Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Білім беру ұйымының педагог-ассистенті



бет22/91
Дата14.02.2023
өлшемі150,25 Kb.
#67875
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   91
11-параграф. Білім беру ұйымының педагог-ассистенті

80. Лауазымдық міндеттері:


психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;


балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады;


білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;


оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;


ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды;


белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.


81. Білуге тиіс:


Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Бала құқықтары туралы конвенцияны", Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін;;


ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және мазмұны бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдар;


педагогикалық этиканың нормалары;


еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.


82. Біліктілікке қойылатын талаптар:


жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;


және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;


және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.


83. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:


1) "педагог":


эмоционалды-еріктік саласы, Зерде, көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушыларға ұйымдасқан оқу және түзету-дамыту қызметінің барлық түрлерінде орын ауыстыру, өзіне-өзі қызмет көрсету кезінде ілесіп жүру керек;


әр түрлі нанымдар мен көзқарастарға төзімділік, білім беру процесіне қатысушылардың мәдени алуан түрлілігіне ашықтық таныту және инклюзивті білім беруді, оның ішінде қоғамның ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарға толерантты көзқарасын насихаттауды жүзеге асыру;


2) "педагог-модератор":


"педагог" біліктілігіне ұсынылатын кәсіби құзыреттіліктері, сондай-ақ:


дамуындағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың заманауи әдістерін білу;


мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысының болуы;


тәрбиешінің басшылығымен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі – ПМПК), консилиумның ұсынымдарын орындау және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;


3) "педагог-сарапшы":


"педагог-модератор" біліктілігіне ұсынылатын кәсіби құзыреттіліктері, сондай-ақ:


дамуындағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың заманауи әдістерін білу;


білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысының болуы;


мұғалімнің басшылығымен ПМПК, мектеп консилиумының ұсынымдарын орындау және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;


дамуындағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістерін қолдану, психологиялық-педагогикалық тексеру нәтижелерін жүргізу және талдау;


білім алушылардың білім алу қажеттіліктеріне байланысты білім беру бағдарламаларын бейімдеудің, жеке-дамытушы (мінез-құлық) бағдарламаларды әзірлеу мен іске асырудың кәсіби құзыреттеріне ие болу;


ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу, дамыту және оқыту мәселелері бойынша консультация беру;


4) "педагог-зерттеуші":


"педагог-сарапшы" біліктілігіне ұсынылатын кәсіби құзыреттері, сондай-ақ:


дамуындағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың заманауи әдістерін білу;


мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысының болуы;


тәрбиешінің басшылығымен ПМПК, консилиум ұсынымдарын орындау және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру.


ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен технологиялары бойынша кәсіби құзыреттілікке ие болу;


мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагог-ассистенттің жұмысын үйлестіру дағдысының болуы (жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру, ұйымдастырылған қызметтің барлық түрлерінде түзету-дамыту қолдауын көрсету бойынша);


педагог-ассистенттер қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу;


инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, консультациялық, әдістемелік қызметті жүзеге асыру, жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын сынақтан өткізу бойынша жұмысты жүргізу;


барлық деңгейдегі инклюзивті білім берудің озық тәжірибесін зерделеу және енгізу;


5) "педагог-шебер":


"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:


ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен технологиялары бойынша кәсіби құзыреттілікке ие болу;


педагог-ассистенттер қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу;


инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, консультациялық, әдістемелік қызметті жүзеге асыру, жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын сынақтан өткізу бойынша жұмысты жүргізу;


барлық деңгейдегі инклюзивті білім берудің озық тәжірибесін зерделеу және енгізу;


облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет