4.9. Функциялар
Excel-де функциялар – көптеген амалдарды орындауға арналған, кірістірілген қосалқы программалар (подпрограммы). Кез келген функцияның өз атауы болады, бір немесе бірнеше аргументтен тұрады және енгізілуі «=» (тең) белгісінен басталады.
Excel-де жүздеген функциялар (400 астам) кірістірілген, оларды келесі негізгі түрлерге бөлуге болады:
Математикалық және тригонометриялық;
Статистикалық;
Логикалық;
Мерзім және уақыт функциялары;
Ақпараттық;
269
Мәтіндік;
Сілтемелік;
Қаржылық;
Инженерлік;
Тізімдер және деректер қорымен жұмыс жасауға арналған функциялар.
Функция шебері (Мастер функции) – әртүрлі категориялардан (математикалық, қаржылық, статистикалық, логикалық, мәтіндік, т.б.) дайын программалар кітапханасы.
Функцияны енгізгенде Фунция шеберінен функцияны шақыру – нәтиже шығарылатын ұяшықты шертіп, x. батырмасы басылады. Әрі қарай функция аргументін енгізу ережесі бойынша нұсқауларды орындау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |