Павлодар облысының білім беру басқармасы



Дата28.03.2022
өлшемі34,26 Kb.
#29014
Байланысты:
Б-31 практика Дауенова Асылжан


Павлодар облысының білім беру басқармасы

«Жоғары инновациялық көп профильді колледжі»

«Жазғы сауықтыру лагеріне дайындық» оқу тәжірибесі

Мамандық:

0105000 «Бастауыш білім беру»

Топ: Б-31

Оқушының аты- жөні, тегі:

Дауенова А. Ж.

Тәжірибе жетекшісінің аты- жөні, тегі:

Сыздыкова Ш.Н.

Павлодар қаласы 2022 оқу жыл

МАЗМҰНЫ

1ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІМЕН ТАНЫСУ

2ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕШІНІҢ ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІМЕН ТАНЫСУҒА ДАЙЫНДАУ

3ЖЕТЕКШІ ЭТИКАСЫМЕН ТАНЫСУҒА ДАЙЫНДЫҚ

4ЖАЗҒЫ БАЛАЛАР ЛАГЕРІНДЕГІ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАРМЕН ТАНЫСУ

5ЛАГЕРЬДЕГІ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН ТАНЫСУ.

6ЖАЗҒЫ МЕЙРАМ ЖҮЙЕЛЕРІМЕН ТАНЫСУ

7СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІМЕН ТАНЫСУ

8ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІМЕН ТАНЫСУ

9ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МЕЙРАМДАР, ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІМЕН ТАНЫСУ

10БАЛА ТҰЛҒАСЫ МЕН БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАСАҚТАУ

11БАЛАЛАР МЕН ҰЖЫМДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ СОЦИОМЕТРИЯ, БАЛАЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН, КӨҢІЛ-КҮЙІН, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН, ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ.

12БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕК ІС - ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ТӘРБИЕ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖОСПАР- КОНСПЕКТІСІН, СЦЕНАРИЙЛЕРІН ЖАСАҚТАУ.

13БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ТӘРБИЕ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖОСПАР- КОНСПЕКТІСІН, СЦЕНАРИЙЛЕРІН ЖАСАҚТАУ.

14БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН ІС- ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ТӘРБИЕ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖОСПАР- КОНСПЕКТІСІН, СЦЕНАРИЙЛЕРІН ЖАСАҚТАУ.

15БАЛАЛАРДЫҢ КӨРКЕМ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС- ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ТӘРБИЕ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖОСПАР- КОНСПЕКТІСІН, СЦЕНАРИЙЛЕРІН ЖАСАҚТАУ.

16БАЛАЛАРДЫҢ КӨРКЕМ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС- ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ТӘРБИЕ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖОСПАР- КОНСПЕКТІСІН, СЦЕНАРИЙЛЕРІН ЖАСАҚТАУ.

17БАЛАЛАРДЫҢ СПОРТТЫҚ ІС- ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ТӘРБИЕ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖОСПАР- КОНСПЕКТІСІН, СЦЕНАРИЙЛЕРІН ЖАСАҚТАУ.

18ВОЖАТЫЙ ПОРТФОЛИОСЫН ҚОРҒАУ

1ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІМЕН ТАНЫСУ

Педагогикалық практика кезінде болашақ мұгалімнің оқушы мұқтажын сезінуі, қарым-қатынас психологиясын меңгеруі, әр оқушымен жеке дара жұмыс тәжірибесінің дамуы,ата-анамен байланысының күшеюі.Бағдарламада педагогикалық тәжірибенің мақсаты,мазмұны,көлемі мен құжаттар үлгісі,сабақ жоспары ,хаттама және талдау үлгісі көрсетілген.

Педагогкалық практиканың негізгі міндеті студенттеррдің жалпы теориялық арнайы психологиялық педагогикалық әдістемелік жағынан дайындығы болып табылады .Өткізілетін сынақ сабақтар саны және тәрбиелік іс – шаралар практиканың бағдарламасында және өткізу кестесінде анықталады. Студенттердің педагогикалық тәжірибесін өткізу кезеңінде оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын кешенді жүргізуге, оқу мен тәрбие жұмыстарының бірлігін іске асыруға, сонымен қатар оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбек сүйгіштікке баулуға, оларға эстетикалық, экологиялық және дене тәрбиесін беруге бірден бір ерекше көңіл бөлінеді. Педагогикалық практиканың негізгі міндеті студенттердің жалпы теориялық, арнайы, психологиялық-педагогикалық әдістемелік жағынан дайындығы болып табылады.Педагогикалық практика біртіндеп кезеңмен жүзеге асады.Педагогикалық практикаға дайындық кезінде факультет басшылары кафедраның меңгерушсімен бірлесе отырып, коллоквиумға арналған тақырыптар және сұрақтарды анықтап, педагогикалық практиканың жоспарын құрып, оның өтілетін мектептерінің тізімін анықтайды.Педагогикалық практика бастамас бұрын факультет деканаты педагогика, психология және жеке әдістемелік кафедраларымен бірге бағыт беруші конференция өткізіп, студенттерді мектепте жасалатын жұмыстардың мазмұнымен, міндетімен таныстырады.Педагогикалық практиканың негізгі кезеңі бекітілген мектептегі студенттердің жұмысы болып табылады. Педагогикалық практиканың міндеті мен мазмұнына сәйкес студенттер бірінші аптасында мұғалімдердің сабақтарына және сынып жетекшілердің сыныптан тыс жұмыстарына қатысады, практика кезінде жасалынатын оқу-тәрбиелік жұмысының өзіңдік жеке жоспарын құрады.

2ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕШІНІҢ ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІМЕН ТАНЫСУҒА ДАЙЫНДАУ

Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңейтетін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өз қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді.

Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім - тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім - тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан - дүниесін жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.
Ұзақ уақыт бойы оқушылардың ой - санасының өсіп – жетілуі тек білім көрсеткішімен бағаланып келді. Нәтижесінде тамырын тереңге жаймаған, құнарсыз жерде өскен өсімдік болмысын бойына дарыта алмаған, ал өзінікін бағалап білмеген жас ұрпақ өсіп жетілді. Мұның салқыны бүкіл ұлт болмысынан көрініс тапты. «Бала тәлімі - құрсақтан» деген халық даналығын ескермеген кейбір әке - шеше тәлімдік мағынасы бар даналық сөздер мен өнегелі істерді отбасына дарыта алмады.

Міндеттері:


- Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;
- Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;
- Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл - қозғалыс ойындарын бақылауға алу;
- Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;
- Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;
- Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;
- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

3ЖЕТЕКШІ ЭТИКАСЫМЕН ТАНЫСУҒА ДАЙЫНДЫҚ

Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы деп бекер айтылмаса керек, кім болсада ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді.

Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмасфере тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанын сендіре білу, көңіл-күйін айтқызбай ақ түсіну, деркезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние.

Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. Ұстаз деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін-мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайымда кішіпейіл,бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғарғы саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет.

Мұғалім мен оқушы арасындағы қатынастар алуан түрлі болып келеді. Сондықтан мұғалім оқушыға қатынасын әр уақытта да өзгертіп отыруы тиіс. Бір жағдайда қатаң талап қоюы, екінші жағдайда тілек өтініш ретінде болып келуі, үшінші бір жағдайда сендіру мен көз жеткізу, мойындату, төртінші бір жағдайда үгіттеу, ақыл кеңес беру, бесінші бір жағдайда түсіндіру, жәрдемдесу, қамқорлық жасауы, алтыншы бір жағдайда ұялту, бетіне басу не ұрсу керек болатын жағдайлар кездессе, жетінші бір жағдай мақтау немесе жазалау жұмысына ұласады.

Мұғалім өне бойы өзін сергек, көңілді ұстау керек. Балаға сіздің шаршағаныңыз, көңіл-күйіңіздің жоқтығы сезіліп отырады. Сол сияқты мұғалім оқушының ата-анасы, туыстарымен нашар қарым-қатынасының, өкпе –арызының есесін оқушыдан қайтаруға әдеттену педагогикалық этикаға жатпайды.

Педагог бала үшін жақсы да үлгілі өнеге беруі тиіс. Мейірімі мол адамның келбетінің өзі кез келген оқушыны еріксіз бас идіреді, оған шабыт бере отырып, батылдық, адалдық, шыншылдық, қарапайымдылық және игілік арқалаған ұлағатты нәрселерімен еліктіре түседі. Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақыт та қонбайды. Ал біз педагог болғандықтан біздің білім, тәрбие беріп отырған оқушыларымыз саналы, тәрбиелі болып өссе деп тілейміз.



4ЖАЗҒЫ БАЛАЛАР ЛАГЕРІНДЕГІ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАРМЕН ТАНЫСУ



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет