
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
Д
|
|
3
|
|
|
С
|
|
|
4
|
А
|
|
|
|
|
5
|
|
В
|
|
|
|
6
|
|
|
С
|
|
|
7
|
|
|
|
Д
|
|
8
|
А
|
|
|
|
|
9
|
|
|
|
Д
|
|
10
|
А
|
|
|
|
|
11
|
|
|
|
Д
|
|
12
|
|
|
|
Д
|
|
13
|
|
|
|
|
Е
|
14
|
|
В
|
|
|
|
15
|
А
|
|
|
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
Фарков А.В. Математические олимпиады в школе. 5-11 классы / М.: Айрис-пресс, 2008. –176с.:
Фарков А.В. Математические кружки в школе. 5-8 классы / М.: Айрис-пресс, 2008. –144с.:
Қ. Қантарбаев. Қызықты математика. Жалпы білім беретін мектептің оқушыларына арналған көмекші құрал. –Алматы: “Мектеп” баспасы, 2007. –48 бет.
Журнал: “Математика в школе”. 2008 ж, №7
Журнал: “Математика в школе”. 2009 ж, №9
Журнал: “Математика в школе”. 2010 ж, №2
Журнал: “Математика в школе”. 2011 ж, №10
М.А. Екимова, Г.И. Кукин. Задачи на разрезание – М.: МЦНМО, 2002. –120 с.
Генкин, С.А. Интенберг, И.В. Фомин, Д.В. Ленинградские математические кружки. Киров, изд.”АСА”, 1994.-272 с.
Нагибин, Ф.Ф., Канин, Е.С. Математическая шкатулка [Текст]: Пос. для уч-ся.- [Изд. 4-е, перераб. и доп.] .- М.: Просвещение, 1984.- 158с.: ил.
Онучкова, Л.В. Введение в логику. Некоторые методы решения логических задач [Текст]: Учеб. пос. для 5 класса.- Киров: ВГГУ, 2004.- 66с.: ил.
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |