RISC (Reduced Instruction Set Computer;) командалар жиынтығы қысқартылған компьютер.
VLIW (Very long instruction word— «өте ұзын машиналық команда»)—бірнеше есептеуіш құрылғылық процессорлар архитектурасы. Процессордың бір нұсқауы бірнеше амалдардан тұрады, олар қатарлас орындалуымен мінезделеді.
Гарвард архитектурасы — Гарвард университетінде 1930-шы жылдардың аяғында Говард Эйкен құрастырған..
164
арнамен жіберіледі, ал, гарвард архитектурасында командаларды және деректерді бөліп сақтау және өңдеу ұсынылған.
1.3. Дербес компьютердің ашық архитектурасы Дербес компьютердің архитектурасы — ол оның негізгі бөліктерін: процессорды, жедел сақтау құрылғысын (ЖСҚ), бейнежүйені, диск жүйесін, сыртқы құрылғыларды және енгізу-шығару құрылғыларын қиыстыру (орысша компоновка).
IBM корпорациясы құрастырған дербес компьютердің ашық архитектурасы мынаны ұсынады:
жалпы жүйелік шинаның болуы, оған кеңейту қосқыштары
(орысша разъем) арқылы қосымша құрылғылар қосылады;
компьютердің модульді құрылуы;
барлық жаңа құрылғылардың және программалық құралдардың бұрынғы нұсқаларымен үйлесімділігі.