4.10. Макростар Макрос (біреуінде көп) – нәтижесінде бір командаға модуль түрінде жазылып сақталатын әрекеттер тізбегі. Макростар жиі қолданылатын әрекеттер тізбектері үшін құрылады. Бір командамен немесе батырманы шерту арқылы жазылған әрекеттер тізбегін қайталуға мүмкіндік береді.
Макросты құру: Сервис Запись макроса Начать запись, макростың атын бос орын жасамай теру ОК және, кейін макрос орындайтын барлық әректтер тізбегін қателеспей орындау Остановить запись (батырмасын шерту). Немесе: Сервис Макрос Остановить запись.
Макростың батырмасын тапсыру: Сервис Настройка Панели инструментов, установитьОстановить запись. Макросты орындау – Сервис Макрос, тізімдегі керек макросты шерту Выполнить. Сіздің макросты құрғандағы орындаған әрекеттер тізбегіңіз қайталанып орындалады.
Керек емес макросты жою – Сервис Макрос, тізімдегі керек емес макросты шерту Удалить.
Макросты орындау үшін Парақалаңында өз батырмаңызды жасау –қосымша саймандар тақтасын шығару Вид Панели инструментов Формы. Кнопкабатырмасын шертіп алып, + белгісішығып тұрған маркермен, келешек батырманың орнын және көлемін сызып алу, тізімнен осы батырма үшін макросты таңдау және ОК. Батырманы шертіп, «Кнопка…» деген мәтіннің орнына батырмаға тағайындалған мәтінді теру және тыс жерді шерту. Кез келген автофигуралар болуы мүмкін.