Бүкіл Парақты (оның ұяшықтарын) оған өзгертулер енгізуден қорғау: Сервис Защита Защитить лист (нені қорғауды таңдау, мысалы, Содержимое ОК). Бұл Парақтың барлық ұяшықтарын қырсаулайды (заблокирует). Осындай қорғаумен құжатты сақтау қажет.
Өзгерістерді енгізу үшін қорғауды алып тастау – Сервис Защита Снять защиту Листа. Бұл қайтадан Парақтың ұяшықтарына өзгерістерді енгізуге мүмкіндік береді.
Формулаларды, кестенің тақырыптарын, константаларды өзгертулерден қорғау
Программаны, яғни кестенің формулаларын және әрлендіруін (дизайн) қасақана немесе кездейсоқ өзгеріп кетпес үшін, пайдаланушыға осындай ұяшықтарды қажетсіз түзетулерден қорғау ұсынылады.
Алдымен, өзгерістер енгізіліп қалар деген барлық ұяшықтарды немесе блоктарды ерекшелеңіз – ағымды кіріс және шығындар туралы деректерді. Мысалда (3.16-сурет) – В2:С4 ұяшықтары.
3.16-сурет
Одан соң, Формат Ячейки Защита, Защищаемая ячейка алаңынан қанатшаны алып тастаңыз.
Қорғау алынады, осындай ұяшықтарға деректерді енгізу рұқсат етіледі.
Енді қараудан және өзгертулерден қорғауды қажет ететін ұяшықтарды ерекшелеңіз.
Мысалда (3.17-сурет) бұл кестенің және формуланың тақырыбы
– (A1:D1; D1:D5; A1:A5; A5:D5) ұяшықтар тобы.
Жекеленген ұяшықтарды және блоктарды Ctrl пернесін ұстап тұрып ерекшелеуге болады. Формат Ячейки Защита әректтерін орындаңыз, Защищаемая Ячейка және Скрыть Формулы опцияларының қасында белгісін қойыңыз ОК.
Одан соң Сервис Защита Защитить Лист, Содержимого, Объекта, Сценарии опцияларында белгісін қойып, егер пароль керек болса оны енгізіңіз және ОК.
3.17-сурет
Осыдан соң мұндай ұяшықтарға ақпаратты енгізу қырсауланады. Ешкім формулаларды түзету тұрмақ, көре де алмайды. Мұндай ұяшықтарға өзгерістерді енгізуге әрекет жасалса, «ячейка или диаграмма защищена от изменений» деген хабарлама шығады.
Формуланы Сервис Параметры Общие Формулы режімінде қарауға әрекет жасау да ештеңеге әкелмейді – формулалардың орнында бос ұяшықтар тұрады.
Қайтадан формуланы көріп және түзету, кестені өзгерту үшін, Сервис Защита Снять Защиту Листа әрекетін орындап, егер
276
пароль берілген болса оны енгізу керек. Осы түрде құжатты сақтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |