Құрылғының логикалық принципі – ол ЭЕМ логикасын және негізгі құрамдас бөліктерінің жеткіліктілігін
бірмағналы анықтау.
Нейман машинасында
процессор орталық орын алады, сыртқы құрылғыларды басқарады және барлық ақпараттық ағымдар сол арқылы өтеді.
Нейман бойынша негізгі блоктар, ол басқару құрылғысы (БҚ), арифметикалық-логикалық құрылғы (АЛҚ) (
әдетте орталық процессорда біріккен), жады, сыртқы жады, енгізу, шығару
құрылғылары. Бұл ЭЕМ-ң бірінші және екінші буындарының классикалық схемасы.
басқару құрылғысы (БҚ) – қажетті басқару сигналдардын тиісті уақыт сәтінде қалыптастырады және машинаның сәйкес блоктарына жібереді және жады ұяшықтарының адрестерін қалыптастырып оны ЭЕМ-ң сәйкес блоктарына жібереді.
БҚ импульстер ырғақты генераторынан тіректі импульстер тізбегін алады.